Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.31.12 № 1467 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген
қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1467 қаулысы

 

Осы редакция 2006 ж. 7 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1467 қаулысымен

бекiтілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және

мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесi (бұдан әрi Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын есепке алу мемлекеттік функцияларды орындау үшiн мониторингтi жүзеге асыру және мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген борышты басқару мақсатында жүргiзіледi.

Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың есебiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алуды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк);

Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - жергілiктi атқарушы органдар) тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздары (бұдан әрi - мемлекеттік қарыздар);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку