Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 25 СӘУРДЕГІ № 404 ҚАУЛЫСЫ

Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы
қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 404 қаулысы

(2005.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2006 ж. 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру мен республикалық бюджеттің кіріс бөлігін толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 19.08.03 ж. № 828 (бұрынғы ред. қара) ; 30.09.03 ж. № 1002;29.05.04 ж. № 599; 11.08.04 ж. № 840 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дамудың орташа мерзімді жоспарларына сәйкес акцияларға, оның ішінде акциялардың мемлекеттік пакетінде дивидендтердің есептелуін жүзеге асырады және оларды акционерлерге, оның ішінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы анықтайтын мерзімдерде, не бірден бір акционер ретінде шешім қабылдау құқығы бар мемлекеттік органның шешімімен республикалық бюджетке аударады;

ҚР Үкіметінің 2005.15.11. № 1127 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді

2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетiлген стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншiктегi акционерлік қоғам мен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетiлген мерзiмдi баспасөз басылымдарын, теле-, радиобағдарламаларды шығаруды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы немесе бақылау пакетi республикалық меншiктегi акционерлік қоғамдар таза кiрiстiң 10 (он) пайызын дивидендтердi төлеуге жұмсайды;

2-1) Ауыл кредит серіктестіктеріне кредит беруді жүзеге асыратын және ауыл кредит серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысатын акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамы резервтік капитал толық қалыптасқанға дейін қоғамның жарғылық капиталынан 10 пайыз мөлшерде акциялардың мемлекеттік пакеті бойынша дивидендтерді төлеуден босатылады;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку