(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 06.09.01 Ж. № 1154 ҚАУЛЫСЫ
Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі № 1154 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
(Бұр. редакциялардықара)
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Тоқаев |
Үкіметінің
2001 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 1154 қаулысымен
бекітілген
Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының ережелерiне сәйкес әзiрлендi.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесi (бұдан әрi Ереже) қоршаған ортаны ластауға рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) беру әрi оны ресiмдеу тәртібін анықтайды және арнайы табиғат пайдалану тәртібімен табиғат пайдалануды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қойылатын жалпы талаптарды қамтиды.
2. Рұқсат бастапқы құжат болып табылады және табиғат пайдаланушылар тегiн алатын қоршаған ортаны ластауға уақытша құқықтар берудi көздейдi.
Рұқсатта табиғат пайдалану шарттары тек ластағыш заттар көлемiн нормалау және қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер бөлiгiнде көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1104 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа