(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 29.10.04 Ж. № 1124 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі Фармация
комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
2) Комитеттің құрылымы;
3) Комитеттiң аумақтық бөлімшелерінің тiзбесi бекiтілсiн.
2. Комитеттiң төрағасына бір орынбасары болуға рұқсат берiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 22 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 8-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
|
| Д.К. Ахметов |
Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1124 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң
Фармация комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң құзыретi шегiнде бақылау-қадағалау және iске асыру функцияларын, сондай-ақ дәрілік заттар айналымы саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң ведомствосы болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа