(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 21.12.98 Ж. № 1304 ҚАУЛЫСЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы
бағдарламасы мен Азия және тынық мұхит инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі
Жаңа-Дели іс-қимыл жоспары жөніндегі Ұлттық семинардың шеңберінде көлік
инфрақұрылымдарын дамыту мен шекаралардан өтуді оңайлатудың
кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 ж. 21 желтоқсандағы № 1304 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 16.08.01 ж. № 1072; 17.01.03 ж. № 31;
07.11.03 ж. № 1108; 31.12.04 ж. № 1463 қаулыларымен енгізілген
өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 21 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1998 жылғы 26 наурызда қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы туралы Ташкент декларациясының қағидаларын іске асыру және халықаралық ұйымдармен инфрақұрылымдар саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының қазақстандық бөлігінің құрамы бекітілсін (1-қосымша).
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының бірінші мәжілісін өткізуге байланысты шығыстарды жабуға қаржы қаражатын бөлсін (2-қосымша).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 1304 қаулысымен
бекітілген
БҰҰ-ның Орталық Азияның экономикаларына арналған
Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік
инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан
Редакция документа
Демо – версия документа