Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.19.07. № 745 ҚАУЛЫСЫ

Екiншi деңгейдегі банктердiң студенттерге берген кредиттерiне
"Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепiлдiк беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 Қаулысы

 

Осы редакция  2006 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Екiншi деңгейдегi банктердiң студенттерге берген кредиттерiне "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепiлдiк беру ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметінің

2005 жылғы 19 шілдедегі

№ 746 қаулысымен

бекітілген

 

Екінші деңгейдегі банктердiң студенттерге берген кредиттеріне

"Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепілдiк беру

Ережесi

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Екiншi деңгейдегi банктердiң студенттерге берген кредиттерiне "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының кепiлдiк беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Мемлекет Басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауына сәйкес әзiрлендi және екiншi деңгейдегі банктердiң студенттерге беретiн кредиттерiне (бұдан әрi - кредит) "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қаржы орталығы) кепiлдiк беру тәртібін реттейдi.

2. Ереже кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын төмендетуге, жоғары білімге қол жеткізудi қамтамасыз етуге, кредит шарттары бойынша қарыз алушылардың мiндеттемелердi орындамауына байланысты кредиторлардың тәуекелiн төмендетуге, берілетiн кредиттер көлемiн ұлғайту үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастыруға, қарыз алушылар ауқымын кеңейтуге мүмкiндiк беретiн жүйенi құру мақсатында әзiрлендi.

3. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку