(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2005 Ж. 22 ҚАРАШАДАҒЫ № 88-III ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Заңы
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы»
Осы редакция 2006 ж. 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды іске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2005.09.12. № 1228 Қаулысын қара
1-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсiн:
1) кiрiстер - 1 468 225 079 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 1 302 870 000 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 37 692 594 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 8 185 895 мың теңге;
ресми трансферттердiң түсiмдерi - 119 476 590 мың теңге;
2) шығындар - 1 476 210 603 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -7 985 524 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 16 578 146 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер - 38 193 533 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 21 615 387 мың теңге;
5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 89 200 554 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 91 200 554 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсімдер -
2 000 000 мың теңге;
6) тапшылық - 113 764 224 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiмiнiң 1,4 процентi;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 113 764 224 мың теңге.
2-бап. 2006 жылға арналған республикалық бюджетте мынадай түсiмдер көзделсiн:
"Байқоңыр" кешенiн Ресей Федерациясының пайдаланғаны үшiн
14 605 000 мың теңге сомасында жалдау ақысы;
Әскери полигондарды Ресей Федерациясының пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттiң кiрiстерiнде көрсетiлетiн 3 492 500 мың теңге сомасындағы жалдау ақысы, оның:
Редакция документа
Демо – версия документа