(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005 ЖЫЛҒЫ 5 ШІЛДЕДЕГІ № 692 ҚАУЛЫСЫ
“Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесін және лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі № 692 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 14 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы және "Дәрілік заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
1) Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесі;
2) фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2005 жылғы 5 шілдедегі
№ 692 қаулысымен
бекітілген
Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы және "Дәрілік заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Ереже фармацевтикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар беру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
3. Лицензиялауға фармацевтикалық қызметтің мынадай түрлері жатады:
1) дәрілік заттарды өндіру;
2) дәрілік заттарды дайындау;
3) дәрілік заттарды көтерме саудада сату;
4) дәрілік заттарды бөлшек саудада сату.
4. Фармацевтикалық қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға лицензияны мемлекеттік орган (бұдан әрі - лицензиар) береді.
5. Фармацевтикалық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін дәрілік заттар айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа