Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 332 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 332 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері арнайы әскерлерінің ұйымдық құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Жаркент гарнизонының әскери полиция бөлімшесі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері:

1) «Приозерск гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімшесі» «Приозерск гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі»;

2) «Балқаш гарнизонының (3-разрядты) әскери полиция бөлімі» «Балқаш гарнизонының әскери полиция бөлімшесі»;

3) «Ақтөбе гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлімі» «Ақтөбе гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі» болып қайта ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері:

1) «Георгиевка гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімшесі»;

2) «Павлодар гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімшесі»;

3) «Петропавл гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімшесі» таратылсын.

4. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 84 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 5, 42-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

3), 14) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«3) «Ақтөбе гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі»;

14) «Балқаш гарнизонының әскери полиция бөлімшесі»;

21) «Приозерск гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі;»;

17), 19) және 20) тармақшалар алынып тасталсын.

5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку