(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 11.06.03 Ж. № 565 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке
(заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiріне (сәйкестендiру нөмiріне
(бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 565 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.01.04 ж. № 13; 27.08.04 ж. № 902; 2005.01.03. № 188 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 14 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау және Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне көшу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 қаулысымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі жоспарда айқындалған iс-шараларды Iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiне есептi жарты жылдан кейiнгі айдың 10-күнiнен кешiктiрмей жарты жылдың қорытындылары бойынша олардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 қаулысымен 3-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiне Қазақстан Республикасының Үкіметіне есептi жарты жылдан кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Mыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И.Тасмағамбетов |
Үкіметінiң
2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 565 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа