(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 29.10.04 Ж. № 1126 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты
қорғауды бақылау комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1126 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің Табиғатты қорғауды бақылау комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң құрылымы бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетiнiң төрағасына екi, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуға рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1126 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң
Табиғатты қорғауды бақылау комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Табиғатты қорғауды бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласында мемлекеттік бақылау мен бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкілеттiк берiлген мемлекеттік орган болып табылады.
Комитеттiң негiзгi мiндетi экологиялық қауiпсiз ортаны құру болып табылады.
Комитеттiң, оның құзыретi шегiнде қабылданған шешiмдерi барлық мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар және ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
Редакция документа
Демо – версия документа