(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 08.12.04 Ж. № 1286 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі
iс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 9 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі Iс-шаралар жоспары) бекiтілсiн.
2. Орталық және жергіліктi атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдардың басшылары (келісім бойынша):
1) Iс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларына бір ай мерзімде ақпараттандыру жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларды әзірлеу және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне қарауға енгізу ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1286 қаулысына
қосымша
Редакция документа
Демо – версия документа