(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.26.04 № 472 ҚАУЛЫСЫ
«Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді
жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 472 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 28 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4253 Жарлығымен бекітілген "Халықтың денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасында көзделген бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру және ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін одан әрі арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандарты бекітілсін.
2. Облыстардың әкімдері белгіленген тәртіппен:
ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандартын іске асыруды қамтамасыз етсін;
1999 жылдың 1 қазанына дейін мерзімде жұмыс істеп тұрған фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік пункттерді ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандартымен белгіленген нормативке жеткізу арқылы төлқұжаттандыруды жүргізсін.
3. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында облыстардың әкімдеріне аудан әкімдері аппараттарының құрылымында денсаулық сақтау бөлімдерін көздеу ұсынылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғынбаев |
Үкіметінің 1999 жылғы
26 сәуірдегі
№ 472 қаулысымен
Бекітілген
Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың
ең төменгі мемлекеттік стандарты
Редакция документа
Демо – версия документа