(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 19.07.01 Ж. № 976 ҚАУЛЫСЫ
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2001 ж. 19 шілдедегі № 976 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.01.02 ж. № 98 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 29 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Yкіметінің
қаулысы
2001 жылғы 19 шілдедегі
№ 976 қаулысымен
бекітілген
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың осы ережесi (бұдан әрi - ереже) "Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Олардың үлгiсi (жоғары оқу орны) және түрi (институт, академия, университет) бойынша мәртебесiн мемлекеттің тануы мақсатында, түлектерге білімi туралы мемлекеттік үлгідегi құжатты беру құқығы бар білім беру бағдарламаларының тiзбесi белгіленiп білім беру қызметiн жүргiзу құқығы берiлген лицензиясына сәйкес кәсіптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім берудiң бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдары (бұдан әрi - білім беру ұйымдары) мемлекеттік аккредитациядан (бұдан әрi - аккредитация) өтедi.
3. Қазақстан Республикасының аумағына құрылған халықаралық және шетелдiк білiм беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына қойылатын шарттар және тәртiппен мемлекеттік аккредитациядан өтедi.
Редакция документа
Демо – версия документа