(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 22.01.99 Ж. № 29 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі
оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы
(2005 ж.30 маусымға берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 13 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 15.07.99 ж. № 171; 2005.21.04. № 1557 Жарлықтарымен 1-тармақ өзгерді
1. Республикалық бюджет есебінен қамтылған мемлекеттік органдардың штат саны 1-4-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдардың босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер беріледі деп белгіленсін.
3. Қосымшаларда аталған мемлекеттік органдар өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29
1-қосымша
ҚР Президентінің 04.02.00 ж. № 331; 12.10.00 ж. № 471; 20.12.00 ж. № 517; 31.01.01 ж. № 544; 13.11.01 ж. № 720; 21.03.02 ж. № 825; 05.08.02 ж. № 916; 29.08.02 ж. № 939; 10.12.02 ж. № 992; 23.03.04 ж. № 1317; 14.05.04 ж. № 1367; 05.07.04 ж. № 1400; 02.08.04 ж. № 1413 ; 2005.30.06 № 1598 (бұр. ред. қара) Жарлықтарымен 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының республикалық бюджет есебінен
қамтылған жекелеген мемлекеттік органдарының штат саны
Саны Барлығы |
Редакция документа
Демо – версия документа