(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Cоғыс жағдайы туралы Қазақстан Республикасының
2003 ж. 5 наурыздағы № 391-II Заңы
Осы редакция 2005 ж. 8 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар)
2-тарау. Соғыс жағдайы режимі қамтамасыз ету (6-8 баптар)
3-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің, үкіметінің (9-10 баптар)
соғыс жағдайы кезеңіндегі өкілеттіктері
4-тарау. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы (11 бап)
кезеңіндегі қызметі
5-тарау. Азаматтардың және басқа да адамдардың, ұйымдардың (12-14 баптар)
соғыс жағдайы кезеңіндегі міндеттері
6-тарау. Қорытынды ережелер (15-17 баптар)
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының , Қазакстан Республикасынын аумағында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардын (бұдан әрі азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттік органдардың, әскери басқару органдарының және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрі ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңіндегі құқықтық қатынастарын реттейді.
Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңімен шектеледі.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) агрессия- шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтык қол сұғылмау-шылығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы.
Редакция документа
Демо – версия документа