Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.25.09. № 1449 ҚАУЛЫСЫ

“Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы
табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін
құру туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1449 қаулысы

 

Осы редакция 2005 ж. 1 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесіп 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде Сандық геоақпараттық жүйелер негізiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінiң бiрыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесiн (бұдан әрi - Бiрыңғай кадастрлар жүйесi) құрсын.

2. Қоса берiліп отырған Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiндегі Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң бiрыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесiн құру және жүргiзу ережесi бекітілсiн.

3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi 2001 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Бiрыңғай кадастрлар жүйесiн құру және жүргiзу жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған Техникалық құжаттаманы, сондай-ақ Бiрыңғай кадастрлар жүйесiне енгізу үшiн деректер тiзбесiн әзiрлесiн және бекiтсiн.

4. Бiрыңғай кадастрлар жүйесiн құру жөніндегі iс-шараларды және Бiрыңғай кадастрлар жүйесiн құру және жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған Техникалық құжаттаманы әзiрлеудi қаржыландыру 2000 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебінен және шегiнде жүзеге асырылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Қ. Тоқаев

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку