Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк
қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

 

Осы редакция  ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 қаулысымен   енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің (бұдан әрi - Министрлiк) өз құзыретiнің шегiнде құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

Комитеттiң негiзгi мiндетi құқықтық көмектi, құқықтық түсiндiру жұмыстарын және халыққа заңгерлiк қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты iске асыру болып табылады.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесiмдерiне, осы Ережеге және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Комитеттiң егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттілiк берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.

4. Комитет өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.

5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметі бекiтедi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку