Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 мамырдағы № 484 Қаулысы

“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 мамырдағы № 484 Қаулысы

 

 

 

"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) 1-тармақта:

"1 128 444 762" деген сандар "1 230 826 352" деген сандармен ауыстырылсын;

"984 195 003" деген сандар "1 090 664 073" деген сандармен ауыстырылсын;

"36 992 617" деген сандар "36 624 437" деген сандармен ауыстырылсын;

"12 248 627" деген сандар "8 529 327" деген сандармен ауыстырылсын;

"1 089 469 412" деген сандар "1 196 359 917" деген сандармен ауыстырылсын;

"38 975 350" деген сандар "34 466 435" деген сандармен ауыстырылсын;

"54 090 076" деген сандар "48 002 548" деген сандармен ауыстырылсын;

"64 512 908" деген сандар "60 459 925" деген сандармен ауыстырылсын;

"10 422 832" деген сандар "12 457 377" деген сандармен ауыстырылсын;

"86 296 814" деген сандар "100 228 111" деген сандармен ауыстырылсын;

"88 296 814" деген сандар "102 228 111" деген сандармен ауыстырылсын;

"101 411 540" деген сандар "113 764 224" деген сандармен ауыстырылсын;

"220 007 494" деген сандар "216 512 640" деген сандармен ауыстырылсын;

"118 595 954" деген сандар "115 101 099" деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 12 352 683 мың теңге.";

2) мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

"8-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесiп, 2005 жылғы 23 мамырға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:

1) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде кәсiптiк орта оқу орындарында оқитын студенттер стипендияларының мөлшерiн ұлғайтуға;

2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде кәсiптiк орта оқу орындарында оқитындарға жол жүруге өтемақыларды төлеуге көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және пайдалану тәртібі туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.";

3) көрсетiлген қаулыға 4-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) және iшкi бағыттардағы темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомаларын бөлу";

4) құпия;

5) көрсетiлген қаулыға 1, 2 және 7-қосымшалар осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.

3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 20 мамырдағы

№ 484 қаулысына

1-ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 1289 қаулысына

1-ҚОСЫМША

 

2005 жылға арналған республикалық бюджет

 

___________________________________________________________________
Санаты                     Атауы                         Сомасы,
  Сыныбы                                                мың теңге
    Ішкi сыныбы
       Ерекшелiгi
___________________________________________________________________
   1                         2                              3
___________________________________________________________________
         І. Кірістер                                 1230826352
1         Салықтық түсiмдер                             1090664073
  01     Табыс салығы                                  514856479
    1     Корпорациялық табыс салығы                     514856479
      01  Резидент заңды тұлғалардан алынатын
          корпоративтiк табыс салығы                     328726549
      02  Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын        43888400
          корпоративтiк табыс салығы
      03  Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем       5038800
          көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы
      04  Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын,       30158100
          төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс
          салығы
      05  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген    79827320
          тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдары - заңды
          тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
          салығы
      06  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген     3686310
          тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
          төлем көзiнен ұсталатын, резидент заңды
          тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
          салығы
      07  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген    23531000
          тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
          төлем көзiнен ұсталатын, резидент емес заңды
          тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
          салығы
  05     Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер      511784834
         көрсетуге салынатын iшкi салықтар
    1     Қосылған құн салығы                            292831666
      01  Қазақстан Республикасының аумағында            54965168
          өндiрiлген тауарларға, орындалған
          жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге
          салынатын қосылған құн салығы
      02  Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын     137778141
          және импортталатын тауарларға салынатын
          қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан
          Республикасының аумағына импортталатын
          тауарларға салынатын қосылған құн салығы
      04  Резидент емес үшiн қосылған құн салығы          20329583
      05  Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын      78514074
          және импортталатын тауарларға салынатын
          қосылған құн салығы
      06  Ресей Федерациясы аумағынан шығарылатын және     1203625
          импортталатын тауарларға салынатын қосылған
          құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасы
          аумағына импортталатын тауарлардың кедендiк
          құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесінде
          жете есептелген қосылған құн салығы
      07  Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын         41075
          және импортталатын тауарлардың кедендiк
          құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
          нәтижесiнде жете есептелген қосылған құн салығы
   2      Акциздер                                         9260692
      14  Қазақстан Республикасының аймағына импортта-          51
          латын этил спиртінің көлемдік үлесі 12
          процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді
          ішімдіктер
      15  Қазақстан Республикасының аймағына импортта-           6
          латын шарап ішімдіктер
      29  Қазақстан Республикасының аумағына өндірілген
          шикі мұнай, газ конденсаты                        401065
      41  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-       60199
          латын спирттiң барлық түрi
      42  Қазақстан Республикасының аумағына                400000
          импортталатын арақ
      43  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-       80000
          латын күшті ликер-арақ өнімдері және басқа да
          күштi алкогольді сусындар
      44  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-       86816
          латын шараптар
      45  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-       50000
          латын коньяк
      46  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-        3990
          латын шампан шараптары
      47  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-     1713064
          латын сыра
      48  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-        5067
          латын, градусы аз ликер-арақ бұйымдары және
          этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30
          процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді
          ішімдіктер
      50  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-      275316
          латын темекi бұйымдары
      55  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-     2720899
          латын жеңiл автомобильдер (мүгедектерге
          арнайы арналған, қолмен басқарылатын
          автомобильдерден басқа)
      60  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-     3447030
          латын бензин (авиациялықты қоспағанда)
      70  Қазақстан Республикасының аумағына импортта-       17189
          латын тауарлардың кедендік құнына тәуелсіз
          сараптама жүргізу нәтижесінде жете есептелген
          акциздер
    3     Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны     209156867
          үшін түсетiн түсiмдер
      01  Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон     3683913
          байланысын көрсеткені үшін төлем
      02  Үстеме пайда салығы                             34234629
      05  Бонустар                                        15168877
      06  Роялти                                         122268191
      07  Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына    1774800
          салынатын рента салығы
      08  Жасалған келісім-шарттар бойынша өнiмді          1448305
          бөлгендегі Қазақстан Республикасының үлесi
      09  Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлем      700000
      10  Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны            9906
          үшiн төлем
      11  Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем        304082
      13  Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын         31541
          табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
      26  Шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан          16141453
          Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе
          бойынша заңды тұлғалардан) түсетiн роялти
      28  Шикiзат секторы ұйымдарының (Қазақстан          13391170
          Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе
          бойынша заңды тұлғалардың) жасалған
          келісімшарттар бойынша өнiмді бөлгендегі
          Қазақстан Республикасының үлесі
    4     Кәсiпкерлік және кәсiби қызметтi жүргiзгенi      535609
          үшiн алынатын алымдар
      06  Жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік           364907
          автомобиль жолдары автокөлік құралдарының
          өтуіне алымнан басқа автокөлік құралдарының
          Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
          өткені үшін алым
      12  Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары            80851
          жиiлiктi қондырғыларды мемлекеттік тіркеу
          үшiн алым
      13  Телевизиялық және радио хабарын тарататын          22300
          ұйымдарға радиожиiлiк өрісін пайдалануға
          рұқсат бергені үшін алым
      15  Теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелердi            9369
          мемлекеттік тiркегені үшiн алым
      16  Дәрi-дәрмектердi мемлекеттік тiркеу үшiн           20144
          алым
      19  Республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы       38038
          автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде
          сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны
          үшiн төлем
  06     Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға  58121025
          салынатын салықтар
    1     Кеден төлемдерi                                 49933038
      01  Кеден бажының бірыңғай ставкасын қолданумен     42774946
          жеке тұлғалардан өндіріп алынатын әкелінетін
          тауарларға салынатын кеден баждарын қоспағанда,
          әкелiнетiн тауарларға салынатын кеден баждары
      02  Әкетiлетiн тауарларға салынатын кеден баждары    6080438
      03  Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнына            717600
          тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
          есептелген кедендiк баждар
      04  Кеден бажының бірыңғай ставкасын енгізу            60054
          нәтижесінде жеке тұлғалардан өндіріп алынатын
          әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждары
      05  Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден     300000
          аумағына оңайлатылған тәртіппен әкелінетін
          тауарларға жиынтық кедендік төлем
    2     Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын    8187987
          басқа да салықтар
      01  Кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді      8187987
          жүзеге асырудан түсетін түсімдер
  07     Басқа да салықтар                               96513
    1     Басқа да салықтар                                  96513
      09  Республикалық бюджетке түсетiн басқа да            96513
          салық түсiмдері
  08     Заңдық мәндi іс-әрекеттердi жасағаны        5805222
         және (немесе) құжаттар бергенi үшiн
         оған уәкiлеттiгi бар мемлекеттік
         органдар немесе лауазымды адамдар алатын
         мiндеттi төлемдер
    1     Мемлекеттік баж                                  5805222
      01  Консулдық алым                                   1577947
      03  Мемлекеттік нотариалдық кеңселер нотариуста-       36526
          рының нотариалдық іс-әрекет жасағаны үшін
          алынатын мемлекеттік баж
      11  Қазақстан Республикасының азаматтарының          1754693
          паспорттары мен және куәліктерін бергені үшін
          алынатын мемлекеттік баж
      13  Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық         6396
          шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында
          жасалған ресми құжаттарда мемлекеттік органдар-
          дың апостиль қойғаны үшiн алынатын мемлекеттік баж
      14  Жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинисттің         397146
          куәлігін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж
      15  Механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу   679623
          туралы куәлік берген үшін алынатын мемлекеттік
          баж
      16  Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені     1352891
          үшін алынатын мемлекеттік баж
2         Салықтық емес түсiмдер                          36624437
  01     Мемлекеттік меншiгінен түсетiн түсімдер     28168438
    1     Мемлекеттік кәсiпорынның таза кірісі              628000
          бөлігіндегі түсімдер
      01  Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың         628000
          таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері
    3     Мемлекет меншiгіндегі акциялардың мемлекет-      4775500
          тiк пакетiне дивидендтер
      01  Республика меншігіндегі акциялардың мемлекет-    4775500
          тік пакетiне дивидендтер
    5     Мемлекет меншiгіндегі мүлiктi жалға беруден     18795000
          түсетiн кiрiстер
      01  Республика меншігіндегі мүлікті жалға алудан      270000
          түсетін кiрiстер
      02  Әскери полигондарды пайдаланғаны үшін            3575000
          жалгерлік төлемнен түсетін түсімдер
      03  "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшiн жалгер-    14950000
          лік төлемнен түсетiн түсiмдер
    6     Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны    801615
          үшiн сыйақылар (мүдделер)
      01  Қазақстан Республикасы Үкiметінiң Қазақстан       800000
          Республикасы Ұлттық банкіндегі депозиттерi
          бойынша сыйақылар (мүдделер)
      03  Екiнші деңгейдегі банктер шоттарында мемлекет-      1615
          тiк сыртқы қарыздар қаражатын орналастырғаны
          үшiн сыйақылар (мүдделер)
    7     Мемлекеттік бюджеттен берiлген кредиттер         1549417
          бойынша сыйақылар (мүдделер)
      01  Облыстардың, республикалық маңызы бар қала-      149663
          лардың, астананың жергілiктi атқарушы орган-
          дарына iшкi көздер есебiнен республикалық
          бюджеттен берiлетін бюджеттік кредиттер
          бойынша сыйақылар (мүдделер)
      02  Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар-    186783
          дың, астананың жергіліктi атқарушы органдарына
          үкіметтiк сыртқы қағаздар қаражаты есебiнен
          республикалық бюджеттен берiлген бюджеттік
          кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)
      04  Қарыз алушы банктерге ішкi көздер есебiнен        489941
          республикалық бюджеттен берiлген бюджеттік
          кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)
      05  Қарыз алушы банктерге үкiметтiк сыртқы            243563
          қарыздар қаражаты есебiнен республикалық
          бюджеттен берiлген бюджеттік кредиттер
          бойынша сыйақылар (мүдделep)
      10  Заңды тұлғаларға үкiметтiк сыртқы қарыздар        146590
          қаражаты есебiнен республикалық бюджеттен
          2005 жылға дейiн берiлген бюджеттік
          кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)
      12  Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен             8445
          берiлген бюджеттік кредиттер бойынша
          сыйақылар (мүдделер)
      14  Шетелдiк мемлекеттерге берiлген бюджеттік         180169
          кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)
      15  Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша Қазақстан         144263
          Республикасының Үкiметі төлеген талаптар
          бойынша сыйақылар (мүдделер)
    9     Мемлекеттік меншiктен түсетiн өзге де кiрiстер   1618906
      01  Ауыл шаруашылық және орман алқаптарын ауыл        552852
          және орман шаруашылықтарын жүргізуге
          байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн
          алған кезде ауыл шаруашылығы және орман
          шаруашылығы өндiрiстерiнiң зияндарын өтеуден
          түсетiн түсiмдер
      03  Жер қойнауы туралы ақпараттың пайдалануға         186595
          берiлгенi үшiн ақы
      05  Қару-жарақты және әскери техниканы сатудан        700000
          түсетін кiрiстер
      06  Тәркiленген мүлiкті, белгіленген тәртiппен        179459
          республикалық меншiкке өтеусiз өткен мүлiктi,
          оның iшiнде кедендiк бас тарту режимiнде
          мемлекеттің пайдасына ресiмделген тауарлар
          мен көлiк құралдарын сатудан түсетiн түсiмдер
  02      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын      3886828
          мемлекеттік мекемелердiң тауарларды
          (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi)
          өткiзуiнен түсетiн түсiмдер
    1     Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын          3886828
          мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстар-
          ды, қызметтер көрсетудi) өткiзуiнен
          түсетiн түсiмдер
      01  Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын        3886828
          мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды,
          қызметтерді) сатудан түсетiн түсiмдер
  03      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын        87536
          мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемле-
          кеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша
          түсiмдерi
    1     Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемле-     87536
          кеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік
          сатып алу өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi
      01  Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын          87536
          мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекет-
          тiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақшаның түсiмi
  04      Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын,     1773513
          сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық
          Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан)
          ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекет-
          тiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұл-
          дар, санкциялар, өндiрiп алулар
    1     Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын,         1773513
          сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi-
          нiң бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын
          және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
          салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар,
          өндiрiп алулар
      01  Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық   1213394
          бөлiмшелерi салатын әкiмшiлiк айыппұлдар,
          өсімпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар
      02  Казино, тотализаторлар және ойын бизнесі           16000
          қызметiнен алынған кiрiстердi қоспағанда,
          оған қатысты лицензиялық тарап белгіленген
          лицензиясыз қызметтен түскен кірiстердi
          алудан түсiм
      03  Атқарушылық санкция                               117866
      07  Жеке кәсiпкерлердiң мемлекеттік тіркеусіз            120
          қызметінен алынған кiрістердің түсуi
      08  Монополияға қарсы заңдарды бұзу нәтижесiнде        66517
          алынған кiрiстер
      09  Заңсыз алынған мүлiктi еркімен тапсырудан            220
          немесе өндiрiп алудан немесе мемлекеттік
          функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген
          тұлғаларға немесе оларға теңестірiлген
          тұлғаларға заңсыз көрсетiлген қызметтердiң
          құнынан алынатын сомалардың түсiмi
      10  Табиғатты пайдаланушылардан келтірілген зиянның   203862
          орнын толтыру туралы талаптар бойынша алынған
          қаражат, аңшылықты және балық аулаудың
          тәркіленген құралдарын, заңсыз олжаланған
          өнімдерді сатудан түскен қаражат
      11  Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың         131320
          тамақтың, заттай мүлiктiң және коммуналдық-
          тұрмыстық, емдеу-алдын алу қызметтерiнiң құнын,
          мемлекетке, түзеу мекемесiне келтiрiлген
          залалды, қашып кетуге жол бермеуге байланысты
          қосымша шығындарды өтеуi
      13  Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын          24214
          мемлекеттік мекемелер салатын басқа да айыппұл-
          дар, өсімпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар
  05      Гранттар                                         787172
    2     Қаржылық көмек                                    787172
      01  Орталық мемлекеттік органдар тартатын гранттар    787172
  06      Басқа да салықтық емес түсiмдер               1920950
    1     Басқа да салықтық емес түсiмдер                  1920950
      02  Қосымша және үстеме баждарды бөлу кезіндегі        31258
          Қазақстан Республикасының үлесi
      04  Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын         164602
          мемлекеттік мекемелердiң дебиторлық, депоненттiк
          берешегiнiң түсуi
      06  Бұрын республикалық бюджеттен алынған, пайдала-   132436
          нылмаған қаражаттардың қайтарылуы
      08  Республикалық бюджетке түсетiн салыққа жатпай-   1592654
          тын басқа да түсiмдер
3         Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер       8529327
  01      Мемлекеттік мекемелерге бекітілген             55222
          мемлекеттік мүлiктi сату
    1     Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекет-       55222
          тiк мүлiктi сату
      01  Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын          55222
          мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлiктi
          сатудан түсетiн түсiмдер
  02     Мемлекеттік материалдық резервтегi тауар-    8474073
          ларды сату
    1     Мемлекеттік материалдық резервтегi тауарларды    8474073
          сату
      03  Мемлекеттік ресурстардан астық сатудан түсетiн   6208382
          түсiмдер
      04  Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын   2265691
          сатудан түсетiн түсiмдер
  03      Жердi және материалдық емес активтерді сату       32
    2     Материалдық емес активтердi сату                      32
      01  Материалдық емес активтердi сату                      32
4         Ресми трансферттерден түсетiн түсiмдер          95008515
  01      Төмен тұрған мемлекеттік басқару органда-   95008515
          рынан алынатын трансферттер
    1     Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы       95008515
          қалаларының бюджеттерiнен алынатын трансферттер
      03  Ақтөбе облысының облыстық бюджетінен алынатын    1371334
          бюджеттік алу
      04  Атырау облысының облыстық бюджетінен алынатын   28989102
          бюджеттік алу
      05  Маңғыстау облысының облыстық бюджетінен         15989138
          алынатын бюджеттік алу
      06  Алматы қаласының бюджетінен алынатын            45357967
          бюджеттік алу
      07  Астана қаласының бюджетінен алынатын             3300974
          бюджеттік алу
____________________________________________________________________

Укажите название закладки

Создать новую папку