(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
1996 ж. 15 шiлдедегi № 29-I Қазақстан Республикасының Заңы
(24.12.01 ж. № 276-11; 08.05.03 ж. № 414-11; 10.06.03 ж. № 433-11;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 15 сәуірдегі № 45-III Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1 тарау Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2 тарау Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету (5 - 11 баптар)
саласындағы мемлекеттік басқару жүйесi
3 тарау Жол жүрiсiн ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн (12 - 25 баптар)
қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар
4 тарау Қорытынды ережелер (26 - 28 баптар)
Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Жалпы ережелер
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
- жол жүрiсi - адамдар мен жүктiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгi - жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрiсiне қатысушылар мен мемлекеттің қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;
- жол-көлiк оқиғасы - көлiк құралдарының жол бойында жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүк бүлiнген не өзге де материалдық залал келтiрген оқиға;
Редакция документа
Демо – версия документа