Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 222-260 қосымшалар) (2005.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 222-260 қосымшалар)

(2005.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналардың:

222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 235-1, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 248-1, 249, 249-1, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1354 қаулысына

222-қосымша

 

225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

 

2005 жылғы арналған

"Білім және ғылым саласындағы уәкiлеттi органның

қызметiн қамтамасыз ету"

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 567552 мың теңге (бес жүз алпыс жетi миллион бес жүз елу екi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабы, "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi Заңы; "Бiлім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8 , 12, 21, 27, 30, 35-баптары; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3 , 21-24 баптары; "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігiн көтерудi одан әрi жетiлдiру жөніндегі iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құрудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы органдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік бюджетi мен сметасы есебiнен (бюджет) қаржыландырылатын қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығы; "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1305 қаулысы; "Білім беру қызметiн лицензиялаудың Ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысы; Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізудiң Ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысы; "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы" Ережелердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысы; "Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы"; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі орталық аппаратының қызметiн қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң жоғары оқу орнынан кейiнгi, кәсiптiк жоғары және орта білім беру қызметiн лицензиялауды, оқулық әдебиетiн басып шығару бөлiгіндегі мiндеттерiн iске асыру; өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн орындау үшiн біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білім мен дағдыларды жаңарту және кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру; мұғалiмдер арасында олардың профессионалдық шеберлiгiн арттыру мәселесiнде республикалық олимпиадалар мен конкурстарды ұйымдастыру және өткізу; ғылыми ұйымдардың негiзгi қызметiнiң тиiмдiлiгiн айқындау, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану; жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi пайдалануға қол жеткізу үшiн министрлiктiң материалдық-техникалық базасын нығайту; ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру; министрлiктiң білім беру ұйымдарын аттестаттау, сондай-ақ білім алушыларды аралық мемлекеттік бақылау рәсiмiн өткізу бөлiгiнiң мiндетiн орындауды қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң аппаратын қаржыландыру, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк біліктілігiн арттыру; лицензиялар беру және білім және ғылым ұйымдарының біліктілік талаптарын сақтауын қадағалау; оқулық әдебиетiн басып шығару қызметiн лицензиялау; Республикалық комиссиялардың білім ұйымдарын лицензиялау жөніндегі жұмысын қамтамасыз ету; ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң ақпараттық жүйелерi мен локальдық мiндеттерiн сүйемелдеу, есептеу, және ұйымдастыру, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру бойынша аттестаттау құжаттарын қарау, сондай-ақ белгiленген мемлекеттік үлгiдегi құжаттар беру; білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және білім алушыларды аралық мемлекеттік бақылаудан өткізу нысанындағы білім беру сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; мұғалiмдер арасында олардың профессионалдық шеберлiгiн арттыру мәселесiнде республикалық олимпиадалар мен конкурстар өткізудi қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.

_________________________________________________________________
 N |Бағ.|Кiшi|     Кiшi    | Бағдарламаны іске | Іске  | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі   | асыру | орындау.
   |лама|дар.|   лардың    |    іс-шаралар     |мерзімі|  шылар
   |коды|лама|   атауы     |                   |       |
   |    |коды|             |                   |       |
__________________________________________________________________
1    2    3         4                5             6        7
__________________________________________________________________
1   001       Білім және
              ғылым
              саласындағы
              уәкiлеттi
              органның
              қызметiн
              қамтамасыз
              ету

2        001  Орталық       297 Бірлік санындағы  Жыл    Қазақстан
              органның      штаттық кестеге сәй-  бойы   Республи-
              аппараты      кес Қазақстан Респу-         касының
                            бликасы Білім және           Білім және
                            ғылым министрлігінiң         ғылым ми-
                            орталық аппаратын            нистрлiгi
                            қаржыландыру. 10
                            бірлiк санындағы
                            қызметтiк автокөлiк-
                            тi бекітілген норма-
                            тивтiк тәртiпке сәй-
                            кес ұстау, жалға алу.
                            11 дана ксерокс, 4
                            дана факс аппаратын
                            жөндеу және техника-
                            лық қызмет көрсету.
                            Білім беру қызметiн
                            лицензиялау кезiнде
                            қойылатын біліктілік
                            талаптарына сәйкес-
                            тіктi тексеру мақса-
                            тында білім ұйымдары
                            орналасқан жерлерге
                            барып сараптама
                            өткізу үшiн комис-
                            сиялар құру, лицен-
                            зиялау, аттестаттау,
                            аккредитациялау жө-
                            нiндегі iс жүргiзудi
                            қамтамасыз егу (мем-
                            лекеттiк лицензиялар
                            мен қосымшалардың
                            бланкаларын жасап
                            шығару - 200 дана).
                            Мұғалiмдер арасында
                            Республикалық олим-
                            пиадалар мен кон-
                            курстар өткізу - 6;
                            40 білім беру ұйы-
                            мында, 30 ғылыми
                            ұйымында, 30 ғылыми
                            ұйымдарда мемлекеттік
                            аттестациялау өткізу
                            және мемлекеттік ат-
                            тестация рәсiмiн
                            өткізу үшiн аттеста-
                            циялық комиссияның
                            шығындарын қаржылан-
                            дыру. 12 мемлекеттік
                            емес ғылыми ұйым-
                            дарда аккредитация-
                            лау өткізу.
                            Қазақстан Республи-
                            касы Конституциясы-
                            ның 10 жылдық мере-
                            кесi жоспарының
                            шараларын орындау.

3        007  Мемлекеттік   Министрлiк қызмет-   Жыл     Қазақстан
              қызметшiлер-  шiлерiнiң біліктi-   бойы    Республи-
              дiң біліктi-  лiгін арттырудың             касының
              лiгiн арттыру бекітілген жоспарына         Білім және
                            сәйкес министрлiк            ғылым ми-
                            орталық аппараты             нистрлiгi
                            қызметкерлерiнiң бi-
                            лiктілiгін арттыру
                            жөніндегі қызмет
                            көрсетулерiн сатып
                            алу, оның iшiнде
                            мемлекеттік тiлдi
                            үйрету. Бiлiктіліктi
                            көтеру курсынан
                            өтетiн мемлекеттік
                            қызметшiлердiң жыл-
                            дық орташа саны -
                            97 адам.

4        009  Мемлекеттік   Ксерокстер сатып алу  Жыл    Қазақстан
              органдарды    - 2 дана, аппараттың  бойы   Республи-
              материалдық-  арнаулы бөлiмi үшiн          касының
              техникалық    жиhаз сатып алу.             Білім және
              жарақтандыру  Кешендi офистiк жи-          ғылым ми-
                            һаздар: қосымшалары          нистрлiгi
                            және сегменттерi бар
                            столдар - 11 дана,
                            компьютерге арналған
                            столдар - 30 дана,
                            киім ілетiн шкаф -
                            25 дана; құжаттарға
                            арналған шкаф - 35
                            дана, нумератор - 1
                            дана, жиналыс өткi-
                            зуге арналған стол-
                            дар - 5 дана, орын-
                            дықтар - 40 дана,
                            сейф - 1 дана, темір
                            шкаф - 2 дана, шағын
                            АТС - 1 дана, телефон
                            аппараттары - 12 дана
                            сатып алу.

5        017  Ақпараттық    Орталық аппараттың    Жыл    Қазақстан
              жүйелердiң    есептеу техникасы     бойы   Республи-
              жұмыс iсте-   құралдарына техника-         касының
              уiн қамта-    лық қызмет көрсету:          Білім және
              масыз ету     228 дана компьютер,          ғылым ми-
              және мемле-   128 дана принтер,            нистрлiгi
              кеттiк ор-    24 дана сканер.
              гандарды      Интернетке, 4 дана
              ақпараттық-   серверге және 1 дана
              техникалық    файлдық серверге
              қамтамасыз    әкiмшiлiк ету. Орта-
              ету           лық аппараттың
                            "Managment of Educa-
                            tion" электрондық
                            құжат айналымын алып
                            жүру; Локальды есеп-
                            тер жүйесiн алып
                            жүру-бухгалтерлiк
                            есеп, жалақы. Мини-
                            стрлiктiң және ор-
                            талық аппараттың
                            WEB-сайтын алып
                            жүру; Жоғары және
                            жоғары оқу орнынан
                            кейiнге білiм беру
                            үшiн "ЖОО" білім
                            берудi ақпараттық
                            басқару жүйесiн алып
                            жүру; Жалпы орта
                            білім беру
                            ұйымдары үшiн "АСЕЖ"
                            білім берудi басқару
                            ақпараттық жүйесiн
                            алып жүру; Қазақстан
                            Республикасы Білiм
                            және ғылым министр-
                            лiгiнiң электрондық
                            оқу басылымдары
                            қорын алып жүру.
                            Қазақстан Республи-
                            касы Білім және
                            ғылым министрлігінiң
                            қаржы орталығы үшiн
                            "Мемлекеттік студент-
                            тiк кредиттер алған
                            студенттердi есепке
                            алу және қозғалысын
                            бақылаудың автомат-
                            тандырылған ақпарат-
                            тық жүйесiн" алып
                            жүру; Есептеу техни-
                            касы құралдарына
                            жүйелi қызмет көрсету;
                            Телекоммуникациялық
                            байланыс қызметтерi
                            (деректердi табыстау
                            провайдер қызметтерi
                            және Интернет жүйе-
                            сiне қол жеткізудi
                            беру жөніндегі
                            қызметтер)
                            Есептеу техникасын,
                            соның iшiнде 77 дана
                            компьютер, 15 дана
                            принтер сатып алу;
                            Шығыс материалдарды
                            сатып алу;

Укажите название закладки

Создать новую папку