(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 24 СӘУРДЕГІ № 469 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң кеден органын және
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң салық органын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 469 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 194 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Астана - жаңа қала" арнаулы экономикалық аймағы жұмыс iстейтiн кезеңде Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Астана - жаңа қала" кеденi" (бұдан әрi - Кеден) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң "Астана - жаңа қала" салық комитетi" (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттік мекемелерi құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Кеден туралы ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Кеден мен Комитетті әдiлет органдарында бiр айлық мерзiмде тiркеудi қамтамасыз етсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 24 сәуірдегі № 469 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң
"Астана - жаңа қала" кеденi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Астана жаңа қала" кеденi (бұдан әрi - Кеден) кеден органдарының біртұтас жүйесiне кiредi және өз құзыретi шегiнде "Астана - жаңа қала" арнаулы экономикалық аймақ аумағында кеден ісiне басшылықты жүзеге асырады.
Редакция документа
Демо – версия документа