(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1998 Ж. 6 ҚАРАШАДАҒЫ № 1137 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы
арқылы сатудың ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 ж. 6 қарашадағы N 1137 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 05.04.00 ж. N 508; 28.10.01 ж. N 1369; 16.11.01 ж. N 1455;
23.05.02 ж. N 562 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 1333 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Акциялардың мемлекеттік пакеттерін бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатуды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
6 қарашадағы
N 1137 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 05.04.00 ж. N 508; 16.11.01 ж. N 1455 қаулыларымен мәтіндегі сөздер ауыстырылды
Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың
ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже акциялардың мемлекеттік пакеттерін сатуды жандандыру мақсатында әзірленді және мемлекетке тиесілі акцияларды (бұдан әрі акциялар) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың тәртібін реттейді.
ҚР Үкіметінің 16.11.01 N 1455 қаулысымен 1-бөлімнің тақырыбы өзгертілді
1. Акцияларды Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн
қор биржасы арқылы сатудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 16.11.01 N 1455 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа