«Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 690 бұйрығы (күші жойылды)
«Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 690 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда «Заң газеті» газетiнде жарияланған № 42 (1465)) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімі, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электрондық түрде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Документ утратил силу
Демо – версия документа