«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 410 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 410 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 20 қыркүйектегi № 706 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9697 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларының 2-қосымшасын осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал- майоры Е.З. Тургумбаевқа, Жедел жоспарлау департаментіне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа