«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 126-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 126-НҚ бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Демо – версия документа