«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 325 Қаулысы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 325 Қаулысы
(2023.04.10. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» акционерлік қоғамының атауы «Qazcontent» акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2022 жылғы 23 мамырдағы
№ 325 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Демо – версия документа