«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 427 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 маусымдағы № 427 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиорациялық орталық», «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиорациялық экспедициясы», «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиорациялық экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемелеріне (бұдан әрі - мекемелер) қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекемелердің атауын өзгертуді;
2) мекемелердің жарғыларын бекітуді;
3) мекемелерді әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2025 жылғы 10 маусымдағы
№ 427 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
27) тармақша алып тасталсын;
29) тармақша алып тасталсын;
45) тармақша алып тасталсын;
51) тармақша алып тасталсын;
52) тармақшаның алтыншы абзацы алып тасталсын;
Демо – версия документа