(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.01.06 № 501 ҚАУЛЫСЫ

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.01.06 № 501 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік
мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 501 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстанның ерекше қорғауды талап ететін бірегей табиғи объектілері ретінде Ақмола облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экожүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақмола облысының Бурабай және Еңбекшілдер аудандарының аумағындағы жалпы алаңы 46424 гектар, жер учаскелері соның ішінде мына санаттардағы жерлерден:

су қорының жерлері - 3015 гектар;

орман қорының жерлері - «Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бұланды орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 43409 гектар жер учаскелері алынсын.

2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Мекеме) берілсін.

3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген су қорының жерлері мен орман қорының жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку