«Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 170 бұйрығы
«Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 170 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында:
1-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктер филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттары құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның валюталық реттеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа