(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГРАНТТАР БЕРУ КЕЗІНДЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДА...
Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 366/НҚ бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. «Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1191 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12989 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа