«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Заңы (2025.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Заңы (2025.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының
Заңы

Дене шынықтыру және спорт туралы

(2025.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері жəне қағидаттары

3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы

4-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк қолдау

5-бап. Жеке адамдардың дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары

2-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыретi

7-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерінің құзыреті

9-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау

3-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ ЖҮЙЕСІ

10-бап. Дене шынықтыру мен спорт субъектілері

11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу

12-бап. Аккредиттелген спорт федерацияларының құқықтары мен міндеттері

13-бап. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi

13-1-бап. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті

13-2-бап. Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс

14-бап. Арнайы олимпиадалық қозғалыс, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер

15-бап. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесi және спорт

16-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы және басқа да спорт түрлерін дамыту

17-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру және спорт

18-бап. Халықтың тұрғылықты жерi бойынша және көпшілік демалатын орындардағы дене шынықтыру және спорт

19-бап. Бейімдік дене шынықтыру және спорт, мүгедектігі бар адамдарды физикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу

20-бап. Түзеу мекемелеріндегі дене шынықтыру және спорт

4-тарау. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ

21-бап. Ұлттық спорт түрлері

22-бап. Ұлттық спорт түрлері бойынша бірлестіктерді, спорт клубтарын құру құқығы

5-тарау. СПОРТ РЕЗЕРВІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТЫ

23-бап. Спортшылардың құқықтары мен міндеттері

24-бап. Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау

25-бап. Жоғары дәрежелі спортшылар даярлаудың ерекшеліктері

26-бап. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командалары және оларды жасақтау тәртібі

6-тарау. КӘСІПҚОЙ СПОРТ

27-бап. Кәсіпқой спортпен айналысу құқығы

28-бап. Кәсіпқой спортшылар мен жаттықтырушылар, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандар құқықтарының кепілдіктері

29-бап. Кәсіпқой спорт федерациясының құқықтары мен міндеттері

30-бап. Кәсіпқой спорт клубтарының құқықтары мен міндеттері

7-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАР

31-бап. Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілер

32-бап. Спортшыны тіркеу туралы куәлік

33-бап. Мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және арнаулы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау

34-бап. Спорт түрлерін және спорт салаларын тану. Спорт түрлерінің тізілімі

35-бап. Бірыңғай спорттық сыныптама. Спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары және жаттықтырушының спорттық атағы. Әскери қызметшілердің дәрежелері және жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, әдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың, спорт төрешілерінің біліктілік санаттары

35-1-бап. Спорттық атақтан, разрядтан және біліктілік санатынан айыру

36-бап. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі

37-бап. Спорт түрі бойынша қағидалар

38-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары

39-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау, жеке адамдардың денсаулығын қорғау

8-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫН КАДРЛЫҚ, ҒЫЛЫМИ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ДОПИНГ-БАҚЫЛАУ

40-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау

41-бап. Жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін аттестаттау

42-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

43-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы медициналық қамтамасыз ету

43-1-бап. Ұлттық спорттық медицина жəне оңалту ұйымы

44-бап. Спортта допингті, спортта допингтік субстанцияларды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы іс-қимыл

44-1-бап. Ұлттық допингке қарсы ұйым

44-2-бап. Допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін шаралар

9-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖҮЙЕСІ

45-бап. Спортшылардың, жаттықтырушылардың және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командалары мүшелерінің әлеуметтік қорғалуы

46-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау

47-бап. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны сатып алу тәртібі

48-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер

10-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

49-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздері

49-1-бап. Дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынуы

50-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы қайырымдылық және кәсіпкерлік қызмет

50-1-бап. Бірыңғай оператор

51-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары

52-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі

11-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

53-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық

54-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында ерікті негізде жұмыс жүргізетін ұйымдастырушылар (спорт еріктілері)

55-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

56-бап. Алып тасталды

57-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

58-бап. Өтпелі ережелер

59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) ардагер спортшы - спорттық мансабын аяқтаған жоғары дәрежедегі спортшы;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-1) арнаулы спорттық мүкәммал - жаттығу және жарыс әрекетінің қажетті құрамдасын білдіретін, мүгедектігі бар спортшы организмінің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын спорттық мүкәммал;

2) әуесқой спорт - жеке адамдарға спорттық шеберлiгiн жетiлдiруге және әртүрлі спорт түрiнде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк беретiн бұқаралық спорт қозғалысы;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциясы - жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы немесе дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы өткізетін, тұрақты негізде ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған сабақ;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) бейімдік дене шынықтыру және спорт - мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға және қалыпты әлеуметтік ортаға бейімдеуге, олардың толыққанды өмірді сезінуіне кедергі келтіретін психологиялық тосқауылдарды еңсеруіне, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік дамуына өзінің жеке үлес қосуының қажеттігін сезінуіне бағытталған спорттық-сауықтыру сипатындағы шаралар кешені;

4) бұқаралық спорт - халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін спорт қозғалысы;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) бірыңғай спорттық сыныптама - спортшылардың, жаттықтырушылардың шеберлік деңгейін немесе жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, спорт төрешілерінің, нұсқаушы-спортшылардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскерлердің біліктілігін айқындайтын спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары, жаттықтырушының спорттық атағы, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, спорт төрешілерінің, нұсқаушы-спортшылардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскерлердің біліктілік санаттары жүйесі;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) бірінші жаттықтырушы - жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлаудың бастапқы (ерте) кезеңдерінде спортшыны даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 5-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5-2) бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны бірге алып жүретін адам - тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған, интеллектуалдық дамуы бұзылған, өзінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін, өзіне-өзі күтім жасау жəне (немесе) жүріп-тұру қабілетін ішінара немесе толық жоғалтуына байланысты бөгде адамның күтіміне жəне көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыларды бірге алып жүру жəне оларға көмек көрсету жөніндегі қызметтерді спорттық іс-шараларға (аудандық, облыстық, республикалық жəне халықаралық) бару кезінде шарт негізінде көрсететін жеке адам;

6) дене тәрбиесi - денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген өскелең ұрпақты қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесс;

7) дене шынықтыру - мәдениеттiң құрамдас бөлiгi, адамның дене бітімін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, дене тәрбиесі мен дене бітімін дамыту арқылы оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және саламатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік бейімдеу мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын рухани және материалдық құндылықтар жиынтығын білдіретін әлеуметтiк қызмет саласы;

8) дене шынықтыру даярлығы - адамның дене шынығуы қасиеттерін тәрбиелеуге және функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс;

9) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскер (бұдан әрi - әдiскер) - кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін әдiстемелiк қамтамасыз етудi және оған басшылық жасауды, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыратын жеке адам;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы - кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін практикалық қамтамасыз етуді, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде бейімдік дене шынықтыруды және спортты жүргізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;

10) дене шынықтыру және спорт жүйесi - халыққа дене тәрбиесiн беру және дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;

11) дене шынықтыру және спорт саласындағы маман - дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке адам;

12) дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi орган - дене шынықтыру мен спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

13) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары - жеке адамдардың дене жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған, арнайы жабдықталған (соның ішінде спорттық мүкаммалмен) объектiлер (алаңдар, үйлер, ғимараттар);

14) дене шынықтыру-спорт ұйымы - негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

15) Дүниежүзілік универсиада - әртүрлі спорт түрлерi бойынша студенттер арасында өткiзiлетiн кешенді халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы - спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның сайыс әрекетіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды, спорт төрешісін дисквалификациялау - спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін аккредиттелген спорт федерациясы жүзеге асыратын, жаттықтырушыны, жаттықтырушы-оқытушыны, спорттық медицина жөніндегі маманды, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманды, спорт төрешісін спорттық жарыстарға қатысудан және (немесе) оқу-жаттығу жиындарынан және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбек (кәсіптік) қызметінен шеттету;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 17-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-1) жеке жаттықтырушы - спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасынан тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) жоғары дəрежелі спортшы - спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының мүшесі болып табылатын спортшы;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) жоғары жетістіктер спорты - Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Азия, Параазиялық ойындардың бағдарламаларына енгізілген ұлттық спорт түрлері мен спорт түрлері;

20) кәсiпқой спорт - спорттық ойын-сауық іс-шараларын (жарыстарды) ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған, оларға дайындалғаны және қатысқаны үшін спортты кәсіби қызметі ретінде таңдаған спортшылар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сыйақы алатын спорттың құрамдас бөлігі;

21) кешендi ғылыми топ - спортшының функционалдық жай-күйін, резервтік мүмкіндіктерін, даярлығының психологиялық және техникалық деңгейін бағалауға бағытталған ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық, психологиялық зерттеулер жүргiзу үшiн құрылатын бiлiктi мамандар тобы;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілер - балалардың, жастардың және ересек тұрғындардың дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың жиынтығы;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

23) мектеп спорты - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушылардың дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған дене шынықтыру мен спорттың бір бөлігі;

24) мектептегі спорттық лига - мақсаты мектеп спортын кеңінен таратуға және бір немесе бірнеше спорт түрін дамытуға жәрдемдесу, мектеп оқушыларымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын мектеп оқушылары арасындағы спорттық қозғалыс;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

24-1) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшылары арасындағы лауазымдық орын ауыстыру;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25) мемлекеттiк жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының аумағында спорттың басым түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функциялар мен іс-шараларды жүзеге асыратын жаттықтырушы;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

25-1) мемлекеттік спорттық тапсырыс - мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтер көлемі;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 25-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

25-2) мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі - балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары үшін дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26) мүгедектігі бар спортшы - тыныс-тіршілігінің шектелуіне алып келетін аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, бұзылулардан организм функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған және спорттың қолжетімді түрімен (қолжетімді түрлерімен) айналысатын жеке тұлға;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27) мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау - мүгедектігі бар спортшыларға функционалдық мүмкіндіктер деңгейі ұқсас мүгедектігі бар басқа спортшылармен жарысқа түсу мүмкіндігін жасау мақсатында сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының олардың дәрежесін (сыныптамалық санатын) айқындау процесі;

28) нұсқаушы-спортшы - спорттық қызметін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлемі шартымен жүзеге асыратын спортшы;

29) оқу-жаттығу жиыны - спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;

2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29-1) олимпиадалық емес спорт түрі - Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі;

2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 29-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29-2) олимпиадалық спорт түрлері - Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген спорт түрлері;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 29-3) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 29-3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29-3) паралимпиадалық емес спорт түрлері - Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, Халықаралық паралимпиада комитеті немесе халықаралық спорт федерациялары дамытатын спорт түрлері;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 30) тармақша жаңа редакцияда

30) Паралимпиадалық ойындар - Халықаралық паралимпиада комитеті ұйымдастыратын, тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру органдары бұзылған мүгедектігі бар спортшылар арасында, сондай-ақ интеллектуалдық дамуы бұзылған спортшы адамдар арасында өткізілетін халықаралық қысқы жəне жазғы жарыстар;

2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 30-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

30-1) паралимпиадалық спорт түрлері - Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген спорт түрлері;

31) спорт - спорттық жарыстар және адамды оған даярлаудың арнайы нысанында қалыптасқан, спорт түрлерінің жиынтығы ретіндегі әлеуметтік-мәдени қызмет саласы;

32) спорт саласы - айырым белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

33) спорт резерві - жоғары жетістіктер спортында жоғары нəтижелерге қол жеткізуге әлеуеті бар жасөспірім жастағы, юниор жəне жас спортшылар;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

33-1) спортта тыйым салынған субстанциялар жəне (немесе) əдістер (бұдан əрі - допинг) - Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның жəне Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның халықаралық стандартының тыйым салынған тізіміне енгізілген химиялық қоспалар (заттар, дəрілер) мен əдістер, оның ішінде спортта пайдалануға тыйым салынған субстанциялар жəне (немесе) əдістер тізбелеріне енгізілген субстанцияларды жəне (немесе) əдісті пайдалану немесе пайдалануға əрекеттену;

34) спорт төрешiсі - арнайы даярлықтан өткен және тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорттық iс-шараны ұйымдастырушы спорт түрiнiң қағидаларына және спорттық iс-шараның ережелерiне (регламенттеріне) сәйкес төрелікті қамтамасыз етуге уәкiлеттiк берген жеке адам;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 34-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

34-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының командалары - халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын, жоғары жетістіктер спортына жатпайтын спорт түрлері бойынша спортшылар, жаттықтырушылар, отандық жəне шетелдік мамандар ұжымдары;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командалары - жоғары жетістіктер спорты бойынша халықаралық спорттық жарыстарға даярлықты жүзеге асыратын жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық жəне шетелдік мамандар ұжымдары;

2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 35-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командалары - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорттық қызметті жүзеге асыратын жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық жəне шетелдік мамандар ұжымдары;

2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 35-2) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 35-2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35-2) спорт түрлері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың командалары - жоғары жетістіктер спорты бойынша республикалық жəне халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды жүзеге асыратын жəне қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, мамандар ұжымдары;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 36) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

36) спорт түрлерінің тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде тіркелген мəліметтерді қамтитын тізілім;

2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

37) спорт түрі - жаттығу ортасы, сайысу əрекетіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы жəне бір спорт федерациясының спорт түрлері қағидаларының ұқсастық белгілері бойынша біріктірілген жарыстар қағидалары айырым белгілері болып табылатын спорттың құрамдас бөлігі;

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции