(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.18.07 № 827 ҚАУЛЫСЫ

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.18.07 № 827 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және  тұрақта тұру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 827 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

К. Мәсiмов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 18 шілдедегі

№ 827 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде және кеме қозғалысын басқару қызметтерiнiң (бұдан әрi - КҚБҚ) iс-қимылдары аймақтарында кемелердiң жүзу және тұрақта тұру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағида:

1) порт акваториясы шегінде және оған кіреберістерде жүзуді;

2) кемелердің портқа кіруін және олардың порттан шығуын;

3) кемелердің портта тұруын;

4) порт акваториясында кемелердің жүзуі және тұрақта тұруы кезінде құрылыстардың қауіпсіздігін және сақталуын қамтиды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку