«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 711 Қаулысы (2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 711 Қаулысы
(2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Yкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 31 Қаулысымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 80 және 81-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу қағидалары;
2) Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 711 қаулысымен
бекітілген
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 80-бабына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидалар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасына әкелу тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1474 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа