(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП......
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысы
(2009.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 57 қаулысының (2006 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4415 болып енгізілді);
2) «Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 1 қаулысының (2008 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5124 болып енгізілді) күші жойылды деп танылсын.
3. Есеп комитетінің аппарат басшысы Сыздықов Е.Қ. бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | О. Өксікбаев |
Қазақстан Республикасы Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2009 жылғы 27 наурыздағы
№ 4 қаулысымен
Бекітілген
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа