(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2006.25.03. № 80 ҚАУЛЫСЫ
Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы
№ 80 Қаулысы
(2007.28.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2008 жылғы 28 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Ұсынылып отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Қаржылық ұйымдарды тарату департаменті (Мұқашева А.М.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға | А. Дунаев |
Келісілді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төраға 5 сәуір 2006 жыл ___________________________ (қолы, күні, елтаңбалы мөрі) | Келісілді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитеті Төраға 7 сәуір 2006 жыл __________________________ (қолы, күні, елтаңбалы мөрі) |
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігi
Басқармасының
2006 жылғы 25 наурыздағы № 80
қаулысымен бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті тарату ережесi
Редакция документа
Демо – версия документа