(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 2007.31.05 № 147-Ө ӨКІМІ
Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған электр энергетикасы
саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 147-ө Өкімі
Осы редакция 2008 жылғы 17 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының электр энергетика саласын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, мүдделі заңды тұлғалар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 31 мамырдағы
№ 147-ө өкімімен
бкітілген
Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдарға арналған
электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар
жоспары
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Орында- луына жауап- тылар | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Электр энергиясының 2015 жылға дейінгі теңгерімдерін бекіту | ЭМРМ бұйрығы | ЭМРМ, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша) | 2007 жылғы маусым |
2 | Қайта құруға, жаңғыртуға және кеңейтуге жататын электр энергетикасы объектілерінің, сондай-ақ әр объектінің құрылыс көлемін және болжалды мерзімін көрсете отырып, жаңа энерге- тикалық объектілер құрылысының тізбесін дайындау | ЭМРМ бұйрығы | ЭМРМ, ЭБЖМ, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша), энергия кәсіп- орындары | 2007 жылғы маусым |
3 | Электр энергетикасы саласының инвестиция- лық тартымдылығын арттыру мақсатында Салық кодексіне, Жер кодексіне, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомство- аралық комиссияға ұсыныс | ЭМРМ, Әділет- мині, ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ, ТМРА, «Самұрық» АҚ (келісім бойынша) | 2007 жылғы маусым |
Редакция документа
Демо – версия документа