Қазақстан Республикасының

Заңы

 

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы

(2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасы

3-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы

4-бап. Инвестициялық қорлардың түрлерi

4-1-бап. Ислам инвестициялық қорлары

5-бап. Инвестициялық және венчурлік қорлардың атаулары

6-бап. Инвестициялық қордың активтерін басқару

7-бап. Аудитке қойылатын талаптар

2-тарау. Акционерлік инвестициялық қор

8-бап. Акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары мен акционерлерiне қойылатын талаптар

9-бап. Акционерлік инвестициялық қорларға қойылатын талаптар

10-бап. Акционерлік инвестициялық қордың жарғысы

11-бап. Акционерлік инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттік тiркеу

12-бап. Акционерлік инвестициялық қордың акциялары

13-бап. Акционерлік инвестициялық қор органдарының жұмыс iстеу ерекшелiктерi

14-бап. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу

15-бап. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату

3-тарау. Иивестициялық пай қоры

16-бап. Инвестициялық пай қорының құқықтық жағдайы

17-бап. Инвестициялық пай қорын құру

18-бап. Инвестициялық пай қорларын бiрiктiру немесе олардың нысанын өзгерту

19-бап. Инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты

20-бап. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тiркеу

21-бап. Инвестициялық пай қорының пайы

22-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтары

23-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру

24-бап. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу

25-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын кейiннен орналастыру немесе сатып алу кезіндегі үстеме ақылар мен жеңiлдiктер

26-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру мен сатып алуды тоқтата тұру

27-бап. Инвестициялық пай қорының ережесi

28-бап. Инвестициялық пай қорының ережесіне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

29-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты сыйақы мен шығыстар

30-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы

31-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру

32-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысы

33-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiздемелер

34-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуды жүзеге асыратын тұлғалар

35-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату

36-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылған кезде мiндеттемелердi орындау

4-тарау. Иивестициялық қор активтерінің құрамы мен құны

37-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамы

38-бап. Бухгалтерлік есеп және инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау

5-тарау. Инвестициялық қордың активтерін басқару

39-бап. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясы

40-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының қызметi

41-бап. Инвестициялық қордың активтерiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға байланысты тыйымдар

42-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының мiндеттерi

6-тарау. Инвестициялық қордың активтерін есепке алу және сақтау

43-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң сақталуын қамтамасыз ету

44-бап. Инвестициялық қор кастодианының мiндеттерi

7-тарау. Инвестициялық қор туралы ақпаратты ашу

45-бап. Инвестициялық қор туралы ақпаратқа қойылатын талаптар

46-бап. Акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның ақпарат беруi

7-1-тарау. Венчурлік қор

46-1-бап. Венчурлік қордың құқықтық жағдайы

46-2-бап. Венчурлік қордың жарғысы

46-3-бап. Венчурлік қор шарты

46-4-бап. Венчурлік басқарушының қызметі

46-5-бап. Венчурлік қорлар қызметін жарнамалау

46-6-бап. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт

46-7-бап. Акционерлік келісім

46-8-бап. Опциондық шарт

46-9-бап. Шарт жасасуға арналған опцион

46-10-бап. Венчурлік қаржыландыру мақсатында жасалатын шарттардың ерекшеліктері

8-тарау. Қорытынды ережелер

47-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық

48-бап. «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшi жойылды деп тану туралы

 

 

 

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «қайтарып алған», «қайтарып алынғаны», «лицензиясы қайтарып алынса», «лицензияны қайтарып алған», «қайтарып алынған», «(қайтарып алынуына)», «лицензиясы қайтарып алынған» деген сөздер тиісінше «одан айырған», «одан айырылғаны», «лицензиясынан айырылса», «лицензиядан айырған», «одан айырылған», «(одан айырылуына)», «лицензиясынан айырылған» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара);

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «аффилиирлендірілген» деген сөз «үлестес» деген сөзбен ауыстырылды  (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртібін, венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктерін айқындайды, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) акционерлік инвестициялық қор - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын, заңды тұлғаның акционерлік инвестициялық қор етіп қайта құрылуы нәтижесінде қабылданған өзге де активтерді төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам;

2) әртараптандыру - инвестициялық қор активтері құнының төмендеу қаупін азайту мақсатында оларды түрлі қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру;

3) басқарушы компания - уәкілетті орган берген лицензия негiзiнде инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) венчурлік қор - венчурлік қаржыландыру мақсаттарында ғана ақша мен өзге де мүлікті тартуды және жинақтауды жүзеге асыратын жай серіктестік немесе акционерлік қоғам немесе шаруашылық серіктестік нысанындағы заңды тұлға;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) жылжымайтын мүлік қоры - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес, осы қоғамның акционерлері оның акцияларын, заңды тұлғаның жылжымайтын мүлік қоры етіп қайта құрылуы нәтижесінде қабылданған өзге де активтерді төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жылжымайтын мүлікке және осы Заңда рұқсат етілген өзге де мүлікке жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік инвестициялық қор;

5) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеуді, қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;

6) инвестициялық кіріс - инвестициялық қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көрінісіндегі өсімі;

7) инвестициялық қор - осы Заңға сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық немесе инвестициялық пай қоры;

8) инвестициялық қордың активтері - акционерлік инвестициялық қорға тиесілі немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы;

9) инвестициялық қордың таза активтерінің құны - инвестициялық қордың барлық активтерінің құны мен оның инвестициялық қор активтері есебінен төленуге жататын міндеттемелері не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретінде айқындалатын инвестициялық қор активтері құнының ақшалай көрінісі;

10) инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;

11) инвестициялық пай қорының ережелері - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

12) инвестициялық шешім - инвестициялық қордың активтерін басқару процесінде қабылданатын оның активтерімен мәміле жасасу туралы шешім;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) маркет-мейкер - қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралы бойынша баға белгіленімдерді жариялау және ұстап тұру жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйым;

13) пай - инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін және (немесе) осы Заңда белгіленген жағдайда өзге де мүлікті өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжатталмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз;

14) пай ұстаушы - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтарға ие тұлға;

15) пайды сатып алу - осы Заңға және инвестициялық пай қорының қағидаларына сәйкес айқындалатын оның құнын пай ұстаушысына басқарушы компанияның төлеуі арқылы пайды айналымнан шығару;

16) пайдың есептелу құны - инвестициялық пай қорының таза активтерінің құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрінісі;

17) пайдың номиналды құны - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезіндегі пай құнының ақшалай көрінісі;

18) пайларды бастапқы орналастыру - инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшерін қалыптастыру мақсатында пайларды номиналды құны бойынша орналастыру кезеңі;

19) сенімгерлік басқару шарты - осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес ақшаны сенімгерлік басқаруға беру туралы басқарушы компания акционерлік инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасалатын, инвестициялық қор активтерін құрайтын инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарт;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

 

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасы

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңдары инвестициялық қорларға қолданылады.

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, шаруашылық серіктестіктер, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы венчурлік қорларға қолданылады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде инвестициялық қорлардың активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басқарушы компанияларға осы Заңның және уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңға сәйкес қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.

 

2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді

3-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы

1. Осы Заң:

1) акционерлік инвестициялық қорлардың құқықтық жағдайының және қызмет етуiнiң ерекшелiктерiне байланысты;

2) инвестициялық пай қорларын құру, олардың жұмыс iстеуi және жұмыс iстеуiн тоқтату процесiнде туындайтын;

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың инвестициялық қорлардың активтерiн инвестициялық басқару, оларды есепке алу мен сақтау, сондай-ақ инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарын шығаруды, орналастыруды, айналысқа жiберудi, сатып алуды және өтеудi қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты;

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты құқықтық қатынастарды реттейді.

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы Заң, басқарушы компанияларды және венчурлік басқарушыларды қоспағанда, қызметi Қазақстан Республикасының басқа заң актілерімен реттелетiн өзге тұлғалар жүзеге асыратын мүлiктi сенiмгерлiк басқару жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы Заң дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін ұйымдарға, олардың венчурлік қорлар құру жағдайларын қоспағанда, қолданылмайды.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-бап. Инвестициялық қорлардың түрлерi

1. Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрлерi:

1) акционерлік инвестициялық қор;

2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкiн инвестициялық пай қоры жұмыс iстейдi.

1-1. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Ашық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пайды сатып алуын талап етуге құқық бередi, бiрақ ол екi аптада бiр реттен кем болмауға тиiс.

3. Инвестициялық аралық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан осы Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерiнде белгiленген жағдайларда, шарттарда және тәртiппен пайды сатып алуын талап етуге құқық бередi, бiрақ ол жылына бiр реттен кем болмауға тиiс.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  4- тармақ өзгертілді  (бұр.ред. қара)

4. Жабық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, сондай-ақ қор ережелерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен пай бойынша дивидендтер алуға құқық бередi.

Шығарған (берген) қаржы құралдары және (немесе) өзге де активтері жабық инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн және оның активтері мөлшерінің бес және одан көп пайызын құрайтын заңды тұлға осы инвестициялық қордың пай ұстаушысы болуға құқылы емес.

Егер осы Заңда және қордың ережелерінде өзгеше көзделмесе, жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы басқарушы компаниядан өзiне тиесiлi пайларды сатып алуды талап етуге құқылы емес.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Инвестициялық декларациясында немесе ережелерiнде осы Заңның 41-бабы 1-тармағының 6) және 9) тармақшаларында белгiленген инвестициялау шарттарын сақтамай, қордың активтерiн инвестициялау мүмкiндiгi көзделген инвестициялық қор тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылады.

2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Акционерлік немесе жабық инвестициялық пай қорлары ғана тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлар бола алады. Жылжымайтын мүлік қоры тәуекелмен инвестицияланатын қорлар бола алмайды.

7. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды

4-1-бап. Ислам инвестициялық қорлары

1. Акционерлік инвестициялық қор не исламдық қаржыландыру принциптерін сақтай отырып, қор активтерін инвестициялауды жүзеге асыратын жабық пайлық инвестициялық қор ислам инвестициялық қоры болып табылады.

2. Ислам инвестициялық қорларының ислам бағалы қағаздарын ұстаушылары өкілінің міндеттерін кастодиан жүзеге асырады.

3. Ислам инвестициялық қорының инвестициялық декларациясы исламдық қаржыландыру принциптеріне сай болуға және исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңеспен келісілуге тиіс.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 5-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5-бап. Инвестициялық және венчурлік қорлардың атаулары

1. Акционерлік инвестициялық қордың атауында «акционерлік инвестициялық қор» деген сөздер болуға тиiс.

2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Жылжымайтын мүлік қоры болып әрекет ететін акционерлік инвестициялық қордың атауында «жылжымайтын мүлік қоры» деген сөздер болуға тиіс.

2. Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қордың атауында осы қордың тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.

3. Инвестициялық пай қорының атауында «инвестициялық пай қоры» деген сөздердiң болуы, оның ашық, аралық немесе жабық болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.

2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Ислам инвестициялық қорының атауында осы қордың ислам қоры болып табылатыны көрсетілуге тиіс.

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. Венчурлік қордың атауында «венчурлік қор» деген сөздер қамтылуға тиіс.

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Инвестициялық және венчурлік қорлардың атауларында «ұлттық», «орталық», «үкіметтік», «кепілдік берілген» немесе «сақтандырылған» деген сөздерді кез келген тілде көрсетілген немесе өзгертілген түрде пайдалануға тыйым салынады. Инвестициялық және венчурлік қорлардың атаулары инвестициялардан түсетін кірістің сақтандырылуын немесе оған кепілдік берілуін бекітпеуге немесе ұғындырмауға тиіс.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі - Корпорация) акционерлiк инвестициялық қор ретiнде тiркелмеген және уәкiлеттi органда инвестициялық қордың акциялар шығарылымын тiркемеген, сондай-ақ басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған заңды тұлға өзiн инвестициялық қор деп атауға, инвестициялық қор ретiнде қызметтi жүзеге асыруға және өз атауларында кез келген тiркесте «инвестициялық қор» деген сөздердi пайдалануға құқылы емес.

Егер акционерлік инвестициялық қор мен оның басқарушы компаниясы арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған, бұзылған немесе оның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап екі ай ішінде акционерлік инвестициялық қор жаңа басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған жағдайда, акционерлік инвестициялық қор атауының өзгеруіне байланысты Корпорацияда қайта тіркелуге тиіс.

Акционерлік инвестициялық қордың осы Заңда белгіленген мерзімде Корпорацияда қайта тіркеуді жүзеге асырмауы мүдделі тараптардың кез келгенінің талап қоюы бойынша, осы Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен оны мәжбүрлеп тарату үшін негіз болып табылады.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-бап. Инвестициялық қордың активтерін басқару

1. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды инвестициялық қор акционерлерінің немесе пай ұстаушыларының табыс алуы және осындай инвестициялау кезінде тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыруға құқылы емес.

2. Акционерлік инвестициялық қордың мүлкі акционерлік инвестициялық қордың жарғысында айқындалған арақатынасында инвестициялауға арналған мүлікке және акционерлік инвестициялық қор мен оның органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған мүлікке бөлінеді.

Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкі басқарушы компанияның инвестициялық басқаруына берілуге тиіс.

3. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкіне сенімгерлік басқару шарты қолданылатын кезеңде акционерлік инвестициялық қор сенімгерлік басқарудағы мүлікке қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.

 

2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы өзгертiлдi (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-бап. Аудитке қойылатын талаптар

2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертiлдi

1. Акционерлік инвестициялық қорға және (немесе) инвестициялық қордың басқару компаниясына аудитті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізеді.

Акционерлік инвестициялық қордың және осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының аудитін, егер акционерлік инвестициялық қор және осы басқарушы компания бір-біріне қатысты үлестес болып табылатын болса, сол бір аудиторлық ұйым жүргізеді.

2. Аудиторлық есеп коммерциялық құпия болып табылмайды.

2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертiлдi (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының жыл сайынғы аудиторлық есептерінде акционерлік инвестициялық қордың және (немесе) инвестициялық қордың басқару компаниясының қаржылық есептілігі туралы аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі және инвестициялық қордың инвестициялық басқаруға берілген (қабылданған) активтеріне қатысты есеп жүргізу және есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

 

 

2-тарау. Акционерлік инвестициялық қор

 

8-бап. Акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары мен акционерлерiне қойылатын талаптар

1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар акционерлік инвестициялық қордың құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Осы инвестициялық қормен тиiстi шарттар жасаған басқарушы компания, кастодиан, орталық депозитарий, аудиторлық ұйым және бағалаушы акционерлік инвестициялық қордың акционерлерi бола алмайды.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тыйым салу тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қордың акционерлерiне қолданылмайды.

 

9-бап. Акционерлік инвестициялық қорларға қойылатын талаптар

2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Акционерлік инвестициялық қордың:

1) осы Заңда көрсетiлген қызметтен басқа қызметтiң өзге түрлерiн жүзеге асыруға;

2) «алтын акция» енгізуге;

3) еншiлес ұйымдар құруға;

4) жай акцияларды қоспағанда, өзге қаржы құралдарын шығаруға және орналастыруға құқығы жоқ.

Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салу тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қорларға және жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.

Негізгі қызмет түрі жылжымайтын мүлік қорларының активтері есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету болып табылатын жылжымайтын мүлік қорлары еншілес ұйымдар құруға құқылы.

Жылжымайтын мүлік қорлары қордың активтері есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікті жалға беруге құқылы.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялауға арналған мүлкін есепке алу мен сақтауды кастодиандық шартқа сәйкес кастодиан жүзеге асырады.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Акционерлік инвестициялық қормен тиісті шарттар жасасқан басқарушы компания, аудиторлық ұйым және бағалаушы өзара үлестес болмауға тиіс.

4. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

10-бап. Акционерлік инвестициялық қордың жарғысы

Акционерлік инвестициялық қордың жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) қызметiнiң ерекше түрi оның инвестициялық декларациясының шарттарына және Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялау болып табылатыны туралы ереже;

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) акционерлік инвестициялық қор мен оның органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi және олардың ең жоғары мөлшерi болуға тиіс.

 

11-бап. Акционерлік инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттік тiркеу

1. Акционерлік инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарында және осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Акционерлік инвестициялық қор акцияларының шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған құжаттардан басқа, акционерлік инвестициялық қордың басқарушы компаниямен жасасқан шарттарының жобалары, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларация табыс етiледi.

3. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4. Акционерлік инвестициялық қор акциялары шығарылымының проспектiсiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәлiметтерден басқа:

1) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтiнiмдер берудiң және оларды орындаудың шарттары мен тәртібі;

3) акционерлік инвестициялық қордың акцияларын орналастыру және (немесе) сатып алу жөніндегі делдалдардың (олар болған жағдайда) орналасқан жерi мен байланыс телефондарының нөмiрлерi көрсетiле отырып, олардың тiзбесi болуға тиiс.

5. Уәкiлеттi орган өзiне табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген немесе берiлген құжаттарда қайшылықты, жаңылыстыруға әкеп соқтыратын мәлiметтер болған жағдайда, акционерлік инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.

6. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге бас тарту негiздемелерiн көрсете отырып акционерлік инвестициялық қордың акцияларын мемлекеттік тiркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.

7. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

12-бап. Акционерлік инвестициялық қордың акциялары

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларына ақша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ғана төленедi.

Акцияларды орналастыру кезiнде олардың ақысын толық төлемеуге жол берiлмейдi.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:

1) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру кезінде акционерлік инвестициялық қордың акцияларына ақы төлеу;

2) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру кезінде акционерлік инвестициялық қордың акцияларына ақы төлеу;

3) акционерлік инвестициялық қордың акцияларына конвертацияланатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды акционерлік инвестициялық қордың акцияларына конвертациялау;

4) акционерлік инвестициялық қордың жарғысы және акционерлік инвестициялық қор акционерлері жалпы жиналысының шешімі негізінде акционерлік инвестициялық қордың орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік инвестициялық қор акцияларының басқа түріне айырбастау жағдайларына қолданылмайды.

Осы тармақта көзделген жағдайларда акционерлік инвестициялық қордың акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді.

2. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын бастапқы орналастыру кезiнде оларға төленетiн ақшаны акцияларды сатып алушы акционерлік инвестициялық қордың осы қор кастодианындағы шотына аударады.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қорлардың акцияларын қор биржасының сауда жүйесінде орналастыру мен айналысқа жіберуге, егер мұндай орналастыру мен айналысқа жіберу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.

 

13-бап. Акционерлік инвестициялық қор органдарының жұмыс iстеу ерекшелiктерi

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

1. Акционерлік инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысына оның басқарушы компаниясының, кастодианының, орталық депозитарийдің және аудиторлық ұйымының, сондай-ақ уәкiлеттi органның өкiлдерi қатысуға құқылы.

Акционерлік инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама қордың басқарушы компаниясына, кастодианына, орталық депозитарийіне, аудиторлық ұйымына және уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдарында және акционерлік инвестициялық қордың жарғысында белгiленген тәртiппен жiберiледi.

2. Акционерлік инвестициялық қор акционерлерi жалпы жиналысының қор акцияларын сатып алуға оның акционерлерiнiң тапсырыс беру мүмкiндiгiне әкелiп соғатын шешiмi жалпы жиналыс өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдау акционерлік инвестициялық қордың директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Акционерлік инвестициялық қордың бірінші құрылтай жиналысында Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген мәселелер бойынша шешімдерден басқа, кастодиан таңдау туралы шешім қабылданады.

 

14-бап. Акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алу

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Акционерлердiң жалпы жиналысы қорды қайта ұйымдастыру немесе осы қордың жарғысына немесе акциялар шығару проспектiсiне акционердiң құқығына қысым жасайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана, акционерлік инвестициялық қордың акционерi егер ол осы жалпы жиналысқа қатысса және көрсетiлген шешiмге қарсы дауыс берсе, сондай-ақ директорлар кеңесі инвестициялық декларацияға осы Заңның 39-бабы 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер қабылдаған жағдайда, өзiне тиесiлi акцияларды сатып алуды талап етуге құқылы.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Акционерлік қоғам инвестициялық декларацияға өзгерістер мен толықтырулар күшiне енгенге дейiн Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында, осы қордың жарғысында немесе акциялар шығару проспектiсiнде белгiленген шарттар мен тәртiпте сатып алуға берiлген акцияларды сатып алуға мiндеттi. Акционерлердiң акцияларды сатып алу туралы талаптар қою құқығы осы өзгерістер мен толықтырулар күшiне енгеннен кейiн тоқтатылады.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-бап. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату

1. Акционерлiк инвестициялық қорды қайта ұйымдастыру және тарату осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Қайта ұйымдастыру немесе ерікті түрде тарату туралы шешім қабылданған жағдайда акционерлік инвестициялық қор бұл туралы уәкілетті органға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысында аталған шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.

Осы тармақта көзделген хабарламаға акционерлік инвестициялық қор акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімнің (шешімдердің) көшірмесі (көшірмелері), жаңадан құрылатын акционерлік инвестициялық қордың (акционерлік инвестициялық қорлардың) жарғысының (жарғыларының) көшірмесі (көшірмелері) қоса беріледі.

3. Акционерлiк инвестициялық қорды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен соттың шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген негiздер бойынша сотқа инвестициялық қорды мәжбүрлеп тарату туралы талап-арызбен жүгiнуге құқылы.

4. Акционерлiк инвестициялық қор соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, ол соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде уәкiлеттi органға сот шешiмiнiң көшiрмесiн қоса беріп, бұл туралы хабарлама жiбередi.

 

 

3-тарау. Иивестициялық пай қоры

 

16-бап. Инвестициялық пай қорының құқықтық жағдайы

1. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды.

Егер инвестициялық пай қорының ережесінде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзiмге құрылады.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Инвестициялық пай қоры активтерiне меншiк құқығындағы үлес басқарушы компания шығаратын паймен куәландырылады.

Осы Заңда белгіленген жағдайды қоспағанда, инвестициялық пай қорының активтерiн оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан үлестi заттай бөлiп алуға жол берiлмейдi.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Инвестициялық пай қоры активтерінің ең төмен мөлшері инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады.

 

17-бап. Инвестициялық пай қорын құру

1. Инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмдi, егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерiнiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесi қабылдайды.

Инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының директорлар кеңесi, егер оның жарғысында өзгеше белгiленбесе, инвестициялық пай қорының ережелерiн бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiмдер де қабылдайды.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Басқарушы компания бiрнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқылы.

Бір басқарушы компания құрған, бір түрдегі инвестициялық пай қорлары инвестициялық декларациялар бойынша ажыратылуға тиіс.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Басқарушы компания жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өзі қамтамасыз ететін инвестициялық қорлардың пайларын ұстаушы бола алмайды.

Кастодиан, аудиторлық ұйым және бағалаушы жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы басқарушы компания өзі маркет-мейкер функциясын орындау шеңберінде (басқарушы компания инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда) өзі басқаратын қор пайларын ұстаушы болған жағдайларға қолданылмайды. Бұл ретте осы басқарушы компанияның ұстауындағы пайлар саны ол басқаратын қордың барлық орналастырылған пайлары (сатып алынған пайларды қоспағанда) санының он пайызынан кем болуға тиіс.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18-бап. Инвестициялық пай қорларын бiрiктiру немесе олардың нысанын өзгерту

1. Қордың қағидаларында белгiленген талаптармен және тәртiппен бiр нысандағы инвестициялық пай қорларын бiрiктiруге жол берiледi.

2. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы жабық инвестициялық пай қорының инвестициялық портфелінің құрылымы ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры портфелінің инвестициялық құрылымына қатысты осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және инвестициялық қор қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес болған жағдайда қордың нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.

3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қоры етіп өзгертуге жол берiлмейдi.»

 

19-бап. Инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты

1. Инвестор инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты бойынша ақшаны басқа инвесторлардың ақшасымен инвестициялық пай қорына бiрiктiру және кейiннен оларды осы қордың ережесіне сәйкес инвестициялау мақсатында басқарушы компанияның сенiмгерлiк басқаруына бередi.

2. Инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шарты қосылу шарты болып табылады, оның талаптарын басқарушы компания инвестициялық пай қорының ережелерiнде айқындайды. Қордың пай ұстаушысы инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартын көрсетiлген шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдауы мүмкiн.

3. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген талаптармен бiрге инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартында:

1) шартты бұзу және (немесе) қордың жұмысын тоқтату талаптары мен тәртібі;

2) қордың активтерiн басқа басқарушы компанияға басқаруға беру, басқарушы компанияның қор жұмыс iстеуiн тоқтатқаннан кейiнгi, соның iшiнде оның инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған немесе одан айырған жағдайларда мiндеттерiн орындау шарттары мен тәртібі;

3) тараптардың жауапкершiлiгi болуға тиiс.

 

20-бап. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тiркеу

1. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi орган басқарушы компания ұсынған мынадай құжаттар негiзiнде:

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, басқарушы компанияның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;

2) басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесi немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi жалғыз акционерi) қабылдаған инвестициялық пай қорын құру туралы шешiмнiң көшiрмесi;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қордың директорлар кеңесі, басқарушы компанияның жарғысына сәйкес оның директорлар кеңесі немесе акционерлерінің жалпы жиналысы (дауыс беретін барлық акцияларды иеленетін жалғыз акционері) бекіткен инвестициялық пай қорының қағидалары;

4) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) егер көрсетілген құжаттар бұрын уәкілетті органмен келісілмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, оның қызметінің, басқарушы компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметінің шарттары мен тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырады.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Басқарушы компания өтініш пен қажетті құжаттарды электрондық нысанда ұсынады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. Пайлар шығарылымын тіркеуге, инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты іс-шаралар кешені инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу болып табылады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-3. Инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу мыналарды қамтиды:

1) инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне қарау;

2) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) туралы мәліметті қоса алғанда, инвестициялық пай қоры, бағалы қағаздар туралы мәліметтерді Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізу;

3) басқарушы компанияға электрондық нысанда:

инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және қор қағидаларын;

өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, инвестициялық пай қорының қағидаларын және инвестициялық пай қорының пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде) жіберу.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-4. Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келісу үшін басқарушы компания уәкілетті органға электрондық нысанда мына құжаттарды ұсынады:

1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар, еркін нысанда жасалған, уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған өтініш;

2) өзгерістер мен толықтырулар ескерілген қордың қағидалары;

3) қордың қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге негіз болған орган отырысы шешімінің (хаттамасының) көшірмесі немесе хаттамасынан үзінді көшірме.

2. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

3. Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тiркеуге табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган олар ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде қарайды.

4. Пайлар шығарылымын мемлекеттік тiркеу процесiнде уәкiлеттi орган: 1) инвестициялық пай қорының ережесін;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) егер көрсетiлген құжаттар бұрын уәкiлеттi органмен келісілмеген болса, басқарушы компанияның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетiн басқарушы компания қызметiнiң, құрылымдық бөлiмшелерiнiң және басқарушы компания қызметкерлерiне инвестициялық пай қорын құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жұмысын тоқтату жөніндегі қызметiнiң шарттары мен тәртібін регламенттейтiн ішкі құжаттарын;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келіседі.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган басқарушы компанияға электрондық нысанда:

пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және инвестициялық пай қорының қағидаларын (инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу кезінде);

өзгерістер мен толықтырулар ескерілген инвестициялық пай қорының қағидаларын (өзгерістер мен толықтыруларды келісу кезінде);

инвестициялық пай қорының пайларын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (басқарушы компания өзгерген және инвестициялық пай қорының қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілген кезде) жібереді.

6. Уәкiлеттi органның инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тiркеуден бас тарту туралы шешiмi:

1) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген;

2) инвестициялық пай қорының ережелерiнде, оларға өзгерістер мен толықтыруларда және келiсуге табыс етiлген өзге де құжаттарда қайшылықты немесе дәйектемесiз мәлiметтер болған;

3) басқарушы компания қызметi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды

7. Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

 

21-бап. Инвестициялық пай қорының пайы

1. Пайдың бағасы мен бiр ұстаушыға тиесiлi пайлардың саны бөлшек сандармен көрсетiлуi мүмкiн.

2. Пай сатып алу инвестордың инвестициялық пай қорының сенiмгерлiк басқару шартына қосылғаны туралы куәландырады.

Пай ұстаушының өз пайын иелiгiнен шығаруы сенiмгерлiк басқару шартының бұзылғанын бiлдiредi.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Инвестициялық пай қорының пай ұстаушылары тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi орталық депозитарий жүзеге асырады.

Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу, пайларды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiнде пайлармен жасалған мәмiлелердi тiркеу ерекшелiктерi орталық депозитарийдің iшкi құжаттарында айқындалады.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар қор активтерiн инвестициялық басқаруға байланысты туындаған мiндеттемелер бойынша жауап бермейдi және өздерiнiң пайларына тиесiлi құн шегiнде зияндар тәуекелiн оның ішінде инвестициялық пай қоры активтерiнiң рыноктiк құнының өзгеруiне байланысты зияндар тәуекелiн көтередi.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Ашық инвестициялық пай қорларының және тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорларының пайларын қор биржасының сауда жүйесiнде орналастыру мен айналысқа жiберуге, егер мұндай орналастыру мен айналысқа жіберу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, жол берiлмейдi.

 

22-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтары

1. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың басқарушы компаниясынан өзiне тиесiлi пайды осы Заңда және осы қордың ережесінде белгiленген жағдайларда және тәртiппен сатып алуды талап етуге құқылы.

2. Жабық инвестициялық пай қорының пайын ұстаушы осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, осы жабық инвестициялық пай қорының ережелерiнде көзделген шарттармен және тәртiппен осы пай бойынша дивидендтердi мезгiл-мезгiл алып тұруға құқылы.

3. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар инвестициялық пай қорының ережелерiне сәйкес басқарушы компанияның қызметiн бақылауды жүзеге асырады.

 

23-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Инвестициялық пай қорларының пайлары Қазақстан Республикасының ұлттық валюта немесе пайдың номиналды құны көрсетілген валюта ақшасымен ғана төленуге тиiс.

2. Инвестициялық пай қорының пайларына төленетiн ақша оларды орналастыру кезiнде осы қордың кастодианындағы инвестициялық пай қорының шотына аударылады.

3. Бастапқы орналастыру кезеңiнде инвестициялық пай қорының пайлары барлық инвесторлар үшiн қор ережелерiнде айқындалған бiрыңғай нақтылы құн бойынша орналастырылады.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру үш айдан ұзаққа созылмайды және қор ережесінде көрсетiлген мерзiмде басталады.

Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңi қор инвестициялық пай қоры активтерiнiң осы Заңда белгiленген ең төменгi мөлшерiне қол жеткiзген кезде аяқталады.

5. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн қордың таза активтерiнiң құны инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс.

Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмiн ұзартуға басқарушы компанияның өтiнiшi негiзiнде уәкiлеттi органның рұқсатымен бiр рет жол берiледi, бiрақ ол үш айдан аспауға тиiс.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвесторлардың пайларды сатып алуға өтiнiмдерi негiзiнде жүзеге асырылады.

Инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi басқарушы компания немесе оның өкiлдерi осы Заңда және осы қордың ережесінде белгiленген шарттармен және тәртiппен қабылдайды және орындайды.

Өтiнiмнiң болуы мен ақшаның түсуi пай ұстаушылар тiзiлiміндегі сатып алушының жеке шотына пайларды есепке алу шарты болып табылады. Пайларды есепке алу осы шарт орындалған күннен кейiнгi бiрiншi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүзеге асырылады.

Пайларды орналастыру кезінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде пайларды сатып алушының жеке шотына (қосалқы шотына) немесе номиналды ұстаушының жеке шотына есепке жатқызу мәмілесін тіркеу басқарушы компанияның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Пайды кейіннен орналастыру бағасы, өтінім болған кезде, ақша түскен күннің алдындағы күннің соңында қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Өтінім ақша түскеннен кейін түскен кезде пайды орналастыру бағасы өтінім келіп түскен күннің алдындағы күннің соңында қалыптасқан баға бойынша айқындалады. Пайды орналастыру бағасына, егер бұл қордың қағидаларында көзделген болса, үстемеақы қосылуы мүмкін.

8. Инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудан бас тартуға:

1) инвестициялық пай қорының ережесінде белгiленген өтiнiмдер беру тәртібі мен шарттары сақталмаған;

2) уәкiлеттi органның немесе басқарушы компанияның шешiмi бойынша инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру тоқтатыла тұрған;

3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де талаптар орындалмаған жағдайларда ғана жол берiледi.

 

24-бап. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу

1. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамында бар немесе оларды өткізуден алынған ақша, сондай-ақ осы Заңмен белгiленген талаптарды сақтай отырып қарызға алынған қаражат есебiнен жүзеге асырылады.

2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi iшiнде пайларды сатып алуға жол берiлмейдi.

3. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алу туралы талаптар пайларды сатып алуға өтiнiмдер нысанында берiледi.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

4. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi басқарушы компания немесе оның өкiлдерi осы Заңда және осы қордың ережесінде белгiленген шарттармен және тәртiппен пайлар сатып алынатын күннiң алдындағы жұмыс күнi аяқталғанға дейiн қабылдайды. Өтінім берушіге ақшаны беру (оның ішінде ақшаны ол көрсеткен шотқа аудару) пайларды сатып алған күні жүзеге асырылады.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

5. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдер, егер қордың ережесінде көзделген болса, жеңiлдiктер шегерiле отырып, пайларды сатып алу күнінің алдындағы жұмыс күнінің соңындағы пайдың есептiк құны негiзге алынып айқындалған баға бойынша орындалады.

6. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы қордың пайларын сатып алуды оларды ұстаушылардың өтiнiмдерi бойынша осы Заңда және осы қордың ережесінде белгiленген құн бойынша, мерзiмдерде және уақыт кезеңдерiнде жүзеге асыруға мiндеттi.

Аралық инвестициялық пай қорының пайларын айына бiр реттен сирек сатып алуды жүргiзген кезде пайларды сатып алуға өтiнiмдердi қабылдау кезеңi үш жұмыс күнiнен кем болмауға тиiс.

7. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесіне пайларды ұстаушылар мүддесiне нұқсан келтiретiн өзгерістер мен толықтырулар енгізiлген жағдайда, осы қордың пайларын ұстаушылар өздерiне тиесілі пайларды көрсетiлген өзгерістер мен толықтырулар күшiне енгiзiлген күнге дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде сатып алуды талап етуге құқылы.

8. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудан:

1) қордың ережесінде белгiленген өтiнiм беру тәртібі мен шарттары сақталмаған;

2) осы Заңда көзделген тәртiппен қордың пайларын сатып алуды тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды

9. Осы баптың 3, 4, 5, 6 және 8-тармақтарының талаптары ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын басқарушы компания өзі маркет-мейкер функциясын орындау шеңберінде (басқарушы компания инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда) осы сатып алуды жүзеге асырған жағдайда қор бижасында оларды сатып алу арқылы сатып алуға қатысты қолданылмайды.

 

25-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын кейiннен орналастыру немесе сатып алу кезіндегі үстеме ақылар мен жеңiлдiктер

1. Инвестициялық пай қорының ережесінде пайларды кейiннен орналастыру кезiнде олардың есептеу құнына үстеме ақылар немесе пайларды басқарушы компания сатып алған кезде олардың есептеу құнына жеңiлдiктер қолдану шарттары мен мөлшерлерi көзделуi мүмкiн.

2. Жеңiлдiктiң ең жоғары мөлшерi инвестициялық пай қорының пайын басқарушы компания сатып алған кезде оның есептеу құнының үш процентiнен аспауы керек.

3. Инвестициялық пай қорының, оның қызметi тоқтатылған жағдайда не ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлгендiктен пайларын сатып алу кезiнде пайдың есептеу құнынан жеңiлдiктер жасауға жол берiлмейдi.

 

26-бап. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру мен сатып алуды тоқтата тұру

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды:

1) инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн тұлғалардың немесе шығарған (берген) қаржы құралдары инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамына кiретiн тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын немесе шарттық мiндеттемелердi бұзған немесе орындауы мүмкiн болмаған жағдайларда уәкiлеттi органның ұйғарымы бойынша;

2) ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесіне сәйкес басқарушы компания арқылы тоқтатыла тұрады.

2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуды тоқтата тұру кезiнде сонымен бiр мезгiлде осы қордың пайларын орналастыру тоқтатыла тұрады.

3. Пайларды орналастыруды және (немесе) сатып алу осындай тоқтата тұруға себеп болған бұзушылықтар жойылғанға дейiн белгiсiз мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.

4. Пайларды орналастыру және (немесе) сатып алуды тоқтата тұру қажет болған жағдайда, басқарушы компания осындай тоқтата тұрудың себептерiн және оларды жою жөніндегі шараларды көрсете отырып, уәкiлеттi органға бұл туралы сол күнi жазбаша хабарлауға мiндеттi.

Орналастыру және (немесе) сатып алу басталған күнi басқарушы компания уәкiлеттi органды орналастырудың және (немесе) сатып алудың қайта басталғаны жөнiнде хабардар етуге мiндеттi.

5. Егер бұл қор пайларын ұстаушылардың мүдделерiне сай келмесе, уәкiлеттi орган басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды тоқтата тұруына тыйым салуға, сондай-ақ осындай тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылғанға дейiн пайларды орналастыру мен сатып алуды қайта бастауға тыйым салуға құқылы.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

6. Басқарушы компания инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды және (немесе) сатып алуды бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға басқарушы компанияның немесе кастодианның лицензиясының қолданылуы тоқтатылғаны немесе одан айырылғаны туралы уәкiлеттi органның хабарламасын алған кезден бастап лицензияның қолданылуы қайта басталған, басқа басқарушы компания, қордың басқа кастодианы тағайындалған немесе қордың жұмыс iстеуi тоқтатылған күнге дейiн тоқтата тұруға мiндеттi.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 7 тармақпен толықтырылды

7. Басқарушы компания пайларды орналастыруды тоқтата тұру күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, орналастыруды тоқтата тұру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде хабардар еткен жағдайда, пайларды орналастыруды белгілі бір кезеңге тоқтата тұру мүмкіндігін аралық және жабық инвестициялық пай қорының ережелерінде көздеуге құқылы.

 

27-бап. Инвестициялық пай қорының ережесi

1. Инвестициялық пай қорының ережесінде:

1) инвестициялық пай қорының толық және қысқартылған атауы;

2) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының толық атауы мен орналасқан жерi;

3) инвестициялық пай қоры кастодианының толық атауы мен орналасқан жерi, оның құқықтары мен мiндеттері;

4) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

5) инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының және кастодианының аудитiн жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардың толық атауы;

6) инвестициялық декларация;

7) инвестициялық пай қорының активтерiн инвестициялық декларация талаптарына сәйкес келтiру тәртібі мен мерзiмдерi;

8) инвестициялық пай қоры жұмыс iстейтiн мерзiм, не оның мерзiмсiз жұмыс iстеуi туралы көрсету;

9) инвестициялық пай қоры активтерiн сенiмгерлiк басқару шарты;

10) инвестициялық пай қорының пайларына инвестициялау кезіндегі инвесторлар тәуекелдерiнiң сипаттамасы;

11) инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның құқықтары мен мiндеттерi;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) инвестициялық пай қоры пайының бастапқы орналастыру кезеңіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында немесе пайдың номиналды құны көрсетілетін өзге валютада көрсетілуі мүмкін номиналды құны;

13) инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтiнiмдер беру мен оларды орындаудың шарттары мен тәртібі;

14) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтары мен мiндеттерi;

15) инвестициялық пай қоры активтерiнiң құнын және пайдың есептiк құнын есепке алу және айқындау тәртібі;

16) пайларды орналастыру кезiнде олардың есептiк құнына үстеме ақы қолдану шарттары мен есептеу тәртібі;

17) басқарушы компанияның және инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өзге де тұлғалардың осы қордың активтерi есебiнен төленуге жататын шығыстары мен сыйақыларының түрлерi, айқындалу тәртібі және ең жоғары мөлшерлерi;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

18) басқарушы компанияның немесе кастодианның инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi одан әрi жүзеге асыруға мүмкiндiгi болмаған немесе одан бас тартқан жағдайларда, оларды ауыстыру шарттары мен тәртібі;

19) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды тоқтата тұру шарттары мен тәртібі;

20) инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiнiң тоқтатылғандығы туралы ақпарат жариялануға тиiстi баспасөз басылымының атауын көрсете отырып, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiнiң тоқтатылу, оның iшiнде қордың жұмыс iстеуi тоқтатылған кезде пайларды сатып алудың шарттары мен тәртібі;

21) пай ұстаушылардың сұратулары бойынша есеп берудiң шарттары мен тәртібі;

22) пай ұстаушылар алдында инвестициялық пай қоры, оның ережесi және оларға енгiзiлген өзгерістер, қордың таза активтерi құнының және пайдың есептiк құнының өзгеруi, пайды орналастыру және сатып алу бағалары туралы, сондай-ақ инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн тұлғалар, олардың қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратты ашу шарттары мен тәртібі;

23) басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі өкiлдерiнiң (олар бар болса) байланыс телефондарының нөмiрлерi, орналасқан жерi көрсетiлген тiзбесi болуға тиiс.

2. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережесінде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтерден басқа:

1) пайды сатып алуға өтiнiм беру және оны орындау шарттары мен тәртібі;

2) пайларды сатып алуды тоқтата тұру шарттары мен тәртібі;

3) басқарушы компания пайды сатып алған кезде оның есептiк құнына жеңiлдiк қолдану шарттары мен есептеу тәртібі;

4) басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттары мен тәртібі;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

5) пай ұстаушылардың тапсырысы бойынша пайларды сол басқарушы компанияның сенiмгерлiк басқаруындағы басқа ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларына айырбастау шарттары, қордың басқарушы компаниясының және кастодианының, сондай-ақ орталық депозитарийдің пайларды айырбастау рәсiмiн жүргiзу шарттары мен тәртібі;

6) осы Заңда және қор ережесінде белгiленген тәртiппен инвестициялық пай қоры туралы ақпарат жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.

3. Жабық инвестициялық пай қорларының ережесінде осы баптың 1-тармағында көзделген мәлiметтерден басқа:

1) пайлар бойынша дивидендтер есептеу, төлеу шарттары мен тәртібі;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру және өткізу шарттары, мерзімдері мен тәртібі, жалпы жиналыстың күн тәртібін, кворумын, жалпы жиналысқа өкiлдiктi анықтау тәртібі, дауыс беру, дауыстарды санау, жалпы жиналыстың хаттамасын ресiмдеу тәртібі болуға тиiс.

 

28-бап. Инвестициялық пай қорының ережесіне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

1. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының ережелерiне өзгерістер мен толықтырулар, егер сол қордың ережесінде оларды енгізу мүмкiндiгi, шарттары және тәртібі көзделсе, басқарушы компанияның шешiмi бойынша енгiзiлуi мүмкiн.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

2. Жабық инвестициялық пай қорының ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар пай ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша енгізіледі.

Жабық инвестициялық пай қорының ережелеріне өздерінің құқықтарына нұқсан келтіретін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қарсы дауыс берген пай ұстаушылар қор ережелерінде пай ұстаушының пайларды сатып алу құқығының болуына қарамастан, осы өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен келісілгендігі туралы көрсетіле отырып, мәтіні баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін немесе оларды қор ережелерінде белгіленген тәртіппен алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде басқарушы компаниядан өздеріне тиесілі пайларды сатып алуды талап етуге құқылы.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3. Мыналарды:

1) басқарушы компания атауының және (немесе) орналасқан жерінің;

2) кастодианның атауының және (немесе) орналасқан жерінің;

3) басқарушы компанияның және (немесе) кастодианның аудиторлық ұйымдарының, сондай-ақ олардың атауының және (немесе) орналасқан жерінің өзгеруін;

4) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және иелену жөніндегі делдалдар тізбесінің өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын қоспағанда, инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар уәкiлеттi органмен келісілуге тиiс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған өзгерістер және (немесе) толықтырулар инвестициялық пай қорының қағидаларында белгіленген тәртіппен күшіне енеді.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 4-тармақ өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде қордың қағидаларына осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ғана енгізілуі мүмкін.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті орган оларды басқарушы компания ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган өзгерістер мен толықтырулар ескерілген қордың қағидаларын электрондық нысанда басқарушы компанияға жібереді.

Уәкілетті органның инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келісуден бас тарту туралы шешімдері:

1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

2) келісуге ұсынылған қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар туралы қайшы келетін немесе жаңылыстыратын мәліметтер болған жағдайларда қабылданады.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы бапта көзделген жағдайларда олардың уәкiлеттi органмен келісілгенi туралы көрсетіле отырып, осы өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтiнi инвестициялық пай қорының қағидаларында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан немесе пайлардың барлық ұстаушылары оны алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.

Инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ұсыну күніне бұл қордың бірде-бір пайы орналастырылмаған жағдайда, өзгерістер және (немесе) толықтырулар көрсетілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар уәкілетті органмен келісілген күннен кейін не осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен кейін күшіне енеді.

Жабық инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жабық инвестициялық пай қорының қағидаларында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

 

29-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты сыйақы мен шығыстар

1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн және жұмыс iстеудi тоқтатуын қамтамасыз етуге байланысты сыйақылар мен шығыстардың түрлерi, айқындалу тәртібі және ең жоғары мөлшерi, оларды осы қордың активтерi есебiнен төлеу шарттары мен тәртібі инвестициялық пай қорының ережесiмен айқындалады.

Инвестициялық пай қорының ережесінде айқындалмаған сыйақылар мен шығыстардың түрлерi инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелуге жатпайды.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде басқарушы компанияға сыйақы есептеледi, бiрақ төленбейдi.

Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты осы кезеңнiң сыйақылары мен шығыстарын төлеу, оның iшiнде кастодиан мен орталық депозитарий көрсететiн қызметке ақы төлеу басқарушы компанияның өз қаражаты есебiнен оның шығындары кейiннен инвестициялық пай қоры активтерi есебiнен өтеле отырып жүзеге асырылады. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi оның пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе оның таза активтерiнiң құны пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн ең төменгi мөлшерге сәйкес келмегендiктен тоқтатылған жағдайларда, басқарушы компания қордың пайларын бастапқы орналастыру кезеңiнде жұмсалған шығындарды өтеу бойынша залал тәуекелiн мойнына алады.

 

30-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы

1. Пай ұстаушылардың жалпы жиналысы тек жабық инвестициялық пай қорларында өткiзiледi.

2. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретiне:

1) қордың ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2) қордың жұмыс iстеуiн тоқтату;

3) қорды басқа жабық инвестициялық пай қорымен бiрiктiру немесе қорды ашық немесе аралық қорға өзгерту;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

4) қордың басқарушы компаниясын немесе кастодианын ауыстыру;

5) қордың ережесіне сәйкес өзге де мәселелерiн шешу жатады.

3. Дауыс беру кезiнде пайларды ұстаушыға берiлетiн дауыстардың саны оған тиесiлi пайлардың санымен айқындалады.

4. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы жалпы жиналысты өткізу күнiне қор пайларының кемiнде үштен екiсiн иеленген пай ұстаушылар немесе олардың өкiлдерi дауыс беру рәсiмiне қатысқан кезде шешiм қабылдауға құқылы.

5. Жалпы жиналыстың шешiмi жалпы жиналысқа қатысып отырған жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының немесе олардың өкiлдерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады.

6. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысының шешiмi қордың ережесінде белгiленген тәртiппен сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкiн.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

7. Басқарушы компанияның, кастодианның, орталық депозитарийдің және уәкiлеттi органның өкiлдерi жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысуға құқылы.

8. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы хаттамасының көшiрмесiн басқарушы компания жалпы жиналыс өткiзiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органға жiберуге, сондай-ақ пайларды ұстаушыларға олардың сұратулары бойынша табыс етiлуге тиiс.

 

31-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру

1. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын басқарушы компания өз бастамасы бойынша немесе осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы талапты берген күнi пайлардың жалпы санының кемiнде үштен бiрiн құрайтын пайды ұстаушылардың жазбаша талабы бойынша шақырады.

Басқарушы компания жабық инвестициялық пай қорын сенiмгерлiк басқару шартын бұзу туралы шешiм қабылдаған кезде қордың активтерiн басқа басқарушы компанияға басқаруға беру немесе қордың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы мәселенi шешу үшiн пайларды ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыруға мiндеттi.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

2. Басқарушы компанияның бастамасы бойынша жалпы жиналысты шақыруға және өткізуге байланысты шығындарды басқарушы компания көтередi. Бұл ретте қордың ережесінде басқарушы компанияның бастамасы бойынша инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізуге жұмсалған шығыстарын осы қор активтерiнiң есебiнен өтейтiн жағдайлар көзделуi мүмкiн.

3. Осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы талап берiлген күнi пайлардың жалпы санының кемiнде үштен бiрiн құрайтын пайларға ие болып отырған ұстаушылардың бастамасы бойынша жалпы жиналыс шақырылған жағдайда, жалпы жиналысты шақыруға және өткізуге байланысты шығындар инвестициялық пай қорының активтерi есебiнен өтеледi.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

4. Пай ұстаушылардың жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы жазбаша талабында оны шақыру себебi, сондай-ақ жалпы жиналыстың күн тәртібі болуға тиiс.

Жалпы жиналысты шақыру туралы жазбаша талап бiр мезгiлде уәкiлеттi органға хабарлана отырып, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына, кастодианына және орталық депозитарийіне жiберiлуге тиiс.

5. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама инвестициялық пай қорының ережесіне сәйкес баспасөз басылымында жариялануы немесе қордың ережесіне сәйкес осы қордың әрбiр пай ұстаушысына жеткiзiлуi тиiс.

 

32-бап. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысы

1. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың кворум болмағандықтан өткiзiлмей қалған жалпы жиналысының орнына қайтадан шақырылған жалпы жиналысы, күн тәртібіне жабық инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оның жұмыс iстеуiн тоқтату туралы мәселелердi шешу кiретiн қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысты қоспағанда, осындай дауыс беруге қатысатын пайлардың санына қарамастан заңды деп есептеледi.

2. Жабық инвестициялық пай қорының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оның жұмыс iстеуiн тоқтату туралы мәселелердi шешу үшiн пай ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысы, егер оған қатысу үшiн тiркелу (сырттай дауыс беру өткiзген жағдайда бюллетеньдер қабылдау) аяқталған кезде оған жалпы жиналысты (сырттай дауыс берудi) өткізу күнi пайлардың жиынтығы он бес немесе одан астам процентiн иеленетiн ұстаушылар немесе олардың өкiлдерi тiркелсе (дауыс беруге бюллетеньдер табыс етсе), шешiм қабылдауға құқылы.

3. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың қайтадан өткiзiлетiн жалпы жиналысы осындай күн тәртібімен өткiзiлмей қалған жиналыстан кейiнгi күнтiзбелiк он төрт күннен ерте өткiзiлмейдi.

 

33-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiздемелер

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату мынадай жағдайларда:

1) инвестициялық пай қорын құрудың қор ережесінде белгiленген мерзiмi өтсе;

2) пайларды бастапқы орналастыру аяқталған соң инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгi мөлшерiне қойылатын талапқа сәйкес келмесе;

2-1) инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталған күні осы Заңның 23-бабының 4-тармағында айқындалған талап орындалмаса;

3) пайларды сатып алу жөніндегі өтiнiмдердi орындау нәтижесiнде инвестициялық пай қоры активтерiнiң құны инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiне қойылатын талапқа сәйкес келмесе және осы сәйкессiздiк ол туындаған күннен бастап екi ай iшiнде жойылмаса;

4) басқарушы компания немесе кастодиан өзiнiң шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауға бұдан әрi мүмкiндiгi жоқ екендiгiне байланысты қор активтерiн басқару немесе қор активтерiн есепке алу және сақтау жөніндегі функцияларды бұдан әрi орындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдаса және егер көрсетiлген шешiмдi қабылдаған кезден бастап үш ай iшiнде инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания және жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерістер күшiне енбеген болса;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

5) басқарушы компанияның, кастодианның бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруына берiлген лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрса және егер үш ай iшiнде лицензияның қолданылуы қайта басталмаса немесе инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания, жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерістер күшiне енгiзiлмесе;

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

6) басқарушы компанияның немесе кастодианның бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруына берiлген лицензиясынан айырылса және егер лицензияны одан айырған кезден бастап екi ай iшiнде инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания немесе жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерістер күшiне енбеген болса;

7) жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы оның жұмыс iстеуiн тоқтату туралы шешiм қабылдаса;

8) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де негiздемелер бойынша жүзеге асырылады.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап, кредиторлармен есеп айырысуларды жүзеге асыруды, қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарды төлеудi және қалған активтерді пайлар ұстаушыларына қайтаруды қоспағанда, инвестициялық пай қорының активтерiн жұмсауға жол берiлмейдi.

 

34-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуды жүзеге асыратын тұлғалар

1. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатуды қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады. Жабық инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату үшiн басқарушы компания пай ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырады және өткiзедi.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайда қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуды осы қордың кастодианы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

3. Кастодиан лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған жағдайда қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуды лицензиясының қолданылу-қолданылмауына қарамастан қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Басқарушы компания және (немесе) кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі тоқтатылған кезде осы Заңның және қор қағидаларының талаптарына сәйкес қор активтерін өткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп айырысуды жүзеге асыруға, қордың жұмыс істеуінің тоқтатылуына байланысты шығыстарды төлеуге және қалған ақшаны пай ұстаушылардың арасында бөлуге міндетті.

Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар келіскен жағдайда, басқарушы компания және (немесе) кастодиан осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды төлегеннен кейін қалған ақшаны бөледі және өткізілмеген активтерді инвестициялық қор қағидаларында белгіленген тәртіппен пайларды ұстаушылардың меншігіне береді.

5. Уәкiлеттi орган инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiн бақылау үшiн өз өкiлiн жiберуге құқылы.

 

35-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату

1. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап үш жұмыс күн ішінде:

1) пай ұстаушыларға, уәкiлеттi органға, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ұйымдарға қоp кредиторларына және қор активтерiмен жасалған мәмiлелерi орындалмаған тараптарға инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтатқаны, осы рәсiмдi жүргiзу шарттары мен тәртібі туралы хабарлама жеткізуге;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2) пай ұстаушылар тiзiлiміндегі мәмiлелердi тiркеудiң тоқтатылған күнiн көрсете отырып, осы қордың пай ұстаушылар тiзiлiміндегі есептiк шоттар бойынша операцияларды тоқтату үшiн орталық депозитарийге талап жiберуге мiндеттi.

Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату және мәмiлелердi тiркеудi тоқтату туралы ақпарат аталған тұлғаларға қор ережесінде айқындалған шарттар мен тәртiпте жеткiзiледi.

Кредиторлардың инвестициялық пай қорының активтерi есебiнен қанағаттандырылуға тиiс талаптарды беру мерзiмi қордың жұмыс iстеуiн тоқтату туралы оларға хабарланған күннен бастап бiр айдан кем болмауға тиiс.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi оның пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе пайларды бастапқы орналастыру аяқталған күні осы Заңның 23-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеуiнен тоқтатылған кезде басқарушы компания немесе кастодиан қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындаған кезден бастап он күннен кешiктiрмей пай ұстаушыларға ақшаны қайтаруға мiндеттi.

3. Басқарушы компания немесе кастодиан талаптары қор активтерiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс кредиторларды анықтау және инвестициялық пай қорының ол жұмыс iстеп тұрған кезеңде төленген, бiрақ жеткiзiлмеген (қордың меншiгi ретiнде тiркелмеген) активтерiн алу жөнiнде шаралар қолданады.

4. Кредиторлардың инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен қанағаттандырылуға тиiс талаптарды беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн және аталған кредиторлармен есеп айырысулар басталғанға дейiн қордың басқарушы компаниясы және (немесе) кастодианы инвестициялық пай қоры активтерiнiң құрамы мен құны туралы, кредиторлар қойған талаптар туралы, қордың төленген, бiрақ жеткiзiлмеген активтерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi қарау нәтижелерi мен одан кейiнгi әрекеттер туралы есеп жасайды және уәкiлеттi органға жiбередi.

 

36-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылған кезде мiндеттемелердi орындау

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Инвестициялық пай қорының активтерiн өткізуден алынған ақша, осы Заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мынадай тәртiппен бөлiнедi:

1) бiрiншi кезекте инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн үшiншi тұлғалардың және олардың алдындағы қор мiндеттемелерi қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындағанға дейiн құралған өзге де кредиторлардың, сондай-ақ пайларды иеленуге немесе сатып алуға өтiнiмдерi iшiнара орындалған тұлғалардың (пайлардың ақысын төлеген, бiрақ қор пайларын ұстаушылардың тiзiлiмiне енгiзiлмеген тұлғалардың және пайларды сатып алуға өтiнiмдерi қордың жұмыс iстеуiн тоқтату үшiн негiз туындаған кезге дейiн қабылданған пай ұстаушылардың) шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;

2) екiншi кезекте инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы мен кастодианын қоспағанда, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезеңiнде оның активтерiн өткізудi және пайларын сатып алуды қамтамасыз ететiн тұлғалардың шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;

3) үшiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату кастодианның қызметiне байланысты емес негіздер бойынша жүзеге асырылса, оның кастодиандық қызметке лицензиясы күшiнде болған жағдайда инвестициялық пай қоры кастодианының қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;

4) төртiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату басқарушы компанияның қызметiне байланысты емес негiздер бойынша жүзеге асырылса, оның инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясы күшiнде болған жағдайда инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

5) бесiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату орталық депозитарийдің қызметiне байланысты емес негiздер бойынша жүзеге асырылса, орталық депозитарийдің қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;

6) алтыншы кезекте пай ұстаушылар арасында активтерді бөлу жүзеге асырылады.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi осы Заңның 33-бабы 1-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тоқтатылған кезде, қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне байланысты басқарушы компанияның шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.

3. Басқарушы компанияның инвестициялық портфельдi басқаруға берiлген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (одан айырылуына) немесе оның бұдан әрi қорды сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ қор кастодианының кастодиандық қызметке берiлген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (одан айырылуына) немесе оның бұдан әрi қор активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезiнде басқарушы компанияның немесе кастодианның қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне байланысты шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Басқарушы компанияға және кастодианға берілетін сыйақыны қоса алғанда, инвестициялық пай қорының жұмыс істеуінің тоқтатылуына байланысты шығыстар инвестициялық пай қорының активтерін өткізу нәтижесінде алынған ақша сомасының бес пайызынан аспайтын мөлшерде инвестициялық пай қорының активтері есебінен өтеледі.

5. Осы бапқа сәйкес есеп айырысулар аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс iстеуi тоқтатылғаны туралы:

1) қор кастодианының осы қордың барлық активтерiн бөлу туралы хабарламасын;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)

2) орталық депозитарийдің осы қордың пайларын ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнiң жабылғаны туралы хабарламасын қоса отырып, уәкiлеттi органға ақпаратты табыс етедi.

2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Уәкілетті органға инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылғаны туралы ұсынылған құжаттар алынған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қаралады. Ұсынылған құжаттар осы баптың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне пайлардың өтелгенi туралы мәлiметтер енгiзедi.

Құжаттар ұсынылмаған немесе оларда осы баптың 2-тармағында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатудан бас тартады.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

7. Уәкілетті органның инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты назарға алудан бас тарту туралы шешімдері ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады.

Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты назарға алудан бас тартылған жағдайда, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған құжаттарды уәкілетті органға қайтадан ұсынады.

 

 

4-тарау. Иивестициялық қор активтерінің құрамы мен құны

 

2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап тармақ өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

37-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамы

1. Акционерлік (жылжымайтын мүлiк қорларынан басқа) және инвестициялық пай қорларының активтерiн қаржы құралдары құрайды.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертiлдi (бұр.ред.қара)

2. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн қаржы құралдары, сондай-ақ мынадай инвестициялау объектiлерi:

1) ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жер учаскелерi;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) аяқталмаған құрылыс объектілері;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес осындай деп танылатын инвестициялық жылжымайтын мүлік;

2) өндiрiстiк құрал-сайман және ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсетуге қажеттi негiзгi құралдар құрайды.

Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн мүлiкке инвестициялау кезiнде (бағалы қағаздар мен ақшаны қоспағанда) оны бағалаушы мiндеттi түрде бағалауға тиiс.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3. Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады.

4. Жылжымайтын мүлiк қорының таза активтерi құнының кемiнде сексен пайызын жылжымайтын мүлiк құрауға тиiс.

Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына кiретiн мүлiк сақтандырылуға және (немесе) жылжымайтын мүлiк қоры осы активтердiң мөлшерiндей резервтiк қор құрылуға тиiс.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн құрайтын жылжымайтын мүлiктi қайта бағалаудан түсетін табыстарды шегергендегі жылжымайтын мүлiк қорының қаржы жылының қорытындысы бойынша инвестициялық табысының кемiнде елу пайызын жылжымайтын мүлiктi жалға беру нәтижесiнде алынған табыстар құрауға тиiс.

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамында:

1) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар;

2) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған (берген) активтер;

3) коммерциялық емес ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акциялар немесе қатысу үлестерi;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын және қаржы агенттiктерiнің агенттiк облигацияларын қоспағанда, бір заңды тұлғаның бір түрдегі (шығарылымдағы) орналастырылған қаржы құралдарының жалпы санының он бес пайызынан асатын мөлшерде осы түрдегі (шығарылымдағы) қаржы құралдары болмауға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасының талабы тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға және негізгі қызмет түрі жылжымайтын мүлік қорларының активтері есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету болып табылатын еншілес ұйымдарды құру бөлігінде жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7. Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамы жылжымайтын мүлiк қоры акцияларының шығарылымы тiркелген күннен бастап он екi ай iшiнде осы баптың талаптарына сәйкес келтiрiлуге тиiс.

Егер жылжымайтын мүлiк қорының активтерiмен қандай да бiр мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде не өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылатын жағдайда, жылжымайтын мүлiк қоры осындай оқиға болғаннан кейiнгi бiр күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге және жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамында осындай өзгерiстер болған күннен бастап алты ай iшiнде активтердiң құрамын осы баптың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi.

8. Бiр басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қорлар активтерi мен басқарушы компанияның өз активтерiнің қаржы рыногы лицензиаттарының дауыс беретiн акцияларына инвестицияларының жиынтық көлемi оларды сатып алуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алуды талап ететiн мөлшерден аз болуға тиiс.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялық қордың активтері есебінен жасалатын инвестициялардың жинақталған мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-1. Дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке және оның ұлттық экономиканың бір саласында қызметін жүзеге асыратын үлестес тұлғаларына тиесілі бiр тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына инвестициялық қордың активтерi есебiнен жасалатын инвестициялардың жинақталған мөлшерi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

10. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн оның активтерi Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе пайлардың номиналды құны көрсетілген валютамен екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне ғана инвестициялануы мүмкiн.

Инвестициялық пай қорының пайлары бастапқы орналастыру мерзімі аяқталғанға дейін депозиттеріне орналастырылатын екінші деңгейдегі банктер мына талаптарға сай болуға тиіс:

1) осы инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына қатысты үлестес болып табылмауға тиіс;

2) екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс.

 

2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 38-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38-бап. Бухгалтерлік есеп және инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау

1. Инвестициялық қор активтерiнің, инвестициялық қордың таза активтерiнің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттармен, әдiстеме бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

3. Уәкiлеттi орган инвестициялық қор активтерiнiң, оның таза активтерiнiң құнын, пайдың есептiк құнын, пайды кейiннен орналастыру немесе сатып алу бағаларын, акционерлiк инвестициялық қордың акциясын сатып алу бағасын бағалау әдiстерi дұрыс қолданылмаған немесе құны дұрыс есептелмеген жағдайда, басқарушы компанияларға орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы.

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4. Акционерлік инвестициялық қордың бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.

 

 

5-тарау. Инвестициялық қордың активтерін басқару

 

2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

39-бап. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясы

1. Инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында:

1) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының, кастодианы мен аудиторлық ұйымының толық атауы, олардың лицензияларының деректемелерi және орналасқан жерi;

2) инвестициялық қор активтерiн есепке алу және олардың құнын айқындау тәртiбi;

3) инвестициялық қордың активтерi есебiнен төленуге жататын, басқарушы компанияға, кастодиан мен өзге де тұлғаларға төленетiн шығыстар мен сыйақылардың түрлерi, оларды айқындау тәртiбi және олардың ең жоғары мөлшерлерi;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) таза кірісті бөлу тәртібін және дивидендтер төлеуге жіберілетін ақшаның ең төмен мөлшерін қоса алғанда, дивидендтiк саясат;

5) инвестициялық қордың инвестициялық саясаты мақсаттарының, мiндеттерiнiң сипаттамасы;

6) инвестициялық қордың инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесi, мәмiле түрлерi, инвестициялаудың шарттары мен лимиттерi;

7) инвестициялық қор активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру шарттары;

8) инвестициялық декларацияда айқындалған объектiлерге инвестициялауға байланысты тәуекелдер сипаттамасы, сондай-ақ оларды азайтуға бағытталған іс-шаралар;

9) инвестициялық саясат бойынша осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шектеулер қамтылуға тиіс.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтыруларды осы инвестициялық қордың директорлар кеңесі бекітеді және олар бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актіде айқындалған тәртіппен уәкілетті органға электрондық нысанда тіркеуге ұсынылады.

Акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органда тіркелгені туралы көрсетіле отырып, осы өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні баспасөз басылымында жарияланғаннан кейін немесе барлық акция ұстаушылар қордың жарғысында белгіленген тәртіппен оны алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.

 

40-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының қызметi

1. Басқарушы компания осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде, сенiмгерлiк басқару шартында, инвестициялық декларацияда немесе инвестициялық қордың келісілген ережесінде белгiленген талаптарға сәйкес iс-әрекет жасау арқылы осы инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын ұстаушылардың мүддесiнде қорды сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы осы қор активтерінің құрамына кіретін эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылардың жалпы жиналыстарында қордың пайларын ұстаушылардың өкілі болып табылады.

3. Инвестициялық қорды басқарушы компания осы Заңда, сенiмгерлiк басқару шартында немесе қордың ережелерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен инвестициялық декларацияға немесе қордың ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болуға құқылы.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Басқарушы компания қордың активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметке байланысты инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының өкiлi ретiнде болуға, сондай-ақ пай ұстаушылардың мүдделерi үшiн сотқа талап-арыз беруге құқылы.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы бола алады.

6. Инвестициялық қордың мүлкi жетiмсiз болған жағдайда, инвестициялық қордың мүлкiне тиiсiнше басшылық жасалмауына байланысты туындаған берешектi басқарушы компанияның өз мүлкiнен ғана өндiрiп алуға болады.

 

41-бап. Инвестициялық қордың активтерiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға байланысты тыйымдар

2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Басқарушы компанияның өзi басқаратын инвестициялық қорға қатысты: 1) нәтижесiнде Қазақстан Республикасы заңдарында, инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе ережесінде белгiленген талаптар бұзылатын мәмiлелер жасасуға;

2) инвестициялық қор активтерiн өтеусiз иелiктен шығару жөнiнде инвестициялық шешiмдер қабылдауға;

3) инвестициялық қордың активтерiн өз мiндеттемелерiн немесе үшiншi тұлғалардың осы инвестициялық қордың активтерiн басқару жөніндегі қызметiмен байланысты емес мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн пайдалануға;

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелерді қоспағанда, өзiне тиесiлi активтердi инвестициялық қор активтерiнiң құрамына сатуға (беруге);

5) активтердi кредитке сатуға;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) инвестициялық қор активтерінің есебінен қайтарылуға жататын ақшаны немесе өзге де мүлікті қарыз шарттарының талаптарымен алуға;

7) сенiмгерлiк басқару шартына, инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың ережелерiне сәйкес шығыстарды өтеу мен сыйақы алу, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып, басқарушы компанияның ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алу үшiн пайдаланған ақша сомасын өтеу жағдайларын қоспағанда, өзi басқаратын инвестициялық қордың активтерiн сатып алуға;

8) өзi басқаратын басқа инвестициялық қордың активтерiн инвестициялық қор активтерiнiң құрамына сатып алуға;

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмiлелердi қоспағанда, инвестициялық қордың активтерi есебiнен басқарушы компанияның үлестес тұлғаларынан инвестициялау объектiлерiн сатып алуға не оларға осы компанияның басқаруындағы инвестициялық қордың активтерiн сатуға;

10) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11-1) инвестициялық қордың акцияларын және пайларын осы жабық инвестициялық пай қорының активтері құрамына кіретін қаржы құралдары және (немесе) өзге де активтерді шығарған (берген) заңды тұлғаларға өткізуге құқылы емес.

12) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасының талаптары орталық контрагенттің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, ашық сауда-саттық әдісімен қор биржасының сауда жүйесінде жасалған қаржы құралдарымен мәмілелерге қолданылмайды.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Осы баптың 1-тармағы 6) тармақшасының талабы:

1) осы баптың 2-тармағының төртінші бөлігінде көзделген шарттар сақталған кезде жылжымайтын мүлік қорларына;

2) 2019 ж. 1 шілдеге дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

3) тармақша 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

3) инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың қағидаларына сәйкес қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларына;

4) осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып, қордың ақша нысанындағы активтері осы үшін жеткіліксіз болған кезде қарыз ақшаны инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын сатып алу үшін пайдалану жағдайларына;

5) акционерлік инвестициялық қордың борыштық бағалы қағаздарды шығаруына және орналастыруына қолданылмайды.

2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды

1-2. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасаудың осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртібін және (немесе) шарттарын бұзғаны үшін басқарушы компания Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

2006.07.07. № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Акцияларды немесе пайларды сатып алу үшiн алынған қарыздың кез келген түрi бойынша инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын берешектердiң жиынтық көлемi инвестициялық қордың таза активтерi құнының он процентiнен аспауға тиiс.

Акцияларды немесе пайларды сатып алу үшiн қарызға қаражат тарту мерзiмi (ұзарту мерзiмiн қосқанда) үш айдан аспауға тиiс.

Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға арналған қарыз ақшаны пайдаланғаны үшiн сыйақы төлемдерi басқарушы компанияның өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Жылжымайтын мүлік қоры активтерінің есебінен өтелуге жататын қарыздың кез келген түрі бойынша берешектің жиынтық көлемі жылжымайтын мүлік қорының активтері құнының алпыс процентінен аспауға тиіс.

 

42-бап. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясының мiндеттерi

1. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы:

1) инвестициялық қор активтерiнiң құнын бағалауды, қозғалысын, құрамын және құнын есепке алуды, сондай-ақ пайларды одан әрi орналастырған немесе сатып алған кезде олардың құнын есептеуді жүзеге асыруға;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық пай қоры активтерiнің бухгалтерлік есебін бөлек жүргiзудi және олар бойынша қаржылық және өзге де есептемені берудi жүзеге асыруға;

3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет кастодианмен салыстырып тексерудi жүзеге асыруға;

4) сенiмгерлiк басқару шартына немесе қордың ережелерiне сәйкес, мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет акционерлік инвестициялық қорға немесе инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушыларға қордың таза активтерiнiң құрамы мен құны, сондай-ақ инвестициялық пай қоры пайының есептiк құны туралы хабарлауға;

5) осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор туралы ақпаратты ашуға мiндеттi.

2. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерiмен мәмiлелер жасасқан кезде соның мүддесi үшiн iс-әрекет ететiн инвестициялық қордың атауын көрсетуге мiндеттi. Аталған талап бұзылған жағдайда басқарушы компания қабылданған мiндеттеменi өз есебiнен орындайды.

3. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталғаннан кейiн басқарушы компания үш жұмыс күнi iшiнде кастодианмен бiрлесiп инвестициялық пай қорының таза активтерiнiң құнын есептеуге және уәкiлеттi органға пайларды бастапқы орналастырудың нәтижелерi туралы есептi табыс етуге мiндеттi.

 

 

6-тарау. Инвестициялық қордың активтерін есепке алу және сақтау

 

43-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң сақталуын қамтамасыз ету

1. Инвестициялық қордың активтерiн кастодиан өз активтерiнен және оның өзге клиенттерiнiң активтерiнен бөлек есепке алады және сақтайды.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Инвестициялық қордың активтерiн есепке алу және сақтау мақсатында, сондай-ақ қордың активтерiн инвестициялық басқаруға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу үшiн кастодиан шотты инвестициялық басқаруды қордың басқарушы компаниясының жүзеге асыратынын көрсете отырып, инвестициялық қордың шоттарын ашады (жүргiзедi).

3. Акционердiң немесе пайларды ұстаушының, басқарушы компанияның немесе кастодианның мiндеттемелерi бойынша, оның iшiнде аталған субъектiлер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, инвестициялық қордың активтерiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi.

Инвестициялық қор акционерлерiнiң немесе пай ұстаушыларының мiндеттемелерi бойынша оларға тиесiлi акциялардан немесе пайлардан өндiрiп алынуы мүмкін.

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

4. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы немесе кастодианы банкрот деп танылған немесе жарияланған жағдайларда инвестициялық қордың активтерi мүліктік массаға қосылмайды.

 

44-бап. Инвестициялық қор кастодианының мiндеттерi

Кастодиан:

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

1) инвестициялық қордың акциялары мен пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізуге;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2) басқарушы компания инвестициялық қор активтерiмен жасасқан мәмiлелердi олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан бақылауды жүзеге асыруға және анықталған сәйкессіздіктер туралы:

уәкілетті органға;

басқарушы компанияға;

егер бұл акционерлік инвестициялық қор болса, оның атқарушы органына;

егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалса, қор биржасына дереу хабарлауға;

3) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын есепке алуды, сондай-ақ пайларды кейiнгi орналастыру немесе сатып алу кезiнде олардың құнын есептеудi жүзеге асыруға;

4) инвестициялық қор активтерiнiң құнын, қозғалысын және құрамын мезгiл-мезгiл, бiрақ айына кемiнде бiр рет басқарушы компаниямен салыстырып тексерудi жүзеге асыруға;

5) инвестициялық қордың активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асыруға кастодиандық шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде жаңа кастодианға осы қор бойынша қордың активтерi мен құжаттарын беруге;

6) инвестициялық қордың басқарушы компаниясының қызметiнде анықталған бұзушылық туралы олар байқалған кезден бастап келесi күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауға;

7) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы лицензиясынан айырылған жағдайда ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының жаңа басқарушы компаниясын таңдауға не қор ережесінде белгiленген шарттармен және тәртiппен жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысын шақыруды қамтамасыз етуге не инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуды жүзеге асыруға мiндеттi.

 

 

7-тарау. Инвестициялық қор туралы ақпаратты ашу

 

45-бап. Инвестициялық қор туралы ақпаратқа қойылатын талаптар

1. Инвестициялық қор туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға, акционерлік инвестициялық қор жарғысының, инвестициялық декларациясының, акциялар шығару проспектiсiнiң талаптарына және инвестициялық пай қоры ережелерiне сәйкес болуға тиiс.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Инвестициялық қор туралы ақпаратта:

1) инвестициялық қордың атауы, оның басқарушы компаниясы лицензиясының атауы, берiлген күнi және нөмiрi, инвестициялық пай қоры ережесінiң тiркелген нөмiрi мен күнi;

2) инвестициялық қор туралы егжей-тегжейлi ақпарат алуға болатын орындар туралы (мекен-жайларын және телефон нөмiрлерiн көрсете отырып) ақпарат;

3) акциялар немесе пайлар құнының өсуi немесе төмендеуi, инвестициялаудың бұрынғы нәтижелерiнiң болашақта табыстарды айқындамайтыны, инвестицияның инвестициялық қорлардағы табыстылығына мемлекеттiң кепiлдiк бермейтiнi туралы нұсқау, сондай-ақ инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын сатып алардың алдында акционерлік инвестициялық қордың жарғысымен, оның акциялар шығару проспектiсiмен және инвестициялық декларациясымен, инвестициялық пай қорының ережелерiмен танысу қажеттiгі туралы ескерту болуға тиiс.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Инвестициялық қор және басқарушы компания туралы ақпарат дәйектемесiз немесе жаңылыстыратын мәлiметтер, сондай-ақ:

1) басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң болашақтағы табыстылығына, соның iшiнде оның бұрынғы нақты қызметi туралы ақпаратқа негiзделген кепiлдiктер;

2) үш жылдан астам уақыт бұрын өтiп кеткен өзге оқиғаға немесе уақыт кезеңiне қатысты басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң нәтижесiне елеулi ықпал ете алатын факторлар туралы мәлiмдеулер;

3) басқарушы компанияның инвестициялық қызметiнiң инвестициялық қордың таза активтерiнiң табыстылығы мен құнының нақты есебiне негiзделмеген көрсеткiштерiн салыстырулар;

4) инвестициялардың қауiпсiздiгіне және аталған инвестицияларға байланысты ықтимал табыстар немесе шығындар мөлшерiнiң тұрақтылығына кепiлдiк беретiн болашақ инвестициялар туралы мәлiмдеулер;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) басқарушы компанияның басқару дағдылары немесе сипаттамалары, сондай-ақ олардың мемлекеттік органдармен, өзге де тұлғалармен байланыстары туралы асырып көрсетiлген немесе расталмаған мәлімдеулер;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

6) қатарынан күнтізбелік он екі айдан аз кезең үшін инвестициялық қордың инвестициялық қызметінің кірістілігі туралы ақпарат болмауға тиіс.

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Акционерлік инвестициялық қор, басқарушы компания Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұны үшiн, оның iшiнде нақты емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратқаны немесе жариялағаны үшiн, сондай-ақ оны уақтылы таратпағаны немесе жарияламағаны үшiн жауапты болады.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Акционерлер мен пай ұстаушыларды қор қағидаларына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы хабардар ету, акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын және жабық инвестициялық пай қоры пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру, пайларды орналастыруды тоқтата тұру, акционерлiк инвестициялық қорды тарату және инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату жағдайларын қоспағанда, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәлiметтер, басқарушы компанияның және осы қордың бағалы қағаздары айналыста болатын қор биржасының интернет-ресурстарын қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылмайды және сыртқы (көрнекі) жарнама арқылы таратылмайды.

 

2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

46-бап. Акционерлік инвестициялық қордың немесе басқарушы компанияның ақпарат беруi

1. Акционерлік инвестициялық қор, басқарушы компания және акциялар немесе пайлар иелену және (немесе) сатып алу өтiнiмдерiн қабылдау орындарындағы олардың өкiлдерi әлеуеттi инвесторларға, акционерлерге немесе пай ұстаушыларға:

1) акционерлік инвестициялық қордың жарғысын, инвестициялық декларациясын, акциялар шығару проспектiсiн немесе инвестициялық пай қорының келісілген барлық өзгерістерi мен толықтырулары қамтылған ережесін;

2) инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құны, осы мәлiметтер анықталған соңғы күнгі жағдай бойынша бiр пайдың есептiк құны туралы мәлiметтердi;

3) акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының өткен қаржы жылында инвестициялық қордың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi жөніндегі қызметiн тексеру нәтижелерiмен қоса олардың аудиторлық есептерiнен үзiндi;

4) акционерлік инвестициялық қордың, басқарушы компанияның, кастодианның және инвестициялық қордың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн өзге де субъектiлердiң кез келген өткен кезең үшiн инвестициялық қор активтерiнiң есебiнен өтелуге жататын сыйақылары мен шығыстарының ықтимал және нақты мөлшерi туралы мәлiметтердi;

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) басқарушы компанияға және инвестициялық қордың кастодианына олардың инвестициялық қордың активтерін басқару, есепке алу және сақтау жөніндегі қызметіне байланысты қолданылған санкциялар, қадағалап ден қою шаралары, әкімшілік жазалар және өзге де әсер ету шаралары туралы мәліметтерді;

6) акционерлік инвестициялық қор, басқарушы компания Қазақстан Республикасының заңдарында, акциялар шығару проспектiсiнде немесе қор ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес таратқан өзге де ақпаратты табыс етуге мiндеттi.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Активтер мен міндеттемелердің құны және құрамы, инвестициялық қордың таза активтерінің құны, сондай-ақ пай ұстаушылар саны және пайдың кірістілігі туралы ақпаратты акционерлік инвестициялық қор немесе басқарушы компания уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен, нысандар бойынша және мерзімдерде береді.

2. Инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын орналастыру мен сатып алу бағасы, бiр пайдың есептiк құнын айқындау әдiсi туралы, осы мәлiметтер айқындалған соңғы күнгi жағдай бойынша қордың таза активтерiнiң құны (соның iшiнде оны сатып алған кездегi бiр акцияға немесе бiр пайға есептегенде) туралы, акцияларды немесе пайларды иеленуге немесе сатып алуға өтiнiмдердi қабылдаудың басталу мен аяқталу мерзiмi, уақыты, акцияларды немесе қордың пайларын орналастыруды, сатып алуды тоқтата тұрған немесе қайта бастаған жағдайлар туралы, акцияларды немесе пайларды орналастырған және сатып алған кездегi өкiлдер туралы ақпарат әлеуеттi инвесторларға, акционерлерге немесе пай ұстаушыларға акционерлік инвестициялық қордың жарғысында, акциялар шығару проспектiсi мен инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының ережелерiнде көрсетiлген жағдайларда, тәртiппен және тәсiлдермен ақпарат беруге тиiс.

3. Акцияларды немесе пайларды орналастыру және (немесе) сатып алу процесiн тоқтата тұру немесе жаңарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, акционерлік инвестициялық қор немесе басқарушы компания мұндай шешiм қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде себептерiн көрсете отырып, бұл жөнiнде хабарлама жариялауға (таратуға) мiндеттi.

 

 

2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 7-1-тараумен толықтырылды

7-1-тарау. Венчурлік қор

 

46-1-бап. Венчурлік қордың құқықтық жағдайы

1. Жай серіктестік нысанында құрылған венчурлік қор өз қызметін оған қатысушылар бірлескен қызмет туралы шарт (бұдан әрі - венчурлік қор шарты) жасасқан күннен бастайды.

2. Венчурлік қорға қатысушылардың саны екіден кем бола алмайды.

 

46-2-бап. Венчурлік қордың жарғысы

Заңды тұлға түрінде құрылатын венчурлік қордың жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мәліметтерден бөлек өз қызметінің айрықша түрі Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыру мақсатында ақша мен өзге де мүлікті тарту және жинақтау болып табылатыны туралы ереже қамтылуға тиіс.

Венчурлік қор Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерімен банктік салым шарттарын жасасуға құқылы.

 

46-3-бап. Венчурлік қор шарты

1. Венчурлік қор шарты бойынша екі немесе одан көп тұлға пайда табу үшін өздерінің салымдарын біріктіруге және заңды тұлға құрмастан венчурлік қаржыландыру жөніндегі бірлескен қызметті жүзеге асыруға міндеттенеді. Венчурлік қор шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жазылған шарт бостандығы қағидатының негізінде жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, сондай-ақ көзделмеген, бірақ оған қайшы келмейтін түрлі шарттардың элементтерін қамтуы мүмкін.

2. Венчурлік қор шартында тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және венчурлік қор шартында белгіленген шектерде және көлемде қатысады, бұл ретте бір немесе бірнеше тарап (венчурлік басқарушылар) венчурлік қордың жалпы істерін жүргізуді осындай шарттың барлық тараптары атынан жүзеге асырады.

3. Жеке тұлғалар, коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда коммерциялық емес ұйымдар венчурлік қор шартының тараптары бола алады.

4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік құқық бойынша заңды тұлғалар болып табылмайтын шетелдік ұйымдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең түрде венчурлік қор шартының тарапы ретінде қатысады.

5. Венчурлік басқарушының, егер венчурлік қор шарттарының ең болмағанда біреуінде қатысуға тыйым салынған болса, бір мезгілде екі немесе одан да көп венчурлік қор шарттарына қатысуға құқығы жоқ. Венчурлік басқарушы көрсетілген шектеуді бұза отырып жасаған венчурлік қор шарты осы шарттың кез келген басқа тарапының талап етуі бойынша венчурлік басқарушыға мұндай шарттың барлық тараптарына осыған байланысты өзі келтірген шығындарды өтеу міндетін жүктей отырып, сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.

6. Венчурлік қор шартында оны дараландыру мақсатында «венчурлік қор» деген сөздерді қамтитын осы шарттың атауы (жеке-дара белгіленуі) көрсетіледі.

7. Венчурлік қор шарты тарапының ол бойынша өз құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға беруі, оның ішінде құқықтық мирасқорлық нәтижесінде беруі, сондай-ақ жай серіктестіктің венчурлік қорына жаңа қатысушыны қабылдау қолданыстағы венчурлік қор шартын тоқтатуға және оның барлық тараптары арасында жаңа венчурлік қор шартын жасасуға алып келмейді.

Егер венчурлік қор шарты тараптарының келісімінде өзгеше көзделмесе, жай серіктестіктің венчурлік қорына жаңа қатысушыны қабылдау осы шартта белгіленген талаптарда, жалпы шартқа қатысуға ниеті бар тұлғаны қосу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда, венчурлік басқарушы мен осындай тұлға арасында венчурлік қордың жаңа қатысушысының ортақ іске салым енгізу жағдайларын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын қосылу туралы келісім жасалады. Бұл ретте венчурлік қор шартына өзгерістер енгізу талап етілмейді.

 

46-4-бап. Венчурлік басқарушының қызметі

1. Венчурлік қорға қатысушылардың мүдделерінде осы Заңда және венчурлік қорға қатысушылар жасайтын шартта белгіленген талаптарға сәйкес әрекеттер жасау арқылы венчурлік қор активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға венчурлік басқарушы болып табылады. Венчурлік басқарушы венчурлік қорға қатысушы болуы мүмкін.

2. Венчурлік басқарушы қор активтерін онымен жасалған шарт талаптарында басқару жөніндегі қызметке байланысты венчурлік қордың өкілі болып табылады. Венчурлік басқарушы сотта (төрелікте) венчурлік қордың өкілі болуға да құқылы.

3. Венчурлік басқарушы осы Заңның 46-3-бабы 5-тармағының талабын ескере отырып, бірнеше венчурлік қор активтерін басқаруға құқылы.

 

46-5-бап. Венчурлік қорлар қызметін жарнамалау

1. Венчурлік қорға қатысушылар және басқа да тұлғалар бұқаралық ақпарат құралдарында, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде венчурлік қор қызметі туралы жарнаманы орналастыруға, сондай-ақ жария оферта арқылы жаңа қатысушыларды тартуға құқылы емес.

2. Осы Заңды қолдану мақсаттары үшін венчурлік басқарушының интернет-ресурсында венчурлік қор туралы ақпарат орналастыру венчурлік қор жарнамасы болып табылмайды.

 

46-6-бап. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт

1. Венчурлік қор немесе қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын тұлға болып табылатын шаруашылық серіктестікке қатысушылар шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт жасасуға құқылы, осы шарт бойынша олар белгілі бір түрде өз құқықтарын жүзеге асыруға және (немесе) көрсетілген құқықтарды жүзеге асырудан тартынуға (бас тартуға), оның ішінде шаруашылық серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында белгілі бір түрде дауыс беруге, дауыс беру нұсқасын шаруашылық серіктестікке басқа да қатысушылармен келісуге, үлесті немесе үлестің бір бөлігін осы шартта айқындалған баға бойынша және (немесе) белгілі бір мән-жайлар басталған кезде сатуға не белгілі бір мән-жайлар басталғанға дейін үлесті немесе үлестің бір бөлігін иеліктен шығарудан тартынуға (бас тартуға), сондай-ақ серіктестікті басқаруға, құруға, оның қызметіне, қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты өзге де әрекеттерді келісе отырып жүзеге асыруға міндеттенеді. Мұндай шарт тараптар қол қойған бір құжат жасау жолымен жазбаша нысанда жасалады.

2. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт (оның бір бөлігі немесе бөліктері):

1) шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт (оның бір бөлігі немесе бөліктері) жасалған мерзім өткен;

2) шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы бұрын жасалған шарттың (оның бір бөлігінің немесе бөліктерінің) ережелері қайшы келетін немесе шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы бұрын жасалған шартты (оның бір бөлігін немесе бөліктерін) қамтитын, шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы жаңа шарт жасалған;

3) шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге мүліктен бөлек, қатысушылардың серіктестікке қаржы қарыздары бойынша талап ету құқықтары венчурлік қор болып табылатын шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым болуы мүмкін.

 

46-7-бап. Акционерлік келісім

1. Венчурлік қор немесе қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын тұлға болып табылатын қоғамның акционерлері акционерлік келісім жасасуға құқылы.

2. Осы Заңның мақсаттары үшін акциялармен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру туралы және (немесе) акцияларға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы шарт акционерлік келісім деп танылады. Акционерлік келісім бойынша оның тараптары акциялармен куәландырылған құқықтарды және (немесе) акцияға құқықтарды белгілі бір түрде жүзеге асыруға және (немесе) көрсетілген құқықтарды жүзеге асырудан тартынуға (бас тартуға) міндеттенеді.

Акционерлік келісімде оның тараптарының акционерлердің жалпы жиналысында белгілі бір түрде дауыс беру, дауыс беру нұсқасын басқа акционерлермен келісу, акцияларды күні бұрын белгіленген баға бойынша және (немесе) белгілі бір мән-жайлар басталған кезде сатып алу немесе иеліктен шығару, белгілі бір мән-жайлар басталғанға дейін акцияларды иеліктен шығарудан тартыну (бас тарту), сондай-ақ қоғамды басқаруға, оның қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты өзге де әрекеттерді келісе отырып жүзеге асыру міндеттері көзделуі мүмкін.

Акционерлік келісім тараптар қол қойған бір құжат жасау жолымен жазбаша нысанда жасалады.

3. Өз акцияларына қатысты осы келісімді жасаған акционерлік келісім тарапының қоғамды басқару органдарының нұсқауларына сәйкес дауыс беру міндеттемесі акционерлік келісімнің нысанасы бола алмайды.

4. Акционерлік келісім тек оның тараптарына ғана міндетті болып табылады. Акционерлік келісімнің тарапы акционерлік келісімді бұза отырып жасаған шартты акционерлік келісімнің мүдделі тарапының талап қоюы бойынша шарттың басқа тарапының акционерлік келісімде көзделген шектеулер туралы білетіні немесе көрінеу білуге тиіс екені дәлелденген жағдайларда ғана, сот жарамсыз деп тануы мүмкін.

5. Акционерлік келісімде акционерлік келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдері және осындай міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік шаралары көзделуі мүмкін.

Акционерлік келісім тараптарының осы келісімге негізделген құқықтары, оның ішінде келісімді бұзу арқылы келтірілген залалдардың өтелуін, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) өндіріп алынуын, өтемақыны (нақты ақшалай соманың немесе акционерлік келісімде көрсетілген тәртіппен айқындауға жататын соманың) төленуін немесе акционерлік келісімді бұзуға байланысты өзге де жауаптылық шараларының қолданылуын талап ету құқықтары сот, төрелік арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қорғалуға жатады.

6. Акционерлік келісім (оның бір бөлігі немесе бөліктері):

1) акционерлік келісім (оның бір бөлігі немесе бөліктері) жасалған мерзім өткен;

2) бұрын жасалған акционерлік келісімнің (оның бір бөлігінің немесе бөліктерінің) ережелері өзіне қайшы келетін немесе бұрын жасалған акционерлік келісімді (оның бір бөлігін немесе бөліктерін) қамтитын жаңа акционерлік келісім жасалған;

3) акционерлік келісімде көзделген өзге де жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.

 

46-8-бап. Опциондық шарт

1. Венчурлік қорға қатысушылар, венчурлік қорға қатысушы болу ниеті бар тұлғалар, венчурлік қор, қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын стартап-компания және (немесе) осындай стартап-компанияға қатысушылар (акционерлер) венчурлік қордың және (немесе) стартап-компанияның активтеріне не оларға қатысуға қатысты өзара опциондық шарттар жасасуға құқылы.

Қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын стартап-компания және (немесе) осындай стартап-компанияға қатысушылар (акционерлер) стартап-компанияның жұмыскерлерімен стартап-компанияның мүлкіне немесе оған қатысуға қатысты опциондық шарттар жасасуға да құқылы.

Осы Заңның мақсаттары үшін опциондық шарт деп оған байланысты бір тарап осындай шартта көзделген талаптарда басқа тараптан (басқа тараптардан) шартта белгіленген мерзімде опциондық шартта көзделген әрекеттерді жасауын, оның ішінде ақша төлеуін, мүлікті беруін немесе қабылдауын талап етуге құқылы болатын шарт танылады. Опциондық шартта осындай шартпен айқындалған мән-жайлар басталған кезде опциондық шарт бойынша талап мәлімделді деп есептелетіні көзделуі мүмкін.

Егер опциондық шартта көзделген әрекеттер жасау туралы талап белгіленген мерзімде мәлімделмесе, опциондық шарт тоқтатылады.

Опциондық шартты жасасу және орындау кезінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағының талаптары сақталуға тиіс.

2. Опциондық шартта, оның ішінде коммерциялық ұйымдар арасында жасалған опциондық шартта оның өтемсіз екендігі көзделген не егер осындай шартты жасасу тараптардың қатынастарынан туындайтын өзге де мән-жайға немесе заңмен қорғалатын өзге де мүддеге байланысты болған жағдайларды қоспағанда, тарап опциондық шарт бойынша талапты мәлімдеу құқығы үшін осындай шартта көзделген төлемді төлейді.

3. Егер опциондық шартта өзгеше көзделмесе, опциондық шарт тоқтатылған кезде осы баптың 2-тармағында көзделген төлем қайтарылуға жатпайды.

 

46-9-бап. Шарт жасасуға арналған опцион

1. Венчурлік қорға қатысушылар, венчурлік қорға қатысушы болу ниеті бар адамдар, венчурлік қор, қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын стартап-компания және (немесе) осындай стартап-компанияға қатысушылар (акционерлер) венчурлік қордың және (немесе) стартап-компанияның мүлкіне не оған қатысуға қатысты өзара шарт жасасуға арналған опцион (құқық) (шарт жасасуға арналған опцион) беру туралы келісім жасасуға құқылы.

Қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын стартап-компания және (немесе) осындай стартап-компанияға қатысушылар (акционерлер) стартап-компанияның активтеріне немесе оған қатысуға қатысты шарт жасасуға арналған опционды осындай стартап-компанияның жұмыскерлеріне беруге де құқылы.

Осы Заңның мақсаттары үшін шарт жасасуға арналған опцион деп бір тарап кері қайтарып алынбайтын оферта арқылы басқа тарапқа шарт жасасуға арналған опционда көзделген талаптарда бір немесе бірнеше шарт жасасу құқығын беретін шарт танылады.

Шарт жасасуға арналған опционда акцепт осындай опционда айқындалған, оның ішінде тараптардың бірінің ерік-жігеріне тәуелді болатын жағдай басталған кезде ғана мүмкін болады деп көзделуі мүмкін.

Шарт жасасуға арналған опционды жасасу және орындау кезінде «Акционерлік коғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағының талаптары сақталуға тиіс.

2. Шарт жасасуға арналған опционда кері қайтарып алынбайтын офертаның акцепті үшін мерзім белгіленбеген жағдайда, бұл мерзім, егер шарттың мәнінен немесе әдет-ғұрыптан өзгеше туындамаса, бір жылға тең деп саналады.

3. Егер шарт жасасуға арналған опционда өзгеше көзделмесе, ол бойынша төлем кері қайтарып алынбайтын оферта негізінде жасалған шарт бойынша төлемдер шотына жазылмайды және акцепт болмаған жағдайда қайтарылуға жатпайды.

4. Шарт жасасуға арналған опционда жасалуға жататын шарттың нысанасын және басқа да елеулі талаптарын айқындауға мүмкіндік беретін талаптар қамтылуға тиіс.

Жасалуға жататын шарттың нысанасы кері қайтарып алынбайтын офертаның акцепті сәтінде оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кез келген тәсілмен сипатталуы мүмкін.

5. Шарт жасасуға арналған опцион жасалуға жататын шарт үшін белгіленген нысанда жасалады.

6. Шарт жасасуға арналған опцион, егер осындай келісімнің мәнінен өзгеше туындамаса, басқа келісімге қосылуы мүмкін.

7. Шарт жасасуға арналған опцион бойынша құқық, егер осы келісімде өзгеше көзделмесе немесе оның мәнінен өзгеше туындамаса, басқа тұлғаға берілуі мүмкін.

 

46-10-бап. Венчурлік қаржыландыру мақсатында жасалатын шарттардың ерекшеліктері

1. Венчурлік қаржыландыру мақсатында шарт жасасқан тараптың, егер:

1) мән-жайлар туралы анық емес растамалар ұсынған тарап олардың анық еместігі туралы және контрагенттің келісілген талаптарда шарт жасасу кезінде осындай анық емес растамаларға сүйенетіні туралы білсе немесе білуге тиіс болса;

2) мән-жайлар туралы растамалар жазбаша нысанда жасалса және оларда осындай растамаларды берген тұлғаның осы арқылы өзі үшін міндеттемелер немесе өзге де азаматтық-құқықтық салдар жасау жөніндегі айқын ниеті болса, басқа тараптың шартты жасасу, оны орындау немесе тоқтату үшін маңызы бар мән-жайлар туралы анық емес растамаларына ақылға қонымды түрде сүйене отырып, өзіне келтірілген залалдарды өтетуге құқығы бар.

2. Шартты жарамсыз деп тану осы баптың 1-тармағында көзделген салдардың басталуына кедергі келтірмейді.

3. Міндеттеме тараптары өздерінің венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыруы кезінде әрекет ете отырып, шартта бір тараптың басқа тараптың шартта айқындалған мән-жайлар басталған кезде туындаған және оның тарапының міндеттемені бұзуына байланысты емес мүліктік жоғалтуларын (міндеттемені орындаудың мүмкін болмауынан, үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттік билік органының шартта көрсетілген тарапқа немесе үшінші тұлғаға талаптар қоюынан туындаған жоғалтулар және басқалары) өтеу міндетін көздей алады. Шартта осындай жоғалтуларды өтеу мөлшері немесе оны анықтау тәртібі айқындалуға тиіс.

4. Тараптың жоғалту мөлшерін ұлғайтуға әдейі жәрдемдескені дәлелденсе, сот шарт тараптары көздеген жоғалтуларды өтеу шегін төмендетуге құқылы.

5. Шарт тараптары көздеген жоғалтулар, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың жасалмаған немесе жарамсыз деп танылуына қарамастан өтеледі.

6. Жоғалтулар үшінші тұлғаның заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты туындаған жағдайда, кредитордың осы үшінші тұлғаға залалдарды өтеу туралы талабы осындай жоғалтуларды өтеген тарапқа өтеді.

7. Осы баптың қағидалары, жоғалтуларды өтеу туралы талап акционерлік келісімде (шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шартта) не акцияларды немесе шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестерді иеліктен шығару туралы шартта көзделген, оның ішінде осындай акционерлік келісімнің (шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарттың) тарапы кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға немесе мемлекет болып табылған жағдайларда да қолданылады.

 

 

8-тарау. Қорытынды ережелер

 

47-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық

Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

48-бап. «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күшi жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» 1997 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 57-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат).

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.Ә. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2004 жылғы шілденың 7-і.

 

№ 576-II