Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 сәуірдегі
№ 475 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 маусымдағы № 707
Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен күші жойылды

 

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгi құралдар тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 245-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгі құралдар тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 38-1, 38-2 және 38-3-жолдармен толықтырылсын:

     "38-1  Карточкаларды оқитын құрылғылары (карт-
            ридерлерi) бар төлем карточкаларын
            пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге
            асыру үшiн пайдаланылатын
            микрокомпьютерлер*                      8471 30 000 0-ден
 
     38-2   Импринтер - сату/сервис нүктелерiнде
            төлем карточкаларын қабылдауға
            арналған механикалық құрылғы; төлем
            карточкаларын дербестендiруге арналған
            құрылғылар; эмбоссер - төлем
            карточкасына ақпаратты таңбалап басу
            түрiнде енгізуге арналған құрылғылар*   8472 20 000 0-ден
 
     38-3   Электронды депозитарлық машиналар -
            төлем карточкаларын пайдалана отырып,
            ұстаушылардың шотына депозиттер
            қабылдайтын құрылғылар;
            кэш-диспенсерлер; банкоматтар*          8472 90 800 0-ден".
 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов