Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою және өнеркәсiптiк
қауiпсiздiк мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2004 жылғы 15 маусымдағы № 563-II Қазақстан Республикасының Заңы


Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат):

1) 1-бапта:

бесiншi абзацтағы "жарияланған" деген сөз "туындаған" деген сөзбен ауыстырылсын;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтiрген нұқсанның көлемiне қарай объектiлiк, жергiлiктi, өңiрлiк және жаhандық болып бөлiнедi.";

жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы және оныншы абзацтар алып тасталсын;

2) 10-бапта:

сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Tөтенше жағдайлардың сыныпталуын белгiлейдi;";

он төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"табиғи және техногендiк сипаттағы жаhандық төтенше жағдайлардың зардаптарын жою туралы шешiм қабылдайды;";

3) 13-баптың үшiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацы алып тасталсын;

4) 19-бап алып тасталсын;

5) 20-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:

"Төтенше жағдайлар аймағының шекараларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған төтенше жағдайларды жою басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген төтенше жағдайларды сыныптау негiзiнде айқындайды.";

6) 24-бап алып тасталсын.

2. "Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат):

1) 1-бапта:

үшiншi абзацтағы "және материалдармен жарақтандырылған" деген сөздер ", материалдармен жарақтандырылған және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;

оныншы абзацтағы "технологиясы мен авариялылық сипаты жөнiнен ерекше қауiптi өндiрiстерге" деген сөздер "қауiптi өндiрiстiк объектiлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 7-бапта:

1-тармақта:

екiншi абзац "өртке қарсы," деген сөздерден кейiн "суда құтқару," деген сөздермен толықтырылсын;

үшiншi абзацтағы "және өртке қарсы құрамалар" деген сөздер ", өртке қарсы және суда құтқару құрамалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

"4. Кәсiби авариялық-құтқару құрамалары арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылады және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiледi.

Кәсiби авариялық-құтқару құрамаларын жарақтандырудың және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етудiң нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.";

3) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Төтенше жағдайларды жою басшысының өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

4) 23-бапта:

2-тармақтың соңғы абзацындағы "пайдалануға" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "құқылы." деген сөз алып тасталсын және тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"қызметтiк iздестiру иттерiн қолдануға құқылы.";

5-тармақтағы "тамақпен" деген сөз "тамақ өнiмдерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

Н. Назарбаев