Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1726 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1283 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 710 Қаулысымен ; ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетiн таратудың кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 сәуiрдегі № 494 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

1. «Сот приставтарының нысандық киiмi мен ерекшелiк белгiлерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1726 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшiлiгi жөнiндегі комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасының cот приставтары нысандық киiмiнiң ерекшелiк белгілерiнiң сипаттамасы мен үлгілерiнде:

«Сот приставтарының ерекшелiк белгілері деген бөлiмде:

төртіншi абзацтағы «шеңбердiң төменгі жағында - ӘДIЛЕТ МИНИСТРЛІГІ деген алтын түстес жазу» деген сөздер алынып тасталсын;

4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1283 қаулысына қосымша

4-қосымша

Сот приставының атаулы жетоны

 

[Графикалық нысанды қараңыз]