Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 992 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 14, 143-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

2-тармақта:

"5" деген сан "15" деген сандармен ауыстырылсын;

3-тармақта:

"10" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламада:

7-бөлiмде:

реттiк нөмiрi 1.1.1-жолдың "Iске асыру (орындау) мерзiмi" деген бағанындағы "ІІІ тоқсан 2003 ж." деген сөздер "IV тоқсан 2004 ж." деген сөздермен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 2.2.1-жолдың "Орындауға жауаптылар" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

"EХҚМ, ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов