Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 маусымдағы № 517 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығын, «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 993 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 12-жолдың 2-бағанындағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
И. Тасмағамбетов |