«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери
құралымдарының офицерлiк құрам, прапорщиктер мен мичмандар
лауазымдарындағы келісiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы»
ережелерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 21 сәуірдегі № 373 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 777 Қаулысымен күші жойылды
"Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының офицерлiк құрам лауазымдарындағы келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы ережесi;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарындағы келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы ережесi бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың тәртібі туралы уақытша ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 мамырдағы № 580 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 20, 176-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және олардың күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 789 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 241-құжат).
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Үкіметінiң
2003 жылғы 21 сәуірдегі
№ 373 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа әскерлерi мен
әскери құралымдарының офицерлiк құрам лауазымдарында келісім-шарт
бойынша әскери қызмет туралы ереже
Осы Ереже "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының (бұдан әpi - Қарулы Күштер) офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарттың үлгiсiн, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібін айқындайды.
1-тарау. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру
туралы келісiм-шартты жасасу, ұзарту және өзгерту тәртібі
1. Офицерлiк құрам лауазымдарындағы әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт әскери қызметшi не әскери қызметке қабылданатын адам және штаттық құрылымында әскери қызметті өткеру көзделген уәкілеттi мемлекеттік орган лауазымды адамының арасында жасалады.
2. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт:
1) белгiленген әскери қызмет мерзiмi аяқталған кезде шақыру бойынша әскери қызметтi өткеретiн офицерлермен;
2) әскери қызметте тұрудың шектi жасына жетпеген запастағы офицерлермен;
3) кiшi офицерлердi даярлау жөніндегі курстарға жiберiлген әскери қызметшiлермен курстарды бiтiргеннен кейiн;
4) әскери (арнайы) оқу орындарының курсанттарымен (тыңдаушыларымен), оқу орындарын бiтiргеннен кейiн;
5) жоғары білімi бар прапорщиктермен;
6) жоғары білімi және тиiстi әскери мамандыққа бейiнi бойынша ұқсас мамандығы бар ер және әйел адамдармен жасалады.
3. Осы Ереженiң 2-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеруге тілек білдiрген әскери қызметшiлер уәкілеттi мемлекеттік органның лауазымды адамына әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарт жасасу туралы рапорт бередi.
4. Запастағы офицерлер, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеруге тiлек бiлдiрген ер және әйел адамдар әскери есепке алынған жерi бойынша аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа Заңның 16-бабында белгiленген құжаттар тiзбесiн ұсынады.
Аудандық (қалалық) әскери комиссариат уәкiлеттi мемлекеттік органның өтiнiмiнде (қолдаухатында) белгiленген мерзiмде тиiсті әскери есептік мамандықтар бойынша кандидаттардың келiп түскен құжаттарын қарайды.
Заңның 17-бабының талаптарына сай келетiн кандидаттардың құжаттары облыстық (қалалық) әскери комиссариатқа жiберiледi.
5. Облыстық (қалалық) әскери комиссариат қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асырады, сондай-ақ арнайы тексерудi және медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Ірiктеуден өткен кандидаттардың құжаттары келiп түскен Қарулы Күштердің лауазымды адамдарының өтiнiмдерiне (қолдаухаттарына) сәйкес әскери бөлiмдердiң командирлеріне (бастықтарына) жiберiледi.
6. Әскери бөлiмдердiң командирлері (бастықтары) облыстық (қалалық) әскери комиссариаттардың iрiктеуiнен өткен запастағы офицерлердi аттестаттау коммиссиясында қарауға шақырады.
Аттестаттау комиссиясы оларға қатысты оң шешiм қабылдаған кандидаттармен офицерлік құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт қосымшаға сәйкес жасалады.
Қалған адамдарға әскери бөлiм он күн мерзiмде кандидаттың құжаттарын уәжделген бас тарту себептерiмен әскери есепке алынған әскери комиссариатына қайтарады.
7. Офицерлiк құрам лауазымында әскери қызметтi өткеруге келісім-шарт Заңның 1-бабымен айқындалған уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдарымен қосымшаға сәйкес жасалады.
8. Келісім-шарт жасасу, оның қолданылуының мерзiмi мен тәртібі Заңның 15 және 16-баптарына сәйкес айқындалады.
9. Офицерлiк құрам лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеретін, шекті жасқа жетпеген және келісім-шарт бойынша әскери қызмет мерзiмiн ұзартуға тiлек білдiрген әскери қызметшілер келісім-шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына 3 ай қалғанға дейiн оны ұзарту туралы рапорт бередi.
Уәкілеттi мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары аттестаттау комиссиясы қорытындысының негiзiнде келісім-шартты ұзартады. Келісім-шартты ұзартудан бас тартылған адамдар осы Ереженiң 16-тармағына сәйкес босатуға жатады.
10. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес офицер-ғылым кандидаттарына (доценттерге), сондай-ақ әскери қызметте тұрудың шектi жасына жеткен, жоғары кәсiби даярлығы, атқаратын қызметiнде практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметті өткеру үшiн жарамды басқа да әскери қызметшiлерге Қарулы Күштердiң бiрiншi басшылары қызмет ету мерзiмiн 5 жылға дейiнгi мерзiмге, ал ғылым докторларына (профессорларға) - 10 жылға дейiнгi мерзiмге жаңа келісім-шарт жасасу жолымен ұзартуы мүмкiн.
11. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт екi тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және өзiнiң қолданылуын жасалған мерзiм аяқталған кезде немесе оны бұзуға байланысты тоқтатады.
12. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт бiржақты тәртiппен өзгертiлуi мүмкiн емес.
Келісім-шартқа қажеттi өзгерістер келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жатқан әскери қызметшi қызмет бойынша жоғарылатылған, әскери атақ берiлген (төмендетiлген), ауыстырылған немесе орын ауыстырған жағдайда енгізіледi.
2-тарау. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру
туралы келісім-шартты тоқтату және бұзу
13. Офицерлiк құрам лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi тоқтату және босату осы Ереженiң 16-18-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша уәкілеттi мемлекеттік орган лауазымды адамдарының жеке құрамы бойынша бұйрығымен:
1) егер босатылатындар запаста тұрудың шектi жасына жетпесе және бейбiт немесе соғыс уақытында денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болса запасқа;
2) егер босатылатындар запаста тұрудың шектi жасына жетсе немесе әскери дәрiгерлiк комиссия денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығарып жарамсыз деп таныған болса отставкаға шығара отырып жүргiзiледi.
14. Офицерлiк құрам лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлер алдағы әскери қызметтен босату туралы алдын ала, босатуға дейiн екi айдан кешiктiрмей хабардар етiледi. Олармен осы Ереженiң 16-тармағы 4) тармақшасының, 17 және 18-тармақтарының негiзiнде босатылатын адамдардан басқа, тiкелей және басқа командирлер (бастықтар) жеке әңгiмелесу жүргiзедi.
15. Офицерлiк құрам лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан, запасқа (отставкаға) шығаруға жататын әскери қызметшiлер iстерi мен лауазымдарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Iшкi қызмет жарғысында белгіленген мерзiмдерде тапсырғаннан кейiн, бiрақ кезектi демалыста немесе емделуде болған кезiнен басқа жағдайларда, әскери бөлiм запасқа (отставкаға) шығару туралы жазбаша түрдегi бұйрықты алған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктірмей босатылуы тиiс.
16. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт Заңның 21-бабына сәйкес мынадай жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн:
1) келісім-шарт мерзiмiнiң аяқталуы бойынша, егер келісім-шарт тараптардың келісімi бойынша ұзартылмаған болса;
2) ұйымның таратылуына, санның немесе штаттың қысқаруына байланысты, егер әскери қызметшi басқа ұсынылған лауазымға келiспесе;
3) денсаулық жағдайы бойынша - әскери дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыз деп тануына байланысты;
4) соттың айыптау үкімінiң заңды күшіне енуiне байланысты.
17. Офицерлiк құрам лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкiн:
1) тараптардың келісім-шарт талаптарын орындамауына байланысты;
2) әскери қызметшiнiң қызметке дәлелсiз себептермен шықпай қалуына байланысты.
18. Офицерлiк құрам лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт әскери қызметшiнiң қалауы бойынша мынадай жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн:
1) оған қатысты келісім-шарт талаптарының елеулi немесе жүйелi бұзылуына байланысты;
2) отбасылық жағдайлары бойынша.
Қарулы Күштерінің,
басқа әскерлерi мен әскери
құралымдарының офицерлiк
құрам лауазымдарында
келісім-шарт бойынша әскери
қызмет туралы ережеге
қосымша
Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы
КЕЛІСІМ-ШАРТ
___________________________________________________________ атынан
(уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы, оның орналасқан жерi)
__________________________________________________________________
(уәкiлеттi мемлекеттік орган лауазымды адамының атағы, тегi, аты,
__________________________________________________________________
әкесiнiң аты және лауазымы)
және _____________________________________________________________
(келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның
__________________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың
__________________________________________________________________
атауы нөмiрi мен берілген күнi, әлеуметтік жеке кодының нөмiрi,
__________________________________________________________________
салық төлеушінің тiркеу нөмiрi)
Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы осы
Келісiм-шартты заңнамамен және осы Келісім-шартпен белгiленген талаптарда
_______ мерзiмге жасасты.
1. Офицерлiк құрам лауазымына келісім-шарт бойынша әскери қызметке
қабылданатын адам "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңының (бұдан әрi Заң) 10-бабы
2-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген талаптармен танысты
және оған әскери қызметтiң зиянды және қауiптi жағдайлары туралы,
сондай-ақ әскери қызметтiң міндеттерін орындаумен байланысты құқықтардың
шектелуi туралы ескертiлдi.
2. Офицерлiк құрам лауазымына келісім-шарт бойынша әскери қызметке
қабылданатын адам өз еркімен мыналарға мiндеттеме бередi:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын, Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларын сақтауға;
2) келісім-шарт бойынша әскери қызметті өткеретiн әскери қызметшiлер
үшiн қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген шектеулердi қабылдауға;
3) келісім-шартпен белгiленген әскери қызметтiң мiндеттерiн адал
орындауға;
4) әскери тәртiп пен қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;
5) қызмет процесiнде мемлекеттік мүлiкке зиян келтiруге жол
бермеуге;
6) оған берiлген құқықтар шегінде және лауазымдық мiндеттерге сәйкес
өкiлеттiктердi жүзеге асыруға;
7) оған сенiп тапсырылған мемлекеттік, әскери, қызметтiк және өзге
заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді, соның iшiнде әскери
қызметтi тоқтатқаннан кейiн де Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген уақыт iшiнде жарияламауға;
8) адамдардың өмiрi мен денсаулығына және мүлiктiң сақталуына қатep
төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы хабарлауға;
9) командирлердің (бастықтардың) және өзге де лауазымды адамдардың
оларға берілген өкілеттiктер шегiнде берген бұйрықтары мен өкiмдерiн
орындауға.
3. Офицерлiк құрам лауазымына келісім-шарт бойынша әскери қызметке
қабылданатын адамның мыналарға құқығы бар:
1) Заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңнамасы кепілдiк беретiн құқықтар мен
бостандықтарды пайдалануға;
2) өзiне командирлер (бастықтар) және өзге лауазымды адамдар
тарапынан жеке басының ар-ожданын құрметтеуге, әдiл және құрметпен
қарауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша
және тәртiппен мемлекет есебiнен ақшалай және заттай үлеспен қамтамасыз
етілуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен
қамсыздандырылуға, әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
5) біліктілiгiн, қабiлеттерiн, өзiнiң қызметтік мiндеттерiн адал
атқаруын ескере отырып қызмет бойынша жоғарылатылуға;
6) негiзсiз айыптаулар болған кезде қызметтік тексерiстi талап
етуге;
7) өмiрi мен денсаулығының қорғалуына;
8) Заңда және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да
әскерлерi мен әскери құралымдарының офицерлiк құрам лауазымдарында
келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы ережеде көзделген жағдайларда
уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім-шартты ұзартуға, өзгертуге және
бұзуға;
9) техника қауiпсiздiгi мен гигиена талаптарына жауап беретін қызмет
жағдайларына;
10) демалысқа;
11) әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына
немесе жеке мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуiне;
12) қызметтiк мiндеттердi атқарумен байланысты туындаған дауларды
тараптардың келісімi бойынша немесе сот тәртібімен шешуге;
13) уәкiлеттi мемлекеттік органнан келісім-шартта тарапты бiлдiретiн
лауазымды адамның өкiлеттiктерiн растауды талап етуге;
14) өз кәсiби біліктiлiгiн арттыруға;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
16) қолданылып жүрген заңнамада көзделген басқа да кепiлдiктер мен
өтемақылар алуға.
4. _________________________________________________________
(уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы)
келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамды
_________________________________________________________ офицерлiк
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
құрам лауазымына келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдай отырып:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және келісім-шартқа сәйкес
әскери қызметтiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз етедi;
2) әскери қызметшiнi Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген нормалар бойынша және тәртiппен ақшалай және заттай үлестің
барлық түрлерiмен, сондай-ақ олардың әскери қызметінің мiндеттерiн
орындауы үшiн қажеттi құралдармен және материалдармен қамтамасыз етедi;
3) осы келісім-шартты жасасқан кезде келісім-шарт бойынша әскери
қызметке қабылданатын адамды лауазымдық мiндеттерiмен және Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген әскери
қызмет өткерудiң талаптарымен таныстырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыруды
қамтамасыз етедi;
5) әскери қызметшiге, өмiрi мен денсаулығына немесе жеке мүлкiне
әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде келтiрiлген зиянды Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген тәртіппен
және шарттарда өтеудi қамтамасыз етедi;
6) келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамға әскери
қызметтің зиянды және қауіпті жағдайлары және кәсiби науқас болу
мүмкiндiгi туралы, сондай-ақ әскери қызмет мiндеттерiн атқарумен
байланысты құқықтардың шектелуі туралы ескертедi;
7) осы келісім-шарттың 10-тармағына бұйрықтың күнi мен нөмiрiн жаза
отырып, әскери қызметшiнi келісім-шартта көзделген лауазымға тағайындау
туралы бұйрық шығарады.
5. Уәкiлеттi мемлекеттік орган лауазымды адамының мыналарға құқығы
бap:
1) келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын (қабылданған)
адаммен келісім-шартты Заңмен және Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерiнің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының офицерлiк құрам
лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы ережеде
белгіленген жағдайларда жасасуға, ұзартуға, өзгертуге, бұзуға және
тоқтатуға;
2) келісім-шарт жасасқан кезде әскери қызметке қабылданатын адамнан
Заңның 16-бабында көзделген құжаттарды ұсынуын талап етуге;
3) өз өкiлеттiктерi шегiнде бұйрықтар шығаруға;
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларында белгіленген
тәртіппен көтермелеуге және тәртіптік жаза қолдануға.
6. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы
келісім-шарт оған екi тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және
жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн немесе оны бұзуға байланысты өзiнiң
қолданылуын тоқтатады.
Келісім-шартта және әскери қызметшiнi лауазымға тағайындау туралы
бұйрықта көрсетiлген күн әскери қызметшiнiң қызметтiк мiндеттерiн
атқаруының басталуы болып саналады.
7. Келісім-шарттың талаптары тараптардың орындауы үшiн мiндеттi
болып табылады, тараптардың даулары Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
8. Келісім-шарт екi данада жасалды, бiр данасы келісім-шарт бойынша
әскери қызметке қабылданған адамға беріледi.
9. Қосымша талаптар ________________________________________
__________________________________________________________________
_____________________________ ________________________________
(келісім-шарт бойынша әскери (уәкiлетті мемлекеттік орган
қызметке қабылданатын адамның лауазымды адамының тегi, аты,
тегi, аты, әкесiнiң аты) әкесiнің аты)
_____________________________ ________________________________
(жеке қолы) (жеке қолы)
М.О.
200_ жылғы "___"_____________ 200_ жылғы "___"______________
10. Әскери қызметшiнiң қабылдануы және қызмет бойынша орын
ауыстыруы:
Офицер тағайындалған лауазым (әскери бөлiмдi көрсете отырып), тағайындау (орын ауыстыру, босату) үшiн негiздеме, әскери есептiк мамандық | Бұйрықты кім шығарды, оның нөмірі мен күні | Ескерту |
Қандай әскери атақ берiлдi | Бұйрықты кiм шығарды, оның нөмiрi мен күнi | Ескерту |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 21 сәуірдегі
№ 373 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа
әскерлерi мен әскери құралымдарының прапорщиктер мен мичмандар
лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери
қызмет туралы ереже
Осы Ереже "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының (бұдан әрi - Қарулы Күштер) прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарттың үлгiсiн, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібін айқындайды.
1-тарау. Прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында әскери қызметтi
өткеру туралы келісім-шартты жасасу, ұзарту және өзгерту тәртібі
1. Прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарындағы әскери қызмет туралы келісім-шарт әскери қызметшi не әскери қызметке қабылданатын адам мен штаттық құрылымында әскери қызметтi өткеру көзделген уәкiлеттi мемлекеттік орган лауазымды адамының арасында жасалады.
2. Прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт:
1) мерзiмдi әскери қызметтiң аяқталуы бойынша жоғары, орта немесе орта кәсiптiк білімi бар солдаттармен, матростармен, сержанттармен және старшиналармен;
2) солдаттардың, матростардың, сержанттар мен старшиналардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткерiп жатқан жоғары, орта немесе орта кәсiптiк білімi бар әскери қызметшiлермен;
3) әскери қызметте тұрудың шектi жасына жетпеген запастағы прапорщиктермен және мичмандармен;
4) жоғары, орта немесе орта кәсiптiк білімi бар запастағы солдаттармен, матростармен, сержанттармен және старшиналармен;
5) жоғары, орта немесе орта кәсiптiк білімi және тиiстi әскери мамандық саласы бойынша ұқсас мамандығы бар ер және әйел жынысты адамдармен жасалады.
3. Прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында әскери қызметтi өткеруге келісім-шарттар Заңның 1-бабымен белгiленген уәкілеттi мемлекеттік органның лауазымы адамдарымен қосымшаға сәйкес жасалады.
4. Келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеруге тiлек білдiрген осы Ереже 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар әскери есепке алынған жерi бойынша аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа Заңның 16-бабында белгiленген құжаттар тiзбесiн ұсынады.
Аудандық (қалалық) әскери комиссариат уәкiлеттi мемлекеттік органның өтiнiмiнде (өтінішінде) белгiленген мерзiмде тиісті әскери есептiк мамандықтар бойынша кандидаттардың келiп түскен құжаттарын қарайды.
Заңның 17-бабының талаптарына сай келетiн кандидаттардың құжаттары облыстық (қалалық) әскери комиссариатқа жiберiледi.
5. Облыстық (қалалық) әскери комиссариат қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асырады, сондай-ақ арнайы тексеру мен медициналық куәландыруды жүргiзу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Iрiктеуден өткен кандидаттардың құжаттары Қарулы Күштердiң тиiстi лауазымды адамдарының келiп түскен өтінiмдерiне (өтiнiштерiне) сәйкес әскери бөлiмдердің командирлерiне (бастықтарына) жiберiледi.
6. Облыстық (қалалық) әскери комиссариаттардың iрiктеуiнен өткен запастағы прапорщиктер мен мичмандарды әскери бөлiмдердiң командирлері (бастықтары) аттестаттау комиссиясында қарауға шақырады.
Аттестаттау комиссиясы оларға қатысты оң шешiм қабылдаған кандидаттармен прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісiм-шарт қосымшаға сәйкес жасалады.
Қалған адамдарға әскери бөлiм он күн мерзiмде кандидаттың құжаттарын әскери есепке алынған жерi бойынша әскери комиссариатына уәжделген бас тарту себептерiмен қайтарады.
7. Келісім-шарт жасасу, оның қолданылуының мерзiмi мен тәртібі Заңның 15 және 16-баптарына сәйкес айқындалады.
8. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін, шекті жасқа жетпеген және келісім-шарт бойынша әскери қызмет мерзiмiн ұзартуға тiлек білдiрген әскери қызметшiлер келісім-шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына 3 ай қалғанға дейiн оны ұзарту туралы рапорт бередi.
Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тұрақты жұмыс iстейтiн аттестаттау комиссиясы қорытындысының негiзiнде келісім-шартты ұзартады. Келісім-шартты ұзартудан бас тартылған адамдар осы Ереженің 15-тармағына сәйкес босатуға жатады.
9. Қарулы Күштердiң бiрiншi басшылары әскери қызметте тұрудың шектi жасына жеткен, жоғары кәсiби даярлығы, атқаратын қызметiнде практикалық жұмыс тәжірибесi бар және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтi өткеру үшiн жарамды прапорщиктер мен мичмандардың қызмет ету мерзiмiн "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес 5 жылға дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкiн.
10. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт екі тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және өзiнiң қолданылуын жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн немесе оны бұзуға байланысты тоқтатады.
11. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарт бiржақты тәртіппен өзгерiлуi мүмкiн емес.
Келісім-шартқа қажеттi өзгерістер келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жатқан әскери қызметшiге әскери атақтар берiлген (төмендетiлген), ауыстырылған немесе орын ауыстырған жағдайда енгiзіледi.
2-тарау. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери
қызметтi өткеру туралы келісім-шартты тоқтату және бұзу
12. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi тоқтату және босату осы Ереженiң 15-17-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша Қарулы Күштер лауазымды адамдарының жеке құрам бойынша бұйрығымен:
1) егер босатылатындар запаста тұрудың шектi жасына жетпесе және бейбiт немесе соғыс уақытында денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болса запасқа;
2) егер босатылатындар запаста тұрудың шектi жасына жетсе немесе әскери-дәрiгерлiк комиссия денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығарып жарамсыз деп танылған болса, отставкаға шығара отырып жүргiзiледi.
13. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшiлер болатын әскери қызметтен босату туралы алдын ала, босатуға дейiн екi айға дейiн мерзiмнен кешiктiрмей хабардар етiледi. Олармен 15-тармақтың 4) тармақшасының, 16 және 17-тармақтардың негiзiнде босатылатын адамдардан басқа, тiкелей және басқа командирлер (бастықтар) жеке әңгiмелесу жүргiзедi.
14. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жатқан, запасқа (отставкаға) шығаруға жататын әскери қызметшiлер iстерi мен лауазымдарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Iшкi қызмет жарғысында белгiленген мерзiмдерде тапсырғаннан кейiн, бiрақ кезектi демалыста немесе емделуде болған кезiнен басқа жағдайларда, әскери бөлiм запасқа (отставкаға) шығару туралы жазбаша түрдегi бұйрықты алған күннен кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктірмей босатылуы тиiс.
15. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметті өткеру туралы келісім-шарт Заңның 21-бабына сәйкес мынадай жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн:
1) келісім-шарт мерзiмiнiң аяқталуы бойынша, егер келісім-шарт тараптардың келісімi бойынша ұзартылмаған болса;
2) ұйымның таратылуына, санның немесе штаттың қысқаруына байланысты, егер әскери қызметшi басқа ұсынылған лауазымға келіспесе;
3) денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыз деп таңуына байланысты;
4) соттың айыптау үкімінiң заңды күшiне енуiне байланысты.
16. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкiн:
1) тараптардың келісім-шарт талаптарын орындамауына байланысты;
2) әскери қызметшiнiң қызметке дәлелсiз себептермен шықпай қалуына байланысты.
17. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт әскери қызметшiнiң қалауы бойынша мынадай жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн:
1) оған қатысты келісім-шарт талаптарының елеулi немесе жүйелi бұзылуына байланысты;
2) отбасылық жағдайлары бойынша.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң,
басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының
прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында
келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы
ережеге қосымша
Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында
әскери қызметтi өткеру туралы
КЕЛІСІМ-ШАРТ
___________________________________________________________ атынан
(уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы, оның орналасқан жерi)
__________________________________________________________________
(уәкiлеттi мемлекеттік орган лауазымды адамының атағы, тегi, аты,
__________________________________________________________________
әкесiнiң аты және лауазымы)
және _____________________________________________________________
(келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның
__________________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың
__________________________________________________________________
атауы, нөмiрi мен берілген күнi, әлеуметтік жеке кодының нөмiрi,
__________________________________________________________________
салық төлеушінің тiркеу нөмiрi)
прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы
осы келісiм-шартты заңнамамен және осы келісім-шартпен белгiленген
негіздерде_______ мерзiмге жасасты.
1. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымына келісім-шарт бойынша
әскери қызметке қабылданатын адам "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет
туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңы (бұдан
әрi - Заң) 10-бабының 2-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген
талаптармен танысты және әскери қызметтiң зиянды және қауiпті жағдайлары
туралы, сондай-ақ әскери қызметтiң мiндеттерiн орындаумен байланысты
құқықтардың шектелуi туралы ескертiлдi.
2. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымына келісім-шарт бойынша
әскери қызметке қабылданатын адам өз еркiмен мыналарға мiндеттеме бередi:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын, Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларын сақтауға;
2) келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеретiн әскери қызметшiлер
үшiн қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген шектеулердi қабылдауға;
3) келісім-шартпен белгiленген әскери қызметтiң мiндеттерiн адал
орындауға;
4) әскери тәртiп пен қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
5) қызмет процесiнде мемлекеттік мүлiкке зиян келтiруге жол
бермеуге;
6) оған берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерге сәйкес
өкiлеттiктi жүзеге асыруға;
7) оған сенiп тапсырылған мемлекеттік, әскери, қызметтiк және өзге
заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді, соның iшiнде әскери
қызметтi тоқтатқаннан кейiн де Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген уақыт iшiнде жария етпеуге;
8) адамдардың өмiрi мен денсаулығына және мүлiктiң сақталуына қатер
төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы хабарлауға;
9) командирлердің (бастықтардың) және өзге де лауазымды адамдардың
оларға берiлген өкілеттiктер шегiнде берген бұйрықтары мен өкiмдерiн
орындауға.
3. Прапорщик пен мичманның лауазымына келісім-шарт бойынша әскери
қызметке қабылданатын адамның мыналарға құқығы бар:
1) Заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан
Республикасының Конституциясы және заңнамалары кепілдiк беретiн құқықтар
мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өзiне командирлер (бастықтар) және өзге лауазымды адамдар
тарапынан жеке басының ар-ожданын құрметтеуге, әдiл және құрметпен
қарауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша
және тәртіппен мемлекет есебiнен ақшалай және заттай үлеспен қамтамасыз
етілуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен
қамсыздандырылуға, әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
5) біліктiлiгiн, қабiлеттерiн, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал
атқаруын ескере отырып қызметi бойынша жоғарылатылуға;
6) негiзсiз айыптаулар болған кезде қызметтік тексерiстi талап
етуге;
7) өмiрi мен денсаулығының қорғалуына;
8) Заңда көзделген жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттік органмен
келісім-шартты ұзартуға, өзгертуге және бұзуға;
9) техника қауiпсiздiгi мен гигиена талаптарына жауап беретін қызмет
жағдайларына;
10) демалысқа;
11) әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына
немесе жеке мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуiне;
12) қызметтiк мiндеттердi атқарумен байланысты пайда болған дауларды
тараптардың келісімi бойынша немесе сот тәртібiмен шешуге;
13) уәкiлеттi мемлекеттік органнан келісім-шартта тарапты білдiретiн
лауазымды адамның өкілеттiктерiн растауды талап етуге;
14) өз кәсiби біліктілiгiн арттыруға;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
16) қолданылып жүрген заңнамада көзделген басқа да кепілдiктер мен
өтемақылар алуға.
4. __________________________________________________________
(уәкiлетті мемлекеттік органның атауы)
әскери қызметшi (әскери мiндеттi) _________________________________
(тегі, аты-жөні)
келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдайды және:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және келісім-шартқа сәйкес
әскери қызметтiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз етуге;
2) әскери қызметшiнi Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген нормалар бойынша және тәртіппен ақшалай және заттай үлестiң
барлық түрлерiмен, сондай-ақ олардың әскери қызметтiң міндеттерiн
орындауы үшiн қажеттi құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
3) келісім-шартты жасасқан кезде келісім-шарт бойынша әскери
қызметке қабылданатын адамды лауазымдық мiндеттерiмен және Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгіленген әскери
қызметті өткерудiң талаптарымен таныстыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыруды
қамтамасыз етуге;
5) әскери қызметшiге өмiрi мен денсаулығына немесе жеке мүлкiне
әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде келтірілген зиянды Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен
және жағдайда өтеудi қамтамасыз етуге;
6) келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамға әскери
қызметтің зиянды және қауiптi жағдайлары және кәсiби науқас болу
мүмкiндiгi туралы, сондай-ақ әскери қызмет мiндеттерiн атқарумен
байланысты құқықтардың шектелуiн ескертуге;
7) әскери қызметшiнi келісім-шартта көзделген лауазымға тағайындау
туралы бұйрық шығаруға және осы келісім-шарттың 10-тармағына бұйрықтың
күнi мен нөмiрiн жазуға кепiлдiк бередi.
5. Уәкiлеттi мемлекеттік орган лауазымды адамының мыналарға құқығы
бар:
1) келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданушы (қабылданған)
адаммен келісім-шартты Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленген жағдайларда жасасуға,
ұзартуға, өзгертуге, бұзуға және тоқтатуға;
2) келісім-шарт жасасқан кезде әскери қызметке қабылданатын адамнан
Заңның 16-бабында көзделген құжаттарды ұсынуын талап етуге;
3) өз өкiлеттiктерi шегiнде бұйрықтар шығаруға;
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларында белгiленген
тәртiппен көтермелеуге және тәртіптiк жаза қолдануға.
6. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi
өткеру туралы келісім-шарт оған екi тарап қол қойған күннен бастап күшiне
енедi және жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн немесе оны бұзуға
байланысты өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Келісім-шартта және әскери қызметшiнi лауазымға тағайындау туралы
бұйрықта көрсетiлген күн әскери қызметшiнiң қызметтiк мiндеттерiн
атқаруының басталуы болып саналады.
7. Келісім-шарттың талаптары тараптардың орындауы үшiн мiндеттi
болып табылады, тараптардың даулары Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
8. Келісім-шарт екi данада жасалды және тараптардың қолы қойылуға
тиiс. Келісім-шарттың бiр данасы келісім-шарт бойынша әскери қызметке
қабылданған адамға берiледi.
9. Қосымша талаптар _________________________________________
___________________________________________________________________
________________________________ ________________________________
(келісім-шарт бойынша әскери (уәкiлетті мемлекеттік орган
қызметке қабылданатын адамның лауазымды адамының тегi, аты,
тегi, аты, әкесiнiң аты) әкесiнің аты)
________________________________ ________________________________
(жеке қолы) (жеке қолы)
M.O.
200_ жылғы "___" __________ 200_ жылғы "___" __________
10. Әскери қызметшiнің қабылдануы және қызмет бойынша орын ауыстыруы:
Прапорщик пен мичман тағайындалған лауазым (әскери бөлiмдi көрсете отырып), тағайындау (орын ауыстыру, босату) үшiн негiздеме әскери есептiк мамандық | Бұйрықты кiм шығарды, оның нөмiрi мен күнi | Ескерту |
| Бұйрықты кім шығарды, оның нөмiрi мен күнi | Ескерту |