"Инвестициялар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заң
актілеріне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын iске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2003 ж. 28 наурыздағы № 43-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын (бұдан әрi - Заңдар) iске асыру мақсатында:
1. Қоса берiлiп отырған "Инвестициялар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.
2. Жоспар тармақтарын орындауға жауапты мемлекеттік органдар белгiленген тәртiппен Жоспарға сәйкес тиiстi қаулылар жобаларын дайындасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінiң Инвестициялар жөніндегі комитетi белгiленген тәртiппен бұрын қабылданған ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Заңдарға сәйкес келтiрсiн және осы актiлерден туындайтын өзге де iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Премьер-Министрінің
2003 жылғы 28 наурыздағы
№ 43 өкiмімен
бекітілген
"Инвестициялар туралы" және "Қазақстан Республикасының
кейбір заң актілеріне инвестициялар мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңдарын iске асыру жөніндегі
iс-шаралар жоспары
Р/с | Актiнiң атауы | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзiмi |
1. |
| | |
2) Қазақстан | Индустрия және сауда | 2003 жылғы | |
3) Қазақстан Республи- | Индустрия және сауда | 2003 жылғы | |
4) Қызметтiң кiшi | Индустрия және сауда | 2003 жылғы | |
5) Инвестициялардың ең | Индустрия және сауда | 2003 жылғы | |
2. | Мынадай бұйрықтарды | Индустрия және сауда | 2003 жылғы |