2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты) (ҚР Үкіметінің
29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 610-616-қосымшалар)
(ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150в; 01.07.03 ж. № 150г қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)

"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына

610 қосымша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 001 "Әкiмшiлiк шығындар"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 1195884 мың теңге (бip миллиард жүз тоқсан бес миллион сегiз жүз сексен төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 56, 57-баптары; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының 88-бабы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 1-30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты туралы" 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының құқықтық қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 28 қаңтардағы № 536 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшiлерi болып табылмайтын қызметкерлерінің еңбегiне ақы төлеу жүйесi туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттің қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердің барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкімшілігі жөніндегi комитеттiң орталық аппараттаpының, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы соттар әкiмшілерiнiң қызметiн қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкiмшiлiгi жөніндегі комитеттiң, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы соттар әкiмшiлерiнiң аппараттарын ұстау.

6. Бюджеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

─┬────┬────┬─────────────┬──────────────────┬─────┬───────────────────
N│Бағ-│Кіші│Бағдарлама-  │Бағдарламаларды   │Іске │   Жауапты
 │дар-│бағ-│лардың (кіші │(кіші бағдарлама- │асыру│ орындаушылар
 │лама│дар-│бағдарлама-  │ларды) іске асыру │мер- │
 │коды│ла- │лардың) атауы│жөніндегі шаралар │зім- │
 │    │ма- │             │                  │дері │
 │    │ның │             │                  │     │
 │    │коды│             │                  │     │
─┼────┼────┼─────────────┼──────────────────┼─────┼───────────────────
1│ 2  │  3 │       4     │         5        │  6  │      7
─┴────┴────┴─────────────┴──────────────────┴─────┴───────────────────
  001       Әкімшілік
            шығындар
        001 Орталық       243 бірлік         Жыл    Қазақстан
            органның      бекітілген штат    ішінде Республикасының
            аппараты      саны лимиті шегінде       Жоғарғы Соты,
                          Қазақстан                 Қазақстан
                          Республикасы Жоғарғы      Республикасы
                          Сотының, Қазақстан        Жоғарғы Соты
                          Республикасы Жоғарғы      жанындағы Сот
                          Сотының жанындағы         әкімшілігі
                          сот әкімшілігі            жөніндегі
                          жөніндегі комитеттің      комитет,
                          орталық аппаратын         облыстардағы
                          ұстау.                    және Астана
        031 Облыстардағы, 1745 бірлік мөлшер- Жыл   мен Алматы
            Астана мен    інде бекітілген    ішінде қалаларындағы
            Алматы        штат саны лимиті          соттар
            қалаларындағы шегінде облыстар-         әкімшілері
            әкімшілер     дағы, Астана мен
                          Алматы қалаларын-
                          дағы соттар
                          әкімшілері аппарат-
                          тарын ұстау.
──────────────────────────────────────────────────────────────────────

7. Бюджет бағдарламасын орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкiмшiлiгi жөніндегі комитетке, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы соттар әкімшілерiне жүктелген функциялардың сапалы әрi уақытында орындалуы.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына

611 қосымша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 010 "Кадрлардың біліктiлiгiн

арттыру және оларды қайта даярлау"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 36366 мың теңге (отыз алты миллион үш жүз алпыс алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнің қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру институты" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 1567 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1994 жылғы 12 ақпандағы № 1569 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Өзінің қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн кәсiптiк қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерiн, iскерлiк пен ептіліктерiн қойылған біліктiлiк талаптарына сәйкес жетiлдiрiп, судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң кәсіптік деңгейiн арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру, тәжiрибе алмасу, мемлекет қызметкерлерiнiң кәсiби біліктiлiгiн арттыру.

6. Бюджеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

─┬────┬────┬─────────────┬──────────────────┬─────┬───────────────────
N│Бағ-│Кіші│Бағдарлама-  │Бағдарламаларды   │Іске │   Жауапты
 │дар-│бағ-│лардың (кіші │(кіші бағдарлама- │асыру│ орындаушылар
 │лама│дар-│бағдарлама-  │ларды) іске асыру │мер- │
 │коды│ла- │лардың) атауы│жөніндегі шаралар │зім- │
 │    │ма- │             │                  │дері │
 │    │ның │             │                  │     │
 │    │коды│             │                  │     │
─┼────┼────┼─────────────┼──────────────────┼─────┼───────────────────
1│ 2  │  3 │       4     │         5        │  6  │      7
─┴────┴────┴─────────────┴──────────────────┴─────┴───────────────────
  010       Кадрлардың                       Жыл    Қазақстан
            біліктiлiгiн                     ішінде Республикасы
            арттыру және                            Жоғарғы Соты
            оларды қайта                            жанындағы Сот
            даярлау                                 әкімшілігі
        005 Мемлекеттік   Жоспарға сәйкес           жөніндегі
            қызметшiлер-  мемлекеттік               комитет,
            дiң біліктi-  қызметкерлердiң           Қазақстан
            лiгiн арттыру біліктiлiгiн              Республикасы
                          арттыру үшiн қызмет       Жоғарғы Соты
                          көрсетудiң түрлерiн       жанындағы
                          сатып алу, оның           судьялар мен
                          iшiнде мемлекеттік        сот жүйесі қыз-
                          тiлдi жеделдете           меткерлерінің
                          оқыту- Бiлiктiлiгiн       біліктілігін
                          арттырып жүрген           арттыру
                          мемлекеттік қызмет-       институты
                          керлердің саны 175-
        030 Судьялардың   Қазақстан Респуб-
            және сот      ликасы Жоғарғы Соты
            жүйесi қыз-   жанындағы судьялар
            меткерлерiнiң мен сот жүйесi
            біліктiлiгiн  қызметкерлерiнiң
            арттыру       біліктiлiгiн арттыру
                          институтын бекітілген
                          26 бiрлiк штат саны
                          лимитi шегiнде ұстау,
                          өкiлдiк шығысы мен
                          оқыту шығысын қоса.
──────────────────────────────────────────────────────────────────────

7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: судьялар, сот жүйесi қызметкерлерiнің және мемлекеттік қызметкерлерінің біліктiлiгiн арттыру. Қазақстанда судьяларға білім берудің қалыптасуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына

612 қосымша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 032 "Сот төрелiгiн жүзеге асыру"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 4094444 мың теңге (төрт миллиард тоқсан төрт миллион төрт жүз қырық төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 47-57-баптары, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 1-30-баптары; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы № 3038 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" 2002 жылғы 21 наурыздағы № 825 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi № 440 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, республиканың Конституциясының, Заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жергiлiктi соттардың оларға жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізуi жөніндегi қызметiн қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

─┬────┬────┬─────────────┬──────────────────┬─────┬───────────────────
N│Бағ-│Кіші│Бағдарлама-  │Бағдарламаларды   │Іске │   Жауапты
 │дар-│бағ-│лардың (кіші │(кіші бағдарлама- │асыру│ орындаушылар
 │лама│дар-│бағдарлама-  │ларды) іске асыру │мер- │
 │коды│ла- │лардың) атауы│жөніндегі шаралар │зім- │
 │    │ма- │             │                  │дері │
 │    │ның │             │                  │     │
 │    │коды│             │                  │     │
─┼────┼────┼─────────────┼──────────────────┼─────┼───────────────────
1│ 2  │  3 │       4     │         5        │  6  │      7
─┴────┴────┴─────────────┴──────────────────┴─────┴───────────────────
   032      Сот төрелiгiн Жергiлiктi соттарды Жыл    Қазақстан
            жүзеге асыру  7567 бiрлiк         ішінде Республикасы
                          мөлшерiнде штат            Жоғарғы Соты
                          санының бекітілген         жанындағы Сот
                          лимитi шегiнде ұстау.      әкімшілігі
                                                     жөніндегі
       033  Жергiлiктi                               комитет,
            соттар                                   облыстардағы
                                                     және Астана
                                                     мен Алматы
                                                     қалаларындағы
                                                     соттардың
                                                     әкiмшiлерi
──────────────────────────────────────────────────────────────────────

7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жергілікті соттарға жүктелген функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына

613 қосымша

ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 613-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 033 "Әдiлет біліктiлiк алқасының

қызметiн қамтамасыз ету"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 5182 мың теңге (бес миллион бiр жүз сексен екi мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 36-бабы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының Әдiлет біліктiлiк алқасы туралы" Заңының 22-бабы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнің тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары және судьяларының бос орындарына тағайындалуға кандидаттарды сапалы таңдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi атқаруға қол жеткізу үшiн Әдiлет біліктiлiк алқасының қызметiн қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

─┬────┬────┬─────────────┬──────────────────┬─────┬───────────────────
N│Бағ-│Кіші│Бағдарлама-  │Бағдарламаларды   │Іске │   Жауапты
 │дар-│бағ-│лардың (кіші │(кіші бағдарлама- │асыру│ орындаушылар
 │лама│дар-│бағдарлама-  │ларды) іске асыру │мер- │
 │коды│ла- │лардың) атауы│жөніндегі шаралар │зім- │
 │    │ма- │             │                  │дері │
 │    │ның │             │                  │     │
 │    │коды│             │                  │     │
─┼────┼────┼─────────────┼──────────────────┼─────┼───────────────────
1│ 2  │  3 │       4     │         5        │  6  │      7
─┴────┴────┴─────────────┴──────────────────┴─────┴───────────────────
   033      Әдiлет        Ақы төлеу:         Жыл    Қазақстан
            біліктiлiк    хатшының,          iшiнде Республикасы
            алқасының     iс жүргiзушiнiң,          Жоғарғы Соты
            қызметiн      компьютерлерге            жанындағы Сот
            қамтамасыз    қызмет көрсету            әкімшілігі
            ету           жөніндегі                 жөніндегі
                          программистiң,            комитет
                          мұрағатшының           
                          қызметтерiне, заңды    
                          және жеке тұлғалардың  
                          қызметтерiне,          
                          бағдарламаны бiрге     
                          алып жүру қызметтерiне,
                          iссапар шығыстарына,   
                          судьялыққа             
                          кандидаттардың         
                          біліктiлiк емтихандары 
                          алқасының мәжілісiн    
                          өткізу жөніндегі       
                          өкiлеттi шығындарға,   
                          конкурстық             
                          комиссияларға,         
                          байланыс қызметтерiне. 
                          Оргтехникаға және      
                          компьютерлерге қызмет  
                          көрсету мен жөндеу     
                          жөніндегі шығыстар,    
                          кеңсе және шаруашылық  
                          тауарларын сатып алу.  
──────────────────────────────────────────────────────────────────────

7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: конкурстар ұйымдастыру және өткізу арқылы судьялық қызметке білiктi кадрларды таңдау.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына

614 қосымша

ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150в қаулысымен 614-қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 201 "Сот жүйесiнiң органдарын

материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету"

республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 400000 мың теңге (төрт жүз миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 47, 56-баптары; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының 88-бабы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттің қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сот жүйесi органдарының қызметiн оларға жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн материалдық-техникалық және басқадай да қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жергілікті соттардың судьялары үшін компьютерлер, принтерлер, автокөліктер, пәтерлер сатып алу; ғимараттарға күрделi жөндеу жүргізу.

6. Бюджеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

─┬────┬────┬─────────────┬──────────────────┬─────┬───────────────────
N│Бағ-│Кіші│Бағдарлама-  │Бағдарламаларды   │Іске │   Жауапты
 │дар-│бағ-│лардың (кіші │(кіші бағдарлама- │асыру│ орындаушылар
 │лама│дар-│бағдарлама-  │ларды) іске асыру │мер- │
 │коды│ла- │лардың) атауы│жөніндегі шаралар │зім- │
 │    │ма- │             │                  │дері │
 │    │ның │             │                  │     │
 │    │коды│             │                  │     │
─┼────┼────┼─────────────┼──────────────────┼─────┼───────────────────
1│ 2  │  3 │       4     │         5        │  6  │      7
─┴────┴────┴─────────────┴──────────────────┴─────┴───────────────────
  201       Сот жүйесінің  Саны 215 дана     Жыл    Қазақстан
            органдарын     компьютерлер;     ішінде Республикасы
            материалдық-   саны 205 дана            Жоғарғы Соты
            техникалық     принтерлер; саны         жанындағы Сот
            және өзге де   109  бірлік,             әкімшілігі
            қамтамасыз ету оның ішінде              жөніндегі
                           қозғалтқыштар            комитет,
                           көлемі 1600-ден          облыстардағы
                           2000 т.см. дейін         және Астана
                           -  72  бірлік,           мен Алматы
                           2000-нан 2500            қалаларындағы
                           т.см.  дейін -           соттардың
                           35 бірлік,  2500         әкiмшiлерi
                           т.см.  жоғары  -
                           2  бірлік
                           автокөліктер;
                           жергілікті
                           соттардың
                           судьялары үшін
                           70 пәтер сатып алу.
                           60  ғимаратты және
                           үй-жайларды күрделі
                           жөндеуден өткізу.
─────────────────────────────────────────────────────────────────────

7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бөлiнген бюджеттік қаражаттар тиісті жағдай жасау, сот әдiлдiгiн сапалы жүзеге асыру мақсаты мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына

615 қосымша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 500 "Қазақстан Республикасы сот жүйесi

органдарының бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау

жүйесiн сүйемелдеу" республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 15000 мың теңге (он бес миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 25-бабының 4 тармағы, 56-бабы; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының 88-бабы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнің тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнің қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сот төрелігін іске асыру және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологияларды пайдалана отырып Қазақстан Республикасының сот жүйесi органдары мен оның құрамдас бөлімдерінің жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету және бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сот құжаттарын жинау мен ресімдеудің сапарын арттыру, Қазақстан Республикасы сот шешiмдерiнiң Бiрыңғай мәлiметтер базасын қолдау, судьялар мен аппарат қызметкерлерінің қолданыстағы заңнама мен құқық қолдану практикасы бойынша көкейкесті әрі дәл ақпараттың ауқымды көлеміне жедел қол жеткізу сапасын арттыру, құжат айналымын және іс жүргізуді, соттардың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен және басқа да мемлекеттік билік органдарымен өзара ақпараттық іс-қимылы жөніндегі міндеттерді қамту.

6. Бюджеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

─┬────┬────┬─────────────┬──────────────────┬─────┬───────────────────
N│Бағ-│Кіші│Бағдарлама-  │Бағдарламаларды   │Іске │   Жауапты
 │дар-│бағ-│лардың (кіші │(кіші бағдарлама- │асыру│ орындаушылар
 │лама│дар-│бағдарлама-  │ларды) іске асыру │мер- │
 │коды│ла- │лардың) атауы│жөніндегі шаралар │зім- │
 │    │ма- │             │                  │дері │
 │    │ның │             │                  │     │
 │    │коды│             │                  │     │
─┼────┼────┼─────────────┼──────────────────┼─────┼───────────────────
1│ 2  │  3 │       4     │         5        │  6  │      7
─┴────┴────┴─────────────┴──────────────────┴─────┴───────────────────
  500       "Қазақстан    1. Жоғарғы Соттың, Жыл    Қазақстан
            Республикасы  облыстық соттар    iшiнде Республикасының
            сот жүйесi    мен экономикалық          Жоғарғы Соты
            органдарының  соттардың 2003
            бірыңғай      жылғы сот шешiмдерiн
            автоматтан.   өңдеу және сот
            дырылған      шешiмдерiнiң
            ақпараттық-   базасына енгізу.
            талдау        2. Пилоттық аймақ
            жүйесiн       шеңберiнде байланыс
            сүйемелдеу    қызметтерi үшiн ақы
                          төлеу.
                          3. Би жүйесiнiң
                          iс-қимыл аймағын
                          қажеттiлiгiнен
                          туындаған бағдарла.
                          малық өнiмнің түзілу
                          негізін қозғамайтын
                          Би жүйесiн
                          бағдарламамен
                          қамтамасыз ету
                          модификациялары,
                          бастапқы есеп
                          құжаттарының, есептiк
                          -статистикалық
                          құжаттардың, жалпы
                          хат-хабарлар мен
                          директивалық
                          құжаттардың өңделуiн
                          ұйымдастыру, облыстық,
                          экономикалық соттарға
                          арналған мәлiметтер
                          базасының бастапқы
                          толтырылуын ұйымдастыру,
                          республикалық және
                          облыстық деңгей
                          аралығында өзара
                          ақпараттық iс-қимылды
                          ұйымдастыру, әкімшілiк
                          ету және пилоттық
                          аймақта Би жүйесiн
                          пайдаланушылардың
                          пайдалану құқықтарын
                          басқару, облыстық
                          және экономикалық
                          соттардың мамандарына
                          Би жүйесiмен жұмыс
                          iстеу машығын игерудi
                          үйрету.
──────────────────────────────────────────────────────────────────────

7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бөлiнген бюджеттік қаржылар сот шешiмдерiн жинауды және өңдеудi, сот шешiмдерi мәлiметтерiнiң Бiрыңғай базасымен қамтып, соттардың сот шешiмдерi мәлiметтерiнiң Бiрыңғай базасына қол жеткізуiне және сот статистикасын сапалы әрi дәл жүргiзуге, соттардың Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен және басқа да мемлекеттік билiк органдарымен ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына

616 қосымша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 600 "Қазақстан Республикасы сот жүйесi

органдарының бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау

жүйесiн құру" республикалық бюджет бағдарламасының

ПАСПОРТЫ

1. Құны: 15000 мың теңге (он бес миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 25-бабының 4 тармағы, 56-бабы; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының 88-бабы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнің жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаржысы.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: соттар мен сот жүйесi органдарының ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге уәкiлеттi органдарының жұмыстарын ақпараттау.

5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бағдарламаларды әзiрлеу және бекіту, лицензиялық бағдарламаларды сатып алу.

6. Бюджеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:

─┬────┬────┬─────────────┬──────────────────┬─────┬───────────────────
N│Бағ-│Кіші│Бағдарлама-  │Бағдарламаларды   │Іске │   Жауапты
 │дар-│бағ-│лардың (кіші │(кіші бағдарлама- │асыру│ орындаушылар
 │лама│дар-│бағдарлама-  │ларды) іске асыру │мер- │
 │коды│ла- │лардың) атауы│жөніндегі шаралар │зім- │
 │    │ма- │             │                  │дері │
 │    │ның │             │                  │     │
 │    │коды│             │                  │     │
─┼────┼────┼─────────────┼──────────────────┼─────┼───────────────────
1│ 2  │  3 │       4     │         5        │  6  │      7
─┴────┴────┴─────────────┴──────────────────┴─────┴───────────────────
  600       "Қазақстан     Соттарда және     Жыл    Қазақстан
            Республикасы   соттардың әкiмші- ішінде Республикасы
            сот жүйесi     лерiнде сот әкім-        Жоғарғы Соты
            органдарының   шiлiгi жөніндегі         жанындағы Сот
            бiрыңғай авто- бағдарламалық өнiм       әкімшілігі
            маттандырылған ретiнде автомат-         жөніндегі
            ақпараттық-    тандырылған бiркелкi     комитет,
            талдау жүйесін ақпараттық-талдау        облыстардағы
            құру"          жүйесiн әзiрлеу және     және Астана
                           бекіту (қылмыстық,       мен Алматы
                           азаматтық, әкiмшiлiк     қалаларындағы
                           iстердi, шағымдарды      соттардың
                           және оларға              әкімшілері
                           наразылықтарды,
                           аппеляциялық және
                           қадағалау түрiнде
                           iс қарауы, сот
                           актілерін орындалуы
                           қозғалыстарын
                           бақылау), сот
                           актiлер деректер
                           қорын қалыптастыру
                           Интернетте
                           орналастыруымен,
                           статистикалық есеп
                           және есептеме,
                           жүйенiң қауiпсiздiгiн
                           қамсыздандыру,
                           электронды қолтаңба
                           жүйесiн әзiрлеуi,
                           компьютерлiк желiсiн
                           жүргiзуi (бекітуi),
                           лицензиялық
                           бағдарламаларды
                           сатып алу.
──────────────────────────────────────────────────────────────────────

7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бөлiнген бюджеттік қаржы бағдарламалық өнiм және сот әкiмшiлiгi жөніндегі деректер қорын жасауға мүмкiндiк бередi, ол iстердi мерзiмiнде және сапалы қарауға және орындауға ықпалын тигiзедi; сот актiлер деректер қорын қалыптастырып Интернетте орналастыруы, қабылданған сот шешiмдердiң жариялығын қамтамасыз етедi. Деректердi өңдеуi және ұсынуы сот билiгiнiң дербестiгi мен судьялардың тәуелсiздiгiн нығайтуға, олардың қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға өз ықпалын тигiзедi.