Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің «Кеден қызметінің ақпараттық жүйелер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 20 қаңтардағы № 62 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің «Кеден қызметінің ақпараттық жүйелер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.

2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов