Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 13 желтоқсандағы № 1309 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындары қосу жолымен 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындары болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қайта құру жолымен:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Солтүстiк-батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Балық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ экономика және агроөнеркәсiп кешенiн ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Агроөнеркәсiп кешенi экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылатын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен құрылатын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) құрылатын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. 2-қосымшаға сәйкес құрылатын республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға еншiлес мемлекеттік кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн.
7. «ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
| И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1309 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсiпорындары болып қосу жолымен қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының
тiзбесi
Р/с | 1 | 2 |
| 2-бағанда көрсетiлген, шаруашылық | Құрылатын шаруашылық |
1 | «Еңбек Қызыл Ту ордендi А.И.Бараев | «А.И.Бараев атындағы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1309 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
жаңадан құрылатын шаруашылық жүргiзу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының құруына рұқсат
етiлген еншiлес мемлекеттік кәсiпорындардың
тiзбесi
Р/с N | 1 | 2 |
| 1-бағанда көрсетiлген республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың құруына рұқсат етiлген еншiлес мемлекеттік кәсiпорындардың атауы | |
1 2 3 4 5 | «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми- өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны «Оңтүстiк-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми- өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны «Егiншiлiк және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми- өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны «Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми- өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны | «Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны «Астық және оның қайта өңдеу өнiмдерi ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны «Ветеринария ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны «Солтүстiк Қазақстан мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны «Арал өңiрi агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны «Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны «Өсiмдiктердi қорғау ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны «Тың ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендiру ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны |