Инвестициялық жобаларды қарау ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 18 қарашадағы № 1219 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 245 қаулысымен күші жойылды
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Инвестициялық жобаларды қарау ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын бір ай мерзiмде заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
3. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Үкіметінің
2002 жылғы 18 қарашадағы
№ 1219 қаулысымен
бекітілген
Инвестициялық жобаларды қарау
ережесi
1-бөлiм. Жалпы қағидалар
1-тарау. Негiзгi қағидалар
2-тарау. Инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі ic-шаралар
кешенi және инвестициялық жобаларды қарау процесiне
қатысушылардың өкiлеттiктepi
2-бөлiм. Республикалық инвестициялық жобаларды қарау
3-тарау. Инвестициялық ұсыныстарды қарау және iрiктеу
4-тарау. Республикалық инвестициялық жобаларды
бағалау және iрiктеу
5-тарау. Басым республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн
қалыптастыру
6-тарау. Республикалық бюджет комиссиясының басым республикалық
инвестициялық жобалардың тiзбесiн қарауы
3-бөлiм. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi
инвестициялық жобаларын қарау
7-тарау. Инвестициялық ұсыныстарды қарау және iрiктеу
8-тарау. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi
инвестициялық жобаларын бағалау мен iріктеу
9-тарау. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi
инвестициялық жобаларын республикалық деңгейде келiсу
10-тарау. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының басым
жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесiн қалыптастыру
11-тарау. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалалары бюджет
комиссияларының облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының
басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесiн қарауы
4-бөлiм. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi инвестициялық жобаларын қарау
12-тарау. Инвестициялық ұсыныстарды қарау және iрiктеу
13-тарау. Ауданның (қаланың) жергілiктi инвестициялық
жобаларын бағалау мен iрiктey
14-тарау. Ауданның (қаланың) басым жергiлiкті инвестициялық
жобаларының тiзбесiн қалыптастыру
15-тарау. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының ауданның
(қаланың) жергілiктi инвестициялық жобаларының тізбесін
қарауы
1-тарау. Негiзгi қағидалар
1. Осы ереже республикалық және жергілiктi бюджеттер қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаларды қарау тәртібін белгiлейдi.
2. Ереженiң мақсаты мемлекеттік инвестициялар шеңберiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен қаржыландыру және iске асыру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеу жүйесiн құру жолымен мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) орталық уәкiлеттi орган - экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган;
2) қаржыны басқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiк қаржысын басқаруға әкiм уәкiлеттiк берген атқарушы орган;
3) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiкті уәкiлеттi орган жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктi экономикалық жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға әкiм уәкiлеттiк берген атқарушы орган;
4) салалық уәкiлеттi орган - тиiстi салада мемлекеттік саясатты жүргiзуге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген орталық атқарушы орган; республикалық инвестициялық жобаларды дайындау және iске асыру үшiн жауапты салалық уәкiлеттi органдар бір мезгілде осы жобалар бойынша атқарушы агенттiктер болып табылады;
5) атқарушы агенттiк - республикалық инвестициялық жобаларды дайындау және iске асыру үшiн жауапты мемлекеттік орган, сондай-ақ жергiлiктi инвестициялық жобаларды дайындау және iске асыру үшiн жауапты жергiлiктi атқарушы орган;
6) инвестициялық ұсыныс - жобаны одан әрі зерделеудi және техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеудi талап ететiн жобалар тізбесiне енгізу үшiн алдын ала iрiктеудi жүзеге асыру мүмкiндiгiн беретiн жоба тұжырымдамасы;
7) жобаның ақпараттық парағы - орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысанда атқарушы агенттiк орталық уәкiлеттi органға немесе экономикалық жоспарлау жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi органға беретiн жоба жөніндегі негiзгi ақпаратты қамтитын құжат;
8) жобаның қисынды негiздемесi - инвестициялық ұсынысты негiздеуге бағытталған және жобаның (қойылған мiндеттер, белгiлi бір нәтижелер мен iс-шаралар) құрылымын және күтiлетiн тиiмділігiн бағалауды қамтамасыз ететiн құжат;
9) жобаның құрылымы - жобаның шеңберiнде жүзеге асыруға жоспарланатын және жобаның мақсатына қол жеткiзудi қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың қисынды өзара байланысты кешенi;
10) инвестициялық ұсынысты салалық бағалау - жобаның тұжырымдамасын тиiстi саланы дамыту бағытына сәйкестiгi мәнiсiне бағалау;
11) жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi (бұдан әрi - ТЭН) инвестициялық жобаны әзiрлеушiлердiң оның жүзеге асырылуын жан-жақты зерделеу нәтижелерi бойынша және инвестициялық жобаны экономикалық талдау негiзiнде дайындаған есебi; ТЭН инвестициялық жобаның неғұрлым оңтайлы құрылымы жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ инвестициялық жобаны iске асыру шеңберiнде көзделетiн неғұрлым орынды маркетингтiк, техникалық, қаржылық, институционалдық, экологиялық, әлеуметтiк және басқа да шешiмдер жөніндегі ұсыныстарды қамтиды; республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобалар TЭH-iнiң құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды орталық уәкiлетті орган бекiтедi;
12) жобаны дайындауға арналған техникалық тапсырма - инвестициялық жоба ТЭН-iне қойылатын талаптарды, оның ықтимал әзiрлеушісiне қойылатын біліктiлiк талаптарды бiлдiретiн, сондай-ақ ТЭН-ді әзiрлеу жөніндегі жұмыстардың көлемiн және осы жұмыстарды орындау мерзiмдерiн реттеушi құжат;
13) инвестициялық жобаның салалық сараптамасы - салалық ерекшелiгiне байланысты өлшемдердi бағалау бөлiгiнде жоба TЭH-iн әзiрлеу шеңберiнде жүргiзiлетiн жобаны экономикалық талдауды бағалау;
14) инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы - жоба ТЭН-iн әзiрлеу шеңберiнде жүргiзiлетiн жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау;
15) мемлекеттік инвестициялардың басымдықтары - инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгімен тартылатын қаражатты пайдаланудың негiзгi бағыттары; мемлекеттік инвестициялардың басымдықтары Қазақстан Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының индикативтiк жоспарларында көрсетiледi.
2-тарау. Инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі ic-шаралар
кешенi және инвестициялық жобаларды қарау процесiне
қатысушылардың өкiлеттiктepi
4. Инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі iс-шаралар кешенi индикативтік және бюджеттік жоспарлау процестерi шеңберiнде жүзеге асырылады және мынадай негiзгi кезеңдердi қамтиды:
1) инвестициялық ұсыныстарды қарау және iрiктеу;
2) инвестициялық жобаларды дайындау;
3) инвестициялық жобаларды бағалау және iрiктеу;
4) басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру және оны бюджет комиссияларына ұсыну;
5) тиiстi бюджет комиссияларының басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн және оларды қаржыландыру көлемiн қарауы.
5. Инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру процесiнiң негiзгi қатысушылары атқарушы агенттiктер, салалық уәкiлеттi органдар, орталық уәкілетті орган, қаржыны басқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдар (соның iшiнде аудандардың (қалалардың), экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдар (соның iшiнде аудандардың (қалалардың), республикалық бюджет комиссиясы және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) бюджет комиссиялары болып табылады.
1) мемлекеттік, салалық (секторальдық) және аймақтық бағдарламалар негiзiнде инвестициялық ұсыныстарды қалыптастырады;
2) инвестициялық жобаларды дайындауды жүзеге асырады;
3) осы Ережеге сәйкес инвестициялық жобаларды қарау үшін талап етiлетiн құжаттаманы ұсынуды қамтамасыз етедi;
4) инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемiн негiздейдi.
7. Салалық уәкiлеттi органдар:
1) инвестициялық ұсыныстарды салалық бағалауды және республикалық инвестициялық жобалардың салалық сараптамасын жүргiзедi;
2) республикалық инвестициялық, соның iшiнде облыстар мен Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары мәлiмдеген жобаларды iрiктеудi және олардың басымдық тәртібімен сараланған тiзбесiн орталық уәкiлеттi органға ұсынуды жүзеге асырады.
1) инвестициялық жобаларды қарау процесiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
2) республикалық инвестициялық жобаларды қарау процесiне ұйымдық басшылықты қамтамасыз етедi;
3) инвестициялық ұсыныстарды бағалауды жүзеге асырады және республикалық инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүргiзудi ұйымдастырады;
4) TЭH әзiрлеудi қаржыландыруды қамтамасыз ету және республикалық инвестициялық жобалар бойынша сараптама жүргiзу үшiн көзделген бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi болып табылады;
5) жергiлiктi инвестициялық жобаларды заңнамаға сәйкес республикалық деңгейде қажеттi келiсуге қатысады;
6) ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитiнiң республикалық бюджет комиссиясы белгілеген шегiнде инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландырудың тiзбесi және көлемдерi жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
9. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлеттi орган (соның iшiнде ауданның (қаланың)):
1) жергiлiктi инвестициялық жобаларды қарау процесiне ұйымдық басшылықты қамтамасыз етедi;
2) инвестициялық жобаларды бағалауды жүзеге асырады және жергiлiктi инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүргiзуді ұйымдастырады;
3) жергiлiктi инвестициялық жобаларды iрiктеудi және саралауды жүзеге асырады;
4) ағымдағы қаржы жылында iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар жөніндегі шығыстар лимитiнiң облыстар, Астана немесе Алматы қалаларының, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы белгiлеген шегiнде жергiлiктi бюджеттерден инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тiзбесi және көлемдерi жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және оларды кейiннен облыстың, Астана немесе Алматы қалаларының, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшiн қаржыны басқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті органға (соның iшiнде ауданның (қаланың)) ұсынады.
10. Инвестициялық жобаларды қарау жөніндегі iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру процесiне заңнамаға, сондай-ақ осы ережеге сәйкес өзiнiң құзiретi бөлiгiнде инвестициялық жобаларды бағалауды (сараптауды) жүргiзуге уәкiлеттi басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысады.
2-бөлiм. Республикалық инвестициялық жобаларды қарау
3-тарау. Инвестициялық ұсыныстарды қарау және iрiктеу
11. Атқарушы агенттiктер инвестициялық ұсыныстарды мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламалар негiзiнде қалыптастырады.
12. Орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн нысан бойынша ресiмделген жобаның логикалық негiздемесiн қоса беру арқылы салалық бағалауды жүргiзу үшiн атқарушы агенттiктер инвестициялық ұсыныстарды салалық уәкiлеттi органға тапсырады.
13. Салалық уәкiлеттi орган инвестициялық ұсынысты салалық бағалауды жүзеге асырады және инвестициялық ұсыныс берiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнiнiң iшiнде инвестициялық ұсынысты салалық бағалаудың қорытындысын атқарушы агенттiкке және көшiрмесiн орталық атқарушы органға жiбереді.
14. Салалық бағалаудың оң қорытындысын алғаннан кейiн атқарушы агенттiк, ал жергiлiктi атқарушы органдар бастамашылық жасаған жобалар бойынша салалық уәкілеттi орган инвестициялық ұсынысты орталық уәкілеттi орган белгiлейтiн нысан бойынша ресiмделген мынадай құжаттарды қоса беру арқылы орталық уәкiлеттi органның қарауына бередi:
жобаның ақпараттық парағы;
жобаның логикалық негіздемесi;
жобаның TЭH-iн дайындауға арналған техникалық тапсырма;
салалық уәкiлеттi органның қорытындысы.
15. Орталық уәкiлеттi орган инвестициялық ұсынысты жоба мақсаттарының Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарында көрсетiлген республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орташа мерзiмдi басымдықтары мәнiне сәйкестiгiн, сондай-ақ мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларға сәйкестiгiн қарайды және осы Ереженiң 14-тармағында көрсетiлген құжаттама тапсыру күнiнен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде инвестициялық ұсынысты бағалау жөніндегі қорытындыны атқарушы агенттiкке және көшiрмесiн - салалық уәкiлеттi органға жiбередi.
16. Орталық уәкiлеттi органның инвестициялық ұсынысты бағалау жөніндегі оң қорытындысы жоба TЭH-iн әзiрлеуге негiз болып табылады.
4-тарау. Республикалық инвестициялық жобаларды
бағалау және iрiктеу
17. Республикалық инвестициялық жобаларды бағалау жоба ТЭН-iнiң негiзiнде инвестициялық жобаның салалық және экономикалық сараптамаларын жүргізудi көздейдi.
18. Салалық уәкiлеттi органның республикалық инвестициялық жобаның салалық сараптамасын жүргiзуi үшiн заңнамада көзделген сараптамалардың оң қорытындылары, атап айтқанда:
1) құрылыс жүргiзу құжаттамасына мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасы;
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң экологиялық сараптамасы;
3) "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлік қоғамының банктiк сараптамасы;
4) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы;
6) заңнамаға сәйкес қажеттi басқа да сараптамалар болуы қажет.
19. Инвестициялық жобаның салалық сараптамасы мынадай негiзгi мәселелердi қарауды көздейдi:
жоба TЭH-iн әзiрлеуге арналған техникалық тапсырмаға жоба ТЭН-iнiң сәйкестiгiн бағалау;
жоба iске асырылған және iске асырылмаған жағдайларда саладағы ахуалды талдау;
жобаның мақсаттарына қол жеткiзудiң балама нұсқаларын бағалау;
техникалық шешiмдердi бағалау;
жобаны iске асырудан түсетiн пайданы бөлуді бағалау.
20. Республикалық инвестициялық жобаның салалық сараптамасы осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжаттаманың толық жиынтығы тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнiнiң iшiнде жүргiзiледi. Республикалық инвестициялық жобаның салалық сараптамасының қорытындысы атқарушы агенттiкке және көшiрмесi - орталық уәкiлеттi органға жiберiледi. Инвестициялық жобаның салалық сараптамасының қорытындысына қойылатын талаптарды орталық уәкiлеттi орган бекiтедi.
21. Атқарушы агенттiк республикалық инвестициялық жобаның салалық сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейiн, ал жергiлiктi атқарушы органдар бастамашылық жасаған жобалар бойынша - салалық уәкілеттi орган экономикалық сараптама жүргiзу үшiн осы Ереженiң 18-тармағына сәйкес жоба бойынша құжаттаманың толық жиынтығын, сондай-ақ жобаның ақпараттық парағын және салалық уәкiлеттi органның салалық сараптамасының қорытындысын орталық уәкiлетті органға жiбереді.
22. Республикалық инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы мынадай негiзгi мәселелердiң қаралуын көздейдi:
жоба мақсаттарының мемлекеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкестiгiн бағалау;
экономикалық талдауды бағалау.
23. Осы Ереженiң 21-тармағына сәйкес құжаттаманың толық жиынтығын тапсырғаннан кейiн орталық уәкiлеттi орган республикалық инвестициялық жобаға экономикалық сараптама жүргiзудi ұйымдастырады және қырық бес жұмыс күнiнiң iшiнде жобаны iске асырудың әлеуметтiк-экономикалық мақсаттылығы туралы шешіммен бірге экономикалық сараптаманың қорытындысын атқарушы агенттiкке және көшiрмесiн - салалық уәкiлеттi органға жiбередi.
24. Өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн орталық уәкiлеттi орган: инвестициялық жоба бойынша қосымша ақпарат талап етуге; экономикалық сараптама жүргiзу үшiн заңнамада белгіленген тәртiппен сарапшылар мен консультанттар тартуға; инвестициялық жобаны қарау барысында туындайтын жекелеген мәселелердi шешу үшiн жұмыс топтарын құру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына ұсыныстар енгізуге құқылы.
25. Орталық уәкілеттi органның республикалық инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасына берген оң қорытындысы жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге негiз болып табылады.
26. Республикалық инвестициялық жоба жөнiндегі жобалау-сметалық құжаттама заңнамада белгiленген тәртiппен бекітуге жатады.
5-тарау. Басым республикалық инвестициялық
жобалардың тiзбесiн қалыптастыру
27. Басым республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесi Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының бөлiмi болып табылады және республикалық инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың тiзбесi мен көлемiн айқындау бөлiгiнде республикалық бюджеттi әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
28. Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшiн басым республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыруды орталық уәкiлеттi орган атқарушы агенттiктердiң, ал облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергіліктi атқарушы органдары бастамашылық жасаған жобалар бойынша - салалық уәкілетті органдардың өтiнiмдерi негiзiнде және республикалық бюджет комиссиясы белгiлейтiн жоспарланып отырған кезеңде республикалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру лимиттерiн ескере отырып жүзеге асырады.
29. Өтінiмдердi атқарушы агенттiктер, ал облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары бастамашылық жасаған жобалар бойынша - салалық уәкiлеттi органдар бір мезгiлде барлық республикалық инвестициялық жобаларға, соның iшiнде мына талаптарды:
жобаның техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен бірге жоба бойынша (жоспарланып отырған үш жылдық кезеңнiң бірiншi жылында қаржыландырылуы көзделетiн жобалар үшiн) белгiленген тәртiппен ресiмделген жобалау-сметалық құжаттаманың болуын;
салалық уәкiлеттi органның салалық сараптамасының оң қорытындысының болуын;
орталық уәкiлеттi органның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының болуын қанағаттандыратын iске асырылатын жобаларға қалыптастырады.
30. Өтiнiмдер орталық уәкiлеттi органға жыл сайын мынадай құжаттарды қоса беру арқылы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей тапсырылады:
жоспарланатын үш жылдық кезеңге жобаларды қаржыландырудың жыл сайынғы болжамдық көлемiн көрсету арқылы басымдық тәртібімен сараланған мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламалар бөлiнiсіндегі республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесi;
қаржыландыру жоспары орындалмаған жағдайда бөлiнген қаражатты тиiмдi пайдаланбау себептерiн көрсете отырып, өткен жылы және жобалар iске асырыла бастағаннан бepгi бүкiл кезеңде республикалық инвестициялық жобалардың iске асырылуы туралы есептер;
жоспарланатын кезеңнiң әрбір жылына арналған республикалық инвестициялық жобалар бойынша қаржыландыру көлемiнiң негiздемесi;
жоспарланатын кезеңнiң бірiншi жылына мәлiмделген инвестициялар көлемiн негіздейтiн құжаттама.
31. Осы Ереженiң 30-тармағында көрсетiлген мерзiмнен кейiн берiлген немесе осы Ереженiң 30-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар толық құрамында берiлмеген өтiнiмдердi орталық уәкiлеттi орган басым республикалық инвестициялық жобалар тiзбесiне енгізу мәнi бойынша қарамайды.
32. Орталық уәкiлеттi орган тапсырылған өтiнiмдердi:
мемлекеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкес келуi;
жобаның техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен бірге белгiленген тәртіппен ресiмделген жобалау-сметалық құжаттамасының болуы (жоспарланатын кезеңнiң бірiншi жылында қаржыландыру көзделетiн жобалар бойынша);
құрылыс жүргiзу құжаттамасының мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген заңды тұлғаның жобалау-сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы болуы (жоспарланатын кезеңнiң бірiншi жылында қаржыландырылуы көзделетiн жобалар бойынша);
салалық уәкiлеттi органның салалық сараптамасының оң қорытындысы болуы;
орталық уәкiлеттi органның экономикалық сараптамасының оң қорытындысы болуы;
жобалар бойынша қаржыландырудың сұралатын көлемiнiң объективтiлiгi мәнiне қарайды.
33. Қарау нәтижелерi бойынша орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджет комиссиясы белгiлеген республикалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру лимитi шегiнде басым республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырып, мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламалар бөлiнiсiнде республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
6-тарау. Республикалық бюджет комиссиясының басым
республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн қарауы
34. Республикалық бюджет комиссиясы республикалық инвестициялық жобалар тiзбесiн және қаржыландыру көлемiн қараған кезiнде:
республикалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру көзiн және тетiгiн, сондай-ақ "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлік қоғамының республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын жобаларға және мемлекеттік кепiлдікпен тартылған қаражатқа қызмет көрсету жөніндегі агент ретiнде қатысу қажеттiгiн айқындайды;
республикалық инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiн белгiлейдi.
35. Республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру барысында орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет комиссиясының шешiмi бойынша республикалық инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тiзбесiн жетiлдiредi және көлемiн қайта қарайды.
36. Республикалық бюджет комиссиясының қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламалар бөлiнiсiнде жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесi Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы индикативтiк жоспарының құрамында бекітуге енгiзiледi.
37. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекіту туралы заңды қабылдағаннан кейiн тиiстi қаржы жылына арналған басым республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесi функционалдық бюджеттік топтар бөлiнiсiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекіту шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыру туралы шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзiледi.
3-бөлiм. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
жергiлiктi инвестициялық жобаларын қарау
7-тарау. Инвестициялық ұсыныстарды қарау және iрiктеу
38. Атқарушы агенттiктер аймақтық бағдарламалар негiзiнде инвестициялық ұсыныстарды қалыптастырады.
39. Инвестициялық ұсыныстарды атқарушы агенттiктер орталық уәкiлеттi орган белгілейтiн нысан бойынша ресiмделген мынадай құжаттарды қоса беру арқылы облыстың, Астана және Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына бағалау жүргiзу үшiн тапсырады:
жобаның ақпараттық парағы;
жобаның қисынды негіздемесi;
жобаның ТЭН-iн дайындауға арналған техникалық тапсырма.
40. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлеттi орган басқа мүдделi жергiлiктi атқарушы органдармен бірлесiп инвестициялық ұсынысты жоба мақсатының аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарында көрсетiлген, аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамудың орташа мерзiм басымдықтарына сәйкестігі, сондай-ақ аймақтық бағдарламаларға сәйкестiгі мағынасын қарайды және осы Ереженiң 39-тармағында көрсетiлген құжаттаманың берiлген күнiнен бастап жиырма жұмыс күнiнiң iшiнде инвестициялық ұсынысты бағалау жөніндегі қорытындыны атқарушы агенттiкке жiбередi.
41. Экономикалық жоспарлау жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның инвестициялық ұсынысты бағалау жөніндегі оң қорытындысы жобаның TЭH-iн әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
8-тарау. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi
инвестициялық жобаларын бағалау мен iріктеу
42. Жергiлiкті инвестициялық жобаны бағалау жобаның ТЭН-i негiзiнде инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргiзудi көздейдi.
43. Жергiлiктi инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргiзу үшiн мынадай құжаттар:
1) жобаның ақпараттық парағы;
2) осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжаттардың тiзбесi болуы қажет.
44. Жергiлiктi инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы мынадай негiзгi мәселелердiң қаралуын көздейдi:
жобаның TЭH-iн әзiрлеуге арналған техникалық тапсырмаға жоба ТЭН-нiң сәйкестiгін бағалау;
жоба мақсаттарының мемлекеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкестiгiн бағалау;
жобаның iске асырылу және iске асырылмау жағдайларында аймақтағы (саладағы) ахуалды талдау;
жобаның мақсаттарына қол жеткiзудiң баламалы нұсқаларын бағалау;
техникалық шешiмдердi бағалау;
жобаның экономикалық тиiмдiлiгін бағалау;
жобаның әсерiн бағалау;
жоба бойынша тәуекелдерді бағалау.
45. Осы Ереженiң 43-тармағында көрсетiлген құжаттаманың толық жиынын тапсырғаннан кейiн экономикалық жоспарлау жөнiндегі жергiлiктi уәкілеттi орган жергiлiктi инвестициялық жобаға экономикалық сараптама жүргiзуді ұйымдастырады және қырық бес жұмыс күнi iшiнде экономикалық сараптаманың қорытындысын жобаны iске асырудың әлеуметтiк-экономикалық орындылығы туралы шешiммен қоса атқарушы агенттiкке жiбередi.
46. Жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлеттi орган инвестициялық жоба жөнiнде қосымша ақпарат сұратуға, заңнамада белгiленген тәртiппен экономикалық сараптама жүргiзу үшiн сарапшылар мен консультанттар тартуға, инвестициялық жобаны қараудың барысында туындайтын жекелеген мәселелердi шешу үшiн жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстарды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясына енгізуге құқылы.
47. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның инвестициялық жоба экономикалық сараптамасының оң қорытындысы, ал осы Ереженiң 49-тармағының талаптарына сәйкес республикалық деңгейде келiсудi талап ететiн жобалар бойынша орталық уәкiлеттi органның жергiлiктi инвестициялық жобаны келiсу туралы оң қорытындысы жоба жөнiнде жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу үшiн негiздеме болып табылады.
48. Жергiлiктi инвестициялық жоба жөніндегі жобалау-сметалық құжаттама заңнамада белгіленген тәртiппен бекітуге жатады.
9-тарау. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
жергiлiктi инвестициялық жобаларын республикалық деңгейде келiсу
49. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi инвестициялық жобаларын республикалық деңгейде келiсудi:
1) жергiлiктi инвестициялық жобаларды қаржыландыру заңды және жеке тұлғалардан қарыз алуы нәтижесiнде жергiлiктi атқарушы орган тартатын қаражаттың есебiнен көзделетiн жағдайларда - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) жергiлiктi инвестициялық жобалардың құрамында қолданылып жүрген бағамен 100 млн. теңгеден жоғары құрылыстың сметалық құны кезiнде орталық уәкiлетті орган жүзеге асырады.
50. Осы Ереженiң 49-тармағына сәйкес келiсуге жататын жергiлiктi инвестициялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар мынадай құжаттарды қоса беру арқылы орталық уәкiлеттi органға жiбередi:
1) жобаның TЭH-i;
2) құрылыс жүргiзу құжаттамасының мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасының қорытындысы (заңнамада көзделген жағдайларда);
3) "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлік қоғамы, екiншi деңгейдегi банктердiң, осы қызметтi жүргiзу құқығына ие консалтингтік немесе аудиторлық компаниялардың, оны қайтарымды негiзде қаржыландырған кездегi жергiлiктi инвестициялық жобаның өтелiмдiлiгі туралы сараптамалық қорытындысы;
4) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның экономикалық сараптамасының қорытындысы.
51. Орталық уәкiлеттi орган жергiлiктi инвестициялық жоба жөнiнде тапсырылған құжаттарды қарайды және осы Ереженiң 50-тармағында көрсетiлген құжаттаманың толық жиынын тапсырғаннан кейiн отыз жұмыс күнiнiң iшiнде жергiлiктi инвестициялық жобаны келiсу туралы қорытындыны жергiлiктi атқарушы органға жiбередi.
52. Жергiлiктi инвестициялық жобаны келiсу туралы орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысы жергiлiктi атқарушы органдардың белгiленген тәртiппен:
1) жергiлiктi атқарушы органның қарыз алуы есебiнен қаржыландыру көзделетiн жергiлiктi инвестициялық жобаны келiсу туралы Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулысының жобасын;
2) сметалық құны қолданылып жүрген бағамен 100 млн. теңгеден жоғары жергiлiктi инвестициялық жобаның құрамындағы құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi шешiмiнiң жобасын енгізу үшiн негiз болып табылады.
10-тарау. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының
басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесiн қалыптастыру
53. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының басымды жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесi облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының бөлiмi болып табылады және жергiлiктi инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталатын бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру тiзбесiн және көлемдерiн анықтау бөлiгiнде облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджеттерiн әзiрлеу үшiн негіз қызметiн атқарады.
54. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджеттік комиссиялары айқындайтын, жоспарланатын кезеңде инвестициялық жобаларды қаржыландыру лимиттерiн ескере отырып, атқарушы агенттiктердiң өтiнiмдерi негiзiнде экономикалық жоспарлау жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджеттік комиссияларының қарауына енгізу үшiн басымды жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады.
55. Атқарушы агенттiктер мынадай талаптарды қанағаттандыратын, iске асырылатын жобаларды қоса алғанда, барлық жергiлiктi инвестициялық жобаларға бір мезгiлде өтiнiм қалыптастырады:
жоба жөнiнде жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерi бойынша белгiленген тәртіппен ресiмделген жобалық-сметалық құжаттаманың болуы (жоспарланатын үш жылдық кезеңнiң алғашқы жылында қаржыландыру көзделген жобалар үшiн);
экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi органның экономикалық сараптамасының оң қорытындысы болуы;
жергiлiктi инвестициялар жобаны келiсу туралы орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы (осы Ереженiң 49-тармағында көзделген жағдайларда).
56. Мынадай құжаттар қоса берiле отырып, жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей жыл сайын экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органға өтінiмдер берiледi:
жоспарланатын үш жыл кезеңге жобаларды қаржыландырудың жыл сайынғы болжамдық көлемдерi көрсетiле отырып, басымдық тәртібімен сараланған, облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының басымды жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесi;
осының алдындағы жылда және жобалар iске асырыла бастағаннан бергi барлық кезеңде қаржыландыру жоспары орындалмаған жағдайда бөлiнген қаражаттың тиiмдi пайдаланылмау себептерiн көрсете отырып, облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының жергілiктi инвестициялық жобаларын iске асыру туралы есептер;
жоспарланатын кезеңнiң әрбір жылына облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының жергiлiктi инвестициялық жобалары бойынша қаржыландыру көлемдерiн негiздеу;
жоспарланатын кезеңнiң бірiншi жылына инвестициялардың мәлiмделген көлемдерiн негiздейтiн құжаттама.
57. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган осы Ереженiң 56-тармағында көрсетiлген мерзiмнен кейiн берiлген немесе құжаттардың толық емес құрамымен берiлген өтiнiмдердi басымды жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгізу тұрғысында қарамайды.
58. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ұсынылған өтінiмдердi:
мемлекеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкестiгі;
жобаның техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен бірге белгiленген тәртiппен ресiмделген жобалау-сметалық құжаттамасының болуы (жоспарланатын кезеңнiң алғашқы жылында қаржыландыру көзделетiн жобалар бойынша);
құрылыс жүргiзу құжаттамасының мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген заңды тұлғаның жобалау-сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысының болуы (жоспарланатын кезеңнiң алғашқы жылында қаржыландыру көзделген жобалар бойынша);
экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның экономикалық сараптамасының оң қорытындысының болуы;
жергiлiктi инвестициялық жобаны келiсу туралы орталық уәкiлеттi органның оң қорытындысы болуы (осы Ереженiң 49-тармағында көзделген жағдайларда);
жобалар бойынша қаржыландырудың сұралатын көлемiнiң объективтiлігі мәселесi бойынша қарайды.
59. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган қараудың нәтижелерi бойынша аймақтық бағдарламалар бөлiнiсiнде, облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджеттік комиссиялары айқындаған, жергiлiктi инвестициялық жобаларды қаржыландыру лимитi шегiнде облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының басымды жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесiн қалыптастырады және оны қаржыны басқару жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi органға енгiзедi.
11-тарау. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалалары
бюджет комиссияларының облыстардың, Астана немесе Алматы
қалаларының басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының
тiзбесiн қарауы
60. Қаржыны басқару жөнiндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы қаржы жылында iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар жөніндегі шығыстар лимитiн облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджет комиссиялары айқындаған шегiнде жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн және жергілiкті бюджет қаражатынан қаржыландыру көлемдерi жөніндегі ұсыныстарды облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджет комиссияларының қарауына енгiзедi.
61. Экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiкті уәкілетті орган жергiлiктi бюджет жобасын қалыптастыру барысында облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджет комиссияларының шешiмi бойынша жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн пысықтайды және қаржыландыру көлемдерiн қайта қарайды.
62. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының бюджет комиссияларының қарау нәтижелерi бойынша аймақтық бағдарламалар бөлiгiнде жоспарланатын үш жыл кезеңге басымды жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесi облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары құрамында облыстардың, Астана немесе Алматы қалалары мәслихаттарының бекітуiне енгiзiледi.
4-бөлiм. Аудандардың (қалалардың)
жергiлiктi инвестициялық жобаларын қарау
12-тарау. Инвестициялық ұсыныстарды қарау және iрiктеу
63. Атқарушы агенттiктер аймақтық бағдарламалар негізiнде инвестициялық ұсыныстар қалыптастырады.
64. Орталық уәкiлеттi орган айқындайтын нысан бойынша ресiмделген мына құжаттар қоса берiле отырып, аудан (қала) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы бағалау жүргiзу үшiн атқарушы агенттiктер инвестициялық ұсыныстар бередi:
жобаның ақпараттық парағы;
жобаның қисынды негізделуi;
жобаны дайындаудың техникалық тапсырмасы.
65. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы жоба мақсаттарының аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарында көрсетiлген, аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi басымдықтарына сәйкестiгі, сондай-ақ аймақтық бағдарламаларға сәйкестiгi тұрғысында инвестициялық ұсыныстарды қарайды және осы Ереженiң 64-тармағында көрсетiлген құжаттама ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде атқарушы агенттiкке инвестициялық ұсынысты бағалау жөнiнде қорытынды жiбередi.
66. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органның инвестициялық ұсынысты бағалау жөніндегі оң қорытындысы жобаның TЭH-iн әзiрлеу үшiн негіз болып табылады.
13-тарау. Ауданның (қаланың) жергілiктi инвестициялық
жобаларын бағалау мен iрiктey
67. Ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобаларын бағалау жобаның TЭН-нi негiзiнде инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргiзудi көздейдi.
68. Ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобасының экономикалық сараптамасын жүргiзу үшiн мынадай құжаттардың:
1) жобаның ақпараттық парағы;
2) осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжаттар тiзбесi болуы қажет.
69. Ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобасының экономикалық сараптамасы аудан (қала) ауқымы шегiнде осы Ереженiң 44-тармағында көрсетiлген мәселелердiң қаралуын көздейдi.
70. Осы Ереженiң 68-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық жиынтығы берiлгеннен кейiн ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобасының экономикалық сараптамасын жүргiзудi ұйымдастырады және отыз жұмыс күнi iшiнде атқарушы агенттiкке жобаны iске асырудың әлеуметтiк-экономикалық орындылығы туралы шешiмiмен экономикалық сараптама қорытындысын жiбередi.
71. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн инвестициялық жоба бойынша қосымша ақпарат сұратып алуға, экономикалық сараптама жүргiзу үшiн заңдармен белгiленген тәртiппен сарапшылар мен консультанттар тартуға, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясына инвестициялық жобаны қарау барысында туындайтын жекелеген мәселелерді шешу үшiн жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқылы.
72. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органының инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы бойынша оң қорытындысы жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу үшiн негiздеме болып табылады.
73. Ауданның (қаланың) жергіліктi инвестициялық жобасы жөніндегі жобалау-сметалық құжаттама заңдармен белгiленген тәртiппен бекітуге жатады.
74. Аудандардың (қалалардың) барлық жергiлiктi инвестициялық жобалары облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органымен келiсуге жатады.
75. Осы Ереженiң 74-тармағына сәйкес аудандардың (қалалардың) жергiлiктi инвестициялық жобалары мына құжаттар қоса берiле отырып, облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органына жiберiледі:
1) жобаның TЭH-нi;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылыс құжаттамасының мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасының қорытындысы (заңнамамен көзделген жағдайларда);
3) қайтарымды негiзде қаржыландыру кезiнде жергiлiктi инвестициялық жобаның өзiн-өзi ақтауы туралы қызметтi жүргiзуге құқығы бар "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлік қоғамының, екiншi деңгейдегi банктердiң, консалтингтiк немесе аудиторлық компаниялардың сараптамалық қорытындылары;
4) ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органының экономикалық сараптамасының оң қорытындысы.
76. Облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы жергiлiктi инвестициялық жоба бойынша берiлген құжаттарды қарайды және осы Ереженiң 75-тармағында көрсетiлген құжаттамалардың толық жиыны берiлген күннен кейiн жиырма жұмыс күнi iшiнде ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi органына ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобасын келiсу туралы қорытынды жiбередi.
14-тарау. Ауданның (қаланың) басым жергiлiкті инвестициялық
жобаларының тiзбесiн қалыптастыру
77. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындайтын жоспарланатын кезеңде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың лимитiн ескере отырып, атқарушы агенттiктердiң өтiнiмдерi негiзiнде ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшiн ауданның (қаланың) басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесiн қалыптастыруды жүзеге асырады.
78. Мына талаптарды қанағаттандыратын, iске асырылатындарын қоса алғанда, атқарушы агенттiктер сонымен бір мезгiлде барлық жергiлiктi инвестициялық жобаларға өтiнiмдер қалыптастырады:
жобаның техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен белгiленген тәртiппен ресiмделген жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттаманың болуы (жоспарланатын кезеңнiң алғашқы жылында қаржыландыру көзделген жобалар бойынша);
ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлеттi органының экономикалық сараптамасының оң қорытындысы болуы;
ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобасын келiсуi туралы облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдарының оң қорытындысының болуы.
79. Өтiнiмдер жыл сайын мынадай құжаттар қоса берiле отырып, жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi органына берiледi:
жоспарланатын үш жылдық кезеңге жобаларды қаржыландырудың жыл сайынғы көлемдерiнiң болжамы көрсетiле отырып, басымдық тәртібімен сараланған ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесi;
қаржыландыру жоспары орындалмаған жағдайда бөлiнген қаражаттың тиiмсiз пайдаланылу себептерiн көрсете отырып, алдындағы жылда және жобалардың iске асырыла бастауының барлық кезеңiнде ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобаларын iске асыру туралы есептер;
жоспарланатын кезеңнiң әрбір жылына ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобалары бойынша қаржыландыру көлемдерiн негiздеу;
жоспарланатын кезеңнiң бірiншi жылына инвестициялардың мәлiмделген көлемдерiн негiздейтiн құжаттама.
80. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы осы Ереженiң 79-тармағының талаптарына сәйкес осы Ереженiң 79-тармағында көрсетiлген мерзiмнен кейiн берiлген немесе құжаттардың толық емес құрамымен берiлген өтiнiмдердi ауданның (қаланың) басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесiне енгізу тұрғысында қарамайды.
81. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы берiлген өтiнiмдердi:
мемлекеттік инвестициялар басымдықтарына сәйкестігі;
техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен белгіленген тәртіппен ресiмделген жобалау-сметалық құжаттаманың болуы (жоспарланатын кезеңнiң алғашқы жылында қаржыландыру көзделген жобалар бойынша);
Қазақстан Республикасының Үкiметі құрылыс құжаттамасының мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлғаның жобалау-сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысының болуы (жоспарланатын кезеңнiң алғашқы жылында қаржыландыру көзделген жобалар бойынша);
ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органының экономикалық сараптамасының оң қорытындысының болуы;
облыстардың, Астана немесе Алматы қалаларының экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органының ауданның (қаланың) жергілiктi инвестициялық жобасын келiсу туралы оң қорытындысының болуы;
жобалар бойынша қаржыландырудың сұралатын көлемiнiң объективтiлігі мәнi бойынша қарайды.
82. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы қараудың нәтижелерi бойынша аймақтық бағдарламалар бөлiгiнде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған ауданның (қаланың) жергiлiктi инвестициялық жобаларын қаржыландыру лимитi шегiнде ауданның (қаланың) басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесiн қалыптастырады және ауданның (қаланың) қаржыны басқару жөніндегі жергілiктi уәкiлетті органына енгiзеді.
15-тарау. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының
ауданның (қаланың) жергілiктi инвестициялық жобаларының
тізбесін қарауы
83. Ауданның (қаланың) қаржыны басқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы қаржы жылында iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған лимит шегiнде инвестициялық жобаларды ауданның (қаланың) бюджет қаражатынан қаржыландыру тiзбесi және көлемi жөніндегі ұсыныстарды ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
84. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) бюджет жобасын қалыптастыру барысында ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының шешiмi бойынша ауданның (қаланың) инвестициялық жобаларының тiзбесiн пысықтайды және қаржыландыру көлемдерiн қайта қарайды.
85. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарау нәтижелерi бойынша аймақтық бағдарламалар бөлiгiнде жоспарланатын үш жыл кезеңге арналған ауданның (қаланың) басым жергiлiктi инвестициялық жобаларының тiзбесi аудан (қала) мәслихатының бекітуiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 18 қарашадағы
№ 1219 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзiрлеудiң және жүзеге асырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 476-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 маусымдағы № 673 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 25, 233-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 қаңтардағы № 139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 58-құжат).
4. "Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы есебiнен қаржыландырылатын аймақтық инвестициялық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсу рәсiмi жөніндегі ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 шiлдедегi № 1082 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 30, 368-құжат).