Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 14 қарашадағы № 1209 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1239 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес кейбір мемлекеттік органдардың қайта ұйымдастырылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Аймақтық саясат мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 15, 163-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсiн:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымша қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Аймақтық саясат мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережедегi 9-тармақта "және сауда" деген сөздер "және бюджеттік жоспарлау" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 14 қарашадағы

№ 1209 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысына

1-қосымша

Аймақтық саясат мәселелерi жөніндегi

ведомствоаралық комиссияның құрамы

 Павлов                   - Қазақстан Республикасы
 Александр Сергеевич        Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары,
                            төраға
 Келiмбетов               - Қазақстан Республикасының
 Қайрат Нематұлы            Экономика және бюджеттік жоспарлау
                            министрi, төрағаның орынбасары
 Амангелдиев              - Қазақстан Республикасының
 Ардақ Амангелдiұлы         Экономика және бюджеттік жоспарлау
                            министрлiгі Аймақтық саясат және
                            бюджетаралык қатынастар департаментiнің
                            директоры, хатшы
 Комиссия мүшелерi:
 Әбдiқадырова             - Қазақстан Республикасының Бiлiм
 Айман Нұрқасымқызы         және ғылым вице-министрi
 Аймақов                  - Қазақстан Республикасының
 Бауыржан Жаңабекұлы        Индустрия және сауда вице-министрi
 Жолдасбаев               - Қазақстан Республикасының
 Сансызбай Елеусiзұлы       Статистика жөніндегі агенттiгі
                            төрағасының орынбасары
 Iзбанов                  - Қазақстан Республикасының Көшi-қон
 Мұхит Кәрімұлы             және демография жөніндегі агенттiгi
                            төрағасының орынбасары
 Ысқақов                  - Қазақстан Республикасының
 Нұрлан Әбдiлдаұлы          Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi
 Лавриненко               - Қазақстан Республикасының Көлiк
 Юрий Иванович              және коммуникациялар бiрiншi
                            вице-министрi
 Мусина                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
 Лилия Сәкенқызы            шаруашылығы вице-министрi
 Наймушина                - Қазақстан Республикасының
 Ольга Вадимовна            Денсаулық сақтау вице-министрi
 Нұриманов                - Қазақстан Республикасының Ұлттық
 Мақсат Әнуарбекұлы         қауіпсiздiк комитеті төрағасының
                            орынбасары (келісім бойынша)
 Оразбаев                 - Қазақстан Республикасының
 Бірлік Есiркепұлы          Энергетика және минералдық ресурстар
                            вице-министрi
 Өтеулина                 - Қазақстан Республикасының Еңбек
 Хафиза Мұхтарқызы          және халықты әлеуметтiк қорғау
                            вице-министрi